Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағындағы шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 05 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 6 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5130 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  40-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік табиғи қорықтар аумағындағы шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрық ол ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрі
      2007 жылғы 28 желтоқсан

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2008 жылғы 10 қаңтардағы    
N 5 бұйрығымен         
бекітілген             

Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағындағы шудың және өзге
де жасанды акустикалық әсерлердің нормалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы нормалар 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  40-бабын іске асыру мақсатында әзірленді және мемлекеттік табиғи қорықтар аумағындағы шудың және инфрадыбыстың нормаларын белгілейді, меншік нысандарына, бағыныстылығы мен тиесілігіне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғалар және жеке тұлғалардың азаматтығына қарамастан олар қатысты болады.

      2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағындағы шу мен инфрадыбысты өлшеу және бағалау "МемСТ 23337-78 (СТ СЭВ 2600-80) Шу. Селитебтік аумақ пен тұрғын және қоғамдық үйлердің бөлмелеріндегі шуды өлшеу әдістері" мемлекеттік стандартына сәйкес жүргізіледі (бұдан әрі - МемСТ).

      3. Осы нормаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      шуды өлшеу бірлігі дБ (децибел) және адамның есту шегінің орташа квадраттық қысымына түсетін қысымның нақты мәнінің орташа квадраттық мәнінің он еселік ондық логарифмі - децибел А (бұдан әрі - дБА) болып табылады;
      инфрадыбыс - жиілік сипаттамалары 1-20 герц (бұдан әрі - Гц) жиілігі саласындағы шу;
      дыбыстық қысым - дыбыстың құбылуы нәтижесінде пайда болатын ауа немесе газ қысымының ауыспалы құраушысы, Паскаль (бұдан әрі - Па);
      дыбыстық қысымның деңгейлері - 9 спектр диапазонының жекелей алынған учаскесінде құбылулар нәтижесінде пайда болатын ауа немесе газ қысымының ауыспалы құраушысының логарифмдік көрсеткіштері, белгіленуі - L, дБ;
      тұрақсыз шудың барабар дыбыс (қуаты бойынша) деңгейі - белгілі бір уақыт аралығы ішінде осы тұрақсыз шу сияқты орташа квадраттық дыбыстық қысымға ие тұрақты кең өрісті шудың дыбыс деңгейі, белгіленуі - L А.   экв., дБА;
      жол берілетін шу деңгейі - шуға сезімтал жүйелер мен дыбыс талдаушылардың қатты мазалануын және олардың функционалдық жай-күйі көрсеткіштерінің елеулі өзгерістерін туғызбайтын деңгей;
      ең жоғары шекті дыбыс деңгейі - көзбен қарап есептегенде өлшеу, тура көрсететін прибордың (шу өлшегіштің) ең жоғары шекті көрсеткішіне сәйкес келетін дыбыс деңгейі немесе автоматты құрылғымен тіркеу кезінде өлшеу уақытының 1% ішінде асып түсетін дыбыс деңгейінің мәні, белгіленуі - L А.   макс., дБА;
      төмен жиіліктегі шу - жиілік сипаттамалары инфрадыбыстық және естілетін жиіліктер аралығындағы шекарада болатын шу;
      механикалық жолмен шыққан шу - машиналар мен жабдықтардың үстіңгі бетінің дірілдеуі, сондай-ақ бөлшектердің, құрастыру өлшемдерінің немесе жалпы конструкцияның құрылыстарында байқалатын жеке дара немесе ауық-ауық соққылардың салдарынан пайда болатын шу;
      әуе шуы - пайда болу көзінен бақылау орнына дейін әуе ортасында таралған шу.

  Мемлекеттік табиғи қорықтардың жануарлар дүниесіне әсер
ететін шуларды жіктеу

      4. Спектр сипаты бойынша шулар:
      ені 1 октавадан астам толассыз спектрлі кең жолақты шуларға;
      спектрінде айқын байқалатын дискретті үндер бар үнді шуларға бөлінеді. Шудың үндестілік сипаты практикалық мақсаттар үшін бір жолақтағы деңгейдің көрші жолақтардағы деңгейден әрі кеткенде 10 дБ асып түсуі бойынша жиіліктің үштен бір октавалық жолақтарындағы өлшем болып белгіленеді.

      5. Уақыт сипаттамалары бойынша шулар:
      дыбыс деңгейі МемСТ бойынша шу өлшегіштің "баяу" уақыт сипаттамасында өлшеу кезінде уақыт аралығында (күн) 5 дБ (А) көп өзгермейтін тұрақты шуларға;
      дыбыс деңгейі МемСТ бойынша шу өлшегіштің "баяу" уақыт сипаттамасында өлшеу кезінде уақыт аралығында (күн) 5 дБ (А) астам өзгеретін тұрақсыз шуларға бөлінеді.

      6. Тұрақсыз шулар:
      дыбыс деңгейі уақыт бойынша үздіксіз өзгеріп отыратын уақыт аралығындағы құбылмалы шуларға;
      дыбыс деңгейі сатылы түрде өзгеретін (5 дБ (А) және одан көп), сонымен бірге деңгейі тұрақты күйінде қалатын аралық ұзақтығы 1 секунд және одан көп уақытты құрайтын үзік шуларға;
      әрқайсысының ұзақтығы 1 секунд аз бір немесе бірнеше дыбыс белгісінен тұратын, бұл ретте МемСТ бойынша шу өлшегіштің тиісінше "импульс" және "баяу" уақыт сипаттамаларында өлшенген дыбыс деңгейлері дБ (А1) және дБ (А) алғанда кемінде 7 дБ-ға өзгешеленетін импульстік шуларға бөлінеді.

  3. Мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында шудың нормаланатын өлшемдері мен жол берілетін деңгейлері

      7. Октавалық жолақтардағы: 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц орташа геометриялық жиіліктермен L, дБ, дыбыс қысымының деңгейлері тұрақты шудың нормаланатын өлшемдері болып табылады. Болжамды бағалау үшін L А , дБА дыбыс деңгейлерін пайдалануға жол беріледі.

      8. L Aэкв, дБА барабар (энергиясы бойынша) дыбыс деңгейлері және L Aмакс, дБА ең жоғары шекті дыбыс деңгейлері тұрақсыз шудың нормаланатын өлшемдері болып табылады.
      Тұрақсыз шудың жол берілетін деңгейлерге сәйкестігін бағалау дыбыстың барабар және ең жоғары шекті деңгейлері бойынша бір мезгілде жүргізілуге тиіс. Көрсеткіштер бірінің мөлшерден асып кетуі осы нормаларға сәйкес келмеушілік ретінде қарастырылуы керек.

      9. Октавалық жиіліктер жолақтарындағы дыбыс қысымы деңгейлерінің, мемлекеттік табиғи қорықтар аумағында естілетін шудың барабар және ең жоғары шекті деңгейлерінің жол берілетін мәні осы нормаларға 1-қосымшаға сәйкес қабылданады.

      10. Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағында естілетін инфрадыбыстың және жиілігі төмен шудың дыбыс қысымы деңгейлерінің жол берілетін мәндері осы нормаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.

      11. Өлшеулер нәтижелері осы нормаларға 3-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді.

  4. Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағында шудың жайсыз әсер етуінің алдын алу жөніндегі негізгі іс-шаралар

      12. Мемлекеттік табиғи қорықтарға шудың жайсыз әсерін шектеу жөніндегі іс-шаралар МемСТ 12.1.003 83 (СТ СЭВ 1930-79) "ССБТ. Шу. Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға" сәйкес жүргізіледі.

      13. Шу шығу көзіне қатысты шудан қорғану құралдары:
      шуды оның шығу көзінде басатын құралдарға;
      шудың шығу көзінен қорғалатын объектіге дейін оның таралу жолында оны басатын құралдарға бөлінеді.

                                        Мемлекеттік табиғи қорықтар
                                          аумағындағы шудың және
                                        өзге де жасанды акустикалық
                                           әсерлердің нормаларына
                                                 1-қосымша

Тәулік
мезгілі

Орташа геометриялық жиіліктермен, Гц, октавалық жолақтардағы дыбыс қысымының деңгейлері, дБ

31,5

63

125

250

500

1000

тәулік бойы

76

59

48

40

34

30

кестенің жалғасы


Дыбыс деңгейлері
және дыбыстың
барабар деңгей-
лері (дБА)

Дыбыстың ең жоғары
шекті деңгейі L Макс ,
дБА

2000

4000

8000

270

25

23

35

50

      Ескерту:
      Нышандық және импульстік дыбыс үшін - минус 5 дБА түзетуін алу керек.

                                     Мемлекеттік табиғи қорықтар
                                        аумағындағы шудың және
                                     өзге де жасанды акустикалық
                                        әсерлердің нормаларына
                                                2-қосымша
 

Тәулік мезгілі

Орташа геометриялық
жиіліктермен, Гц, октавалық
жолақтардағы дыбыс қысымының
деңгейлері, дБ

"Желілік"
сипаттама-
сында жиілігі
бойынша түзе-
тілген дыбыс
қысымының
деңгейлері,
L, дБ

тәулік бойы

90

85

80

75

70

55

70

                                      Мемлекеттік табиғи қорықтар
                                        аумағындағы шудың және
                                     өзге де жасанды акустикалық
                                       әсерлердің нормаларына
                                              3-қосымша

                            ШУ ӨЛШЕУ
                       ХАТТАМАСЫ N_______
                       "___"___________ 20__ж.

1. Өлшеу жүргізілген орын___________________________________________
____________________________________________________________________
           (объектінің атауы және оның мекен-жайы, орманшылық,
____________________________________________________________________
                       техникалық учаске, орам)

2. Өлшеу тексеріліп отырған объекті өкілінің қатысуымен жүргізілді
____________________________________________________________________
               (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________

3.   Өлшеу құралдары________________________________________________
____________________________________________________________________
                 (атауы, түрі, түгендеу нөмірі)

4.   Мемлекеттік тексеру туралы мәліметтер__________________________
____________________________________________________________________
              (куәліктің/анықтаманың күні және нөмірі)

5. Өлшеу жүргізіліп, қорытынды беруге негіз болған нормативтік-
техникалық құжаттама________________________________________________
____________________________________________________________________

6. Шудың негізгі көздері және олар шығаратын шудың сипаты___________
____________________________________________________________________

7. Өлшеу жүргізілген уақыт__________________________________________
____________________________________________________________________

8. Шу көздері белгіленген, микрофондар (датчиктер) орнатылған және бағдарланған орындар нұсқап көрсетілген аумақтың сұлбасы.
Өлшеу нүктелерінің реттік нөмірлері.
9. Өлшеу жүргізілген ұйым___________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

10. Өлшеулер жүргізуге жауапты немесе өлшеу жүргізген адамның Т.А.Ә.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

11. Өлшеу және есептеу нәтижелері 1-нысан бойынша

                                                      1-нысан

                  Шу өлшеудің нәтижелері

N
р/с

Өлшеу орыны

Шудың сипаты

тұрақты

құбылмалы

үзік

импульстік

1

2

3

4

5

6













   кестенің жалғасы

Орташа геометриялық жиіліктермен, Гц, октавалық жолақтардағы дыбыс қысымының деңгейлері, дБ

31,5

63

125

250

500

1000

2000

4000

8000

7

8

9

10

11

12

13

14

15



















   кестенің жалғасы

Дыбыс деңгейі
(дыбыстың барабар
деңгейі) дБ

Дыбыстың ең жоғары
шекті деңгейі,
дБА/дБА1

Жол берілетін
мән (ПС немесе
дБА нормада)

16

17

18




   Өлшеуді жүргізген___________________________________________________
                     (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
Қолы

Қорытынды___________________________________________________________
                    (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
Қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады