Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың, ашық жинақтаушы зейнетақы қорлардың қызметін реттеп отыратын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының»"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 190 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4850 тіркелген) енгізілген өзгеріспен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:
6, 9, 10, 12, 13, 14 тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және оның қолданысы 2008 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
3. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Агенттіктің Төраға Қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымы Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төрайым