Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.04.27 № 211 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес, автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы N 59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4568 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2007 жылғы 27 наурыздағы 45 (1248) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қозғалысты уақытша шектеулердің жыл сайынғы қолданылу мерзімі IV жол-климаттық аумаққа - тиісті жылдың 1 маусымынан бастап 31 тамызды қоса алғандағы, V жол-климаттық аумаққа - тиісті жылдың 15 мамырынан бастап 15 қыркүйекті қоса алғандағы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кезеңге белгіленсін;";
3-тармақтағы "Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті (Д.Қ. Көтербеков)" деген сөздер "Автомобиль жолдары комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "(Қ.Б. Тұрлыханов)" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтағы "Ә.Қ. Құсайыновқа" деген сөздер "Д.Қ. Көтербековке" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (З.С. Сағынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2008 жылғы "__" _________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2008 жылғы 18 ақпан
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2008 жылғы 18 ақпандағы
N 56 бұйрығына
қосымша
"Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2007 жылғы 7 мамырдағы
N 59 бұйрығына
3-қосымша
ІV жол-климаттық аумақта орналасқан облыстар тізбесі
1. Ақмола облысы
2. Ақтөбе облысы
3. Шығыс Қазақстан облысы
4. Батыс Қазақстан облысы
5. Қарағанды облысы (Қарағанды өңірі)
6. Қостанай облысы
7. Павлодар облысы
8. Солтүстік Қазақстан облысы
V жол-климаттық аумақта орналасқан облыстар тізбесі
1. Алматы облысы
2. Атырау облысы
3. Жамбыл облысы
4. Қарағанды облысы (Жезқазған өңірі)
5. Қызылорда облысы
6. Маңғыстау облысы
7. Оңтүстік Қазақстан облысы ".