Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 86 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 26 ақпандағы N 22 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 31 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5176 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 171 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының»"Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 86  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4209 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру портфелін беру ережесіне:

      мынадай редакциядағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Осы Ереженің 9-тармағының алтыншы абзацындағы ереже сақтандырушының сақтандыру портфелін қабылдау мүмкіндігі туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның шешімі бар болған жағдайларға қатысты емес.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш.):

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттік Төрайымының Қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

       Төрайым                                       Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады