"Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорау министрiнiң 2002 жылы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақсатан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 19-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5118 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.07.28 N 237-ө бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1782 тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2002 жыл, N 18, 592-құжат, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1821 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2002 жыл, N 21, 619-құжат "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына толықтыру енгiзу туралы" 2002 жылғы 11 сәуiрдегi N 78-ө; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2061 тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2003 жыл, N 3, 776-құжат "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына толықтыру енгiзу туралы" 2002 жылғы 23 қазандағы N 246-ө; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2731 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2005 жыл, N 19, 175-құжат "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына толықтыру енгiзу туралы" 2004 жылғы 1 наурыздағы N 47-ө бұйрықтарымен; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi міндетін атқарушының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4882 тiркелген, "Заң" газетінде жарияланған, 2007 жыл, N 176 "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына толықтыру енгiзу туралы" 2007 жылғы 6 тамыздағы N 191-ө бұйрығымен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң  ережесiнде:

      10-тармағының екінші абзацы ", әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға жалпы білім беретін мектептерді ағымдық ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір пайызынан кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге бағытталған қаражаттың есебінен көрсетілетін ыстық тамақ пен көмектің және азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты аз қамтамасыз етілген азаматтарға көрсетілетін ақшалай немесе заттай түрдегі көмектің құны" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігінің
      төрағасы

      2008 жылғы 21 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады