Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 86 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4209. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 171 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса беріліп отырған  Сақтандыру портфелін беру  ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментi (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы   
нарығын және қаржы ұйымдарын   
реттеу мен қадағалау агенттігі  
Басқармасының          
  2006 жылы 25 наурыздағы     
N 86 қаулысымен бекітілген   

  Сақтандыру портфелін беру ережесі

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне , "Сақтандыру қызметі туралы " Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң)  37-1 және  43-баптарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру портфелін беру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ереже мақсатында сақтандыру портфелін беру деген осы сақтандырушы сақтанушымен жасаған  сақтандыру шарттың барлығы немесе жартысының негізінде туындаған сақтандырушы өзінің құқықтары мен міндеттерін шарт (шарттар) негізінде бір немесе бірнеше сақтандырушыға беру деп танылады.

      3. Осы Ереженің қолданылуы әмбебап құқық иеленушілік кезде, мүлік кешені сияқты сақтандырушының кәсіпорнын сату кезінде, сақтандырушыны тарату кезінде сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушының құқықтары мен міндеттерінің көшу жағдайларына және Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде өзге де сақтандыру шарттары бойынша құқықтар мен міндеттердің көшу жағдайларына таратылмайды.

      4. Сақтандыру портфелін беру үшін негізі Осы Ережеге сәйкес талаптарды беру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқығы бар кез келген сақтандырушының бастамасы бойынша жасалған сақтандыру шарттары бойынша қарызды аудару (бұдан әрі - сақтандыру портфелін беру туралы шарт) немесе сақтандыру шарттары бойынша құқықтары мен міндеттерін беру болып табылады. Сақтандырушы сақтандыру портфелін беру туралы шартты ерікті тарату туралы шешімді қабылдағанға дейін кез келген уақытта жасай алады.

      5. Сақтандырушылар сақтандыру портфелін беру туралы шартты еркін түрде жасайды. Сақтандырушыларды сақтандыру портфелін беру шартын жасауда мәжбүрлеуге осындай шартты жасауға міндеті Заңмен немесе ерікті қабылданған міндеттемелермен көзделген жағдайда жол берілмейді.

      6. Сақтандыру портфелін беру сақтанушының келісімі болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      7. Сақтандыру портфелі сақтандыру сыныптарын жүзеге асыруға лицензиялары бар сақтандырушыға (сақтандырушыларға) сақтандыру портфельге енгізілетін сақтандыру шарты берілетін және Заңның  37-1-бабының 3-тармақшасымен белгіленген талаптарға сәйкес берілуі мүмкін.

      8. Сақтандырушы сақтандыру портфелін қабылдауды сақтандырушының уәкілетті органның тиісті шешімі негізінде жүзеге асырады.

      9. Сақтандырушы сақтандыру портфелін берілуі:
      Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуымен беруге жататын сақтандыру шарттарын жасаған;
      сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандырушы пруденциалдық нормативтер бойынша және сақтандыру портфелін қабылдайтын тұлғаны ескере отырып, қабылдау кезеңіне нормалар мен лимиттерді бұзбауға қойылатын өзге міндетті талаптарды бұзған;
      сақтандырушыны ауыстыруға сақтанушылардың жазбаша нысанда көрсетілген келісімі болмаған;
      сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандырушының сақтандырудың осы сыныбы (сыныптары) бойынша лицензиясы болмаған;
      сақтандыру портфелін беретін сақтандырушының сақтандыру портфелін беру бойынша міндеттемелерді (сақтандыру резервтерді) өтеуге жеткілікті активтері болмаған жағдайларда жол берілмейді.

      9-1. Осы Ереженің 9-тармағының алтыншы абзацындағы ереже сақтандырушының сақтандыру портфелін қабылдау мүмкіндігі туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның шешімі бар болған жағдайларға қатысты емес.
       Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.02.26  N 22 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

  2-тарау. Сақтандыру портфелінің құрамы

      10. Бір сақтандыру шарттан туындаған құқықтар мен міндеттер тек бір сақтандырушыға ғана берілуі мүмкін.

      11. Беруге жататын сақтандыру портфелі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуымен жасалған, бұл мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіппен жарамсыздығына тартылатын сақтандыру шартына енгізілмеуі тиіс.

      12. Сақтандыру портфелі өзіне сақтандырудың бір не кез келген сыныптарына жататын сақтандыру шартын енгізу мүмкін.

      13. Беруге жататын сақтандыру портфеліне сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандырушы (сақтанушы, қайта сақтанушы, қайта сақтандырушы) тарап болып табылатын сақтандыру шартына енгізілмеуі мүмкін.

      14. Сақтандыру шартынан туындаған және шарттың тоқтатылуына оның ішінде оның қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты тоқтатылмаған құқықтар мен міндеттері сақтандыру портфелінің құрамына енгізілуі мүмкін.

      15. Сақтандыру шарты бойынша орындалмаған үстеме міндеттемелер болған кезде осы сақтандыру шарттан туындаған, осы шарт бойынша сақтандырушының борышкері немесе кредиторлардың құқықтары мен міндеттері бір мезгілде жіберілмей тек құқықтар немесе тек міндеттер ғана берілмеуі мүмкін.

      16. Егер бір сақтандыру шартынан сақтандыру міндеттемелерінен басқа өзге міндеттемелер туындаған жағдайда, онда сақтандырушының құқықтар мен міндеттерінің берілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен өзге міндеттемелер бойынша оның құқықтар мен міндеттерін бір мезгілде бермей сақтандыру міндеттемелері бойынша жүзеге асырылмауы мүмкін.

      17. Сақтандыру шарттары бойынша құқықтар мен міндеттерді беруімен бір мезгілде қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушы-қайта сақтанушының сақтандыру портфелін беретін тұлғаның құқықтары мен міндеттерін беруі мүмкін, ол бойынша сақтандыру портфелінің құрамына берілетін құқықтар мен міндеттерінен туындаған сақтандыру шарттары бойынша бұл сақтандырушы өзіне қабылдаған сақтандыру төлемнің тәуекелі сақтандырылған.
      Егер қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандырушының-қайта сақтанушының сақтандыру портфелін беретін тұлғаның құқықтар мен міндеттері бір мезгілде оның сақтандыру шарттарынан туындаған құқықтары мен міндеттері, осы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырылған төлем тәуекелі берілмеген жағдайда, онда сақтандырушы-қайта сақтанушы қайта сақтандыру объектісі толық немесе ішінара жұмысының тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

      18. Сақтандыру портфелін берген кезде сақтандыру шарттарын беру бойынша сақтандыру портфелін беретін сақтандырушының құқықтары мен міндеттері сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандырушыға сақтандыру портфелін беру кезінде болатын сол көлемде және сол талаптарда көшеді.

      19. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандырушы сақтандыру портфелін беру туралы шартта көрсетілген сақтандыру шарттары бойынша құқықтар мен міндеттері оған көшкен кезден бастап барлық тоқтатылмаған құқықтары болады және берілетін сақтандыру шартының күшіне енген кезден бастап туындаған сақтандырушының тоқтатылмаған міндеттеріне жауап береді.

      20. Сақтандырушы басқа сақтандырушыға (сақтандырушыларға) сақтандыру портфелін бергенге дейін сақтандыру шарттардың тізілімін жасайды, ол бойынша құқықтары мен міндеттері осы Ереженің  1-қосымшасына сәйкес берілетін сақтандыру портфелінің (бұдан әрі - Тізілім) құрамына енгізуді ұсынады.
      Тізілім сақтандыру сыныптары бойынша жасалады.
      Тізілімге сақтандырудың әрбір шарты бойынша мынадай ақпараттар енгізіледі:
      1) шарттың деректемелері (нөмірі, жасаған күні, атауы не сақтанушының аты-жөні (әкесінің аты - болған жағдайда) сақтандыру шартының қолдану мерзімі, сақтандыру кезеңі, сақтандыру сыныбы, сақтандыру объектісі, сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері және шарттың басқа талаптары);
      2) сақтандыру шарты бойынша сақтандырушының құқықтары (төленбеген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, мерзімін кейінге қалдырып төлеуді немесе бөліп төлеуді ескере отырып сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімі, сақтандыру сыйлықақысын төлеу мөлшері мен өткен мерзімі және сақтандырушының басқа да құқықтары);
      3) сақтандыру шарты бойынша сақтандырушының міндеттері (сақтандыру сомасының мөлшері, жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері, жарияланған, бірақ реттелмеген шығындар және сақтандырушының басқа міндеттері);
      4) сақтандыру портфелін беруге сақтанушының келісімін алу туралы мәліметтері;
      5) сақтандыру шарты бойынша қосымша ақпараты.
      Тізілім онда бар жаңа ақпаратты өзгерту немесе алу қажеттілігі бойынша жаңартылуы тиіс (шартты бұзу, сақтандыру шартын беруге сақтанушыдан келісім алу немесе бас тарту, сақтандыру жағдайы туралы өтініш алу, сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын төлеуі, жүзеге асырылған сақтандыру төлемі және басқа да ақпараттардың өзгерістері).

      21. Тізілім жасағаннан кейін сақтандырушы актуарий жүзеге асыратын сақтандыру міндеттемелерін беруге болжанып отырған тиісінше сақтандыру резервтер мөлшеріне алдын ала есептеу жүргізеді.

      22. Сақтандыру резервтерінің алдын ала мөлшерін айқындағаннан кейін сақтандырушы сақтандыру портфелімен бірге беруге болжанып отырған активтердің тізбесін жасайды.
      Активтер тізбесі мыналарды қамтуы тиіс:
      1) сақтандыру міндеттемелерін беруге болжанып отырған тиісінше сақтандыру резервтерінің алдын ала мөлшерінің шамасы;
      2) сақтандыру портфелінің құрамында берілуге тиіс активтердің мөлшері, түрі және тізбесі (сақтанушының дебиторлық берешегі және басқа активтер);
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін пруденциалдық нормативтерді белгілейтін нормативтік құқықтық кесімнің талаптарына (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес сақтандыру резервтерін өтеуде қабылданатын активтеріне сәйкес келетін активтердің мөлшері, түрі және тізбесі;
      4) жеткіліксіз сомасына өзге активтердің мөлшері, түрі мен тізбесі және Қаулыға сәйкес сақтандыру резервтерін өтеуге қабылданатын активтерге сәйкес келетін активтерге оларды ауыстыру түрлері (сақтандыру міндеттемелерін беруге болжанып отырған тиісінше сақтандыру резервтердің мөлшеріне қатысты Қаулының талаптарына сәйкес сақтандыру резервтерін өтеуге қабылданатын активтерге сәйкес келетін активтер мөлшерінің жеткіліксіз жағдайда).

      23. Қажеттілік болған жағдайда, сақтандыру портфелін беретін сақтандырушы Қаулыға сәйкес келмейтін және сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандырушы қабылдамайтын (сатады, ауыстырады және басқа операциялар) сақтандыру портфелімен бірге берілетін активтерді ауыстыруға бағытталған іс-шараларды жүргізеді.

      24. Нақты сақтандыру шарты бойынша сақтандырушыны ауыстыруға қажетті келісім алу қажеттілігі бойынша сақтандыру портфелін беретін сақтандырушы әрбір осындай шарт бойынша сақтандыру портфелін беруімен бір мезгілде беруге жататын құжаттар жиынтығын құрастырады.

      25. Сақтандыру портфелінің құрамында сақтандыру шарттарын беруге сақтанушыдан келісім алу үшін мерзімі аяқталғаннан кейін сақтандырушы Тізілімге тиісті өзгерістер енгізеді және сақтандыру портфелін беру туралы шартты дайындауды және оның талаптарын сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандырушымен бірге келісуді бастайды.

      26. Сақтандыру портфелін беру туралы шартты жасағаннан кейін сақтандыру портфелін беретін сақтандырушы сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандырушыға сақтандыру портфелін беру туралы шартта тараптар келісілген мерзімде, тәртіпте және талаптарында сақтандыру портфеліне жататын барлық құжаттарды, тиісті сақтандыру міндеттемелеріне берілетін сақтандыру резервтерінің мөлшеріндегі активтер, сақтандыру портфелін беру туралы шарт талаптарына сәйкес ақпарат және басқа мәліметтер мен құжаттарды береді.

      27. Берілген сақтандыру портфеліне енгізілген құқықтар мен міндеттердің көшу кезінен бастап сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандырушы берілген сақтандыру портфелі бойынша барлық құқықтарға иеленеді және міндеттерге жауап береді. Сақтандыру портфелін берген сақтандырушы сақтандыру портфелін беру туралы шартта тараптармен келісілген талаптарда сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандырушыға сақтандыру портфелін бергеннен кейін сақтандыру портфелін берген сақтандырушыға келіп түскен барлық құжаттар мен ақпаратты береді.

      28. Сақтандыру портфелін беретін сақтандырушы тиісті сақтандыру портфелін беретін сақтандыру резервтерінің мөлшерін есептеу үшін сақтандыру портфелін беру күніне актуарийді тартады. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандырушы сақтандыру резервтерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру дұрыстылығын тексеру үшін актуарийді тарту мүмкін.

  3-тарау. Сақтандыру портфеліне енгізілген құқықтар
мен міндеттерді беруге сақтанушының
келісімін алу тәртібі

      29. Сақтандырушыны ауыстыруға сақтанушының келісімін алу үшін сақтандыру портфелін беретін сақтандырушы сақтанушыға осы Ереженің  2-қосымшасына сәйкес жазбаша сұрату жібереді.

      30. Қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушыны (қайта сақтанушыны) ауыстыруға қайта сақтанушының (қайта сақтандырушының) келісімі егер, сақтандыру портфелін беру туралы шарттың мазмұнында қайта сақтандырушының (қайта сақтанушының) ауыстыруға қайта сақтанушының (қайта сақтандырушының) келісімі туралы ереже болған және оған қайта сақтандырушы (қайта сақтанушы) қол қойған жағдайда алынды деп есептелінеді.

      31. Сақтандырушыны ауыстыруға сақтанушының келісімі туралы сұрату мазмұнында олар жауап беруге тиісті күні болу мүмкін. Сақтандырушыны ауыстыруға келісім туралы сұрату адресатқа өз қолына қолхатпен немесе сұратудың дерегін және алған күнін растайтын өзге тәсілмен берілуі мүмкін.

      32. Сақтандырушы сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандырушыны ауыстыруға сақтанушының алдын ала келісімді кейіннен ауыстыру болғаны туралы хабардар ету шартымен алу мүмкін. Көрсетілген тұлғалардың алдын ала келісімде сақтандырушы жауап беруге тиісті, оған шарт бойынша құқықтар мен міндеттер берілетін критерийлер белгіленуі мүмкін.

      33. Сақтандырушыны ауыстыруға келісімі туралы сақтанушыларға берілетін сұратуында сақтандырушы олардың сақтандырушыны ауыстырудан және сақтандыру шартының мерзімін ұзартудан бас тартуға құқығын түсіндіреді. Егер сақтанушы алдыңғы сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақтандыру шартының мерзімін ұзарту бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеген жағдайда, онда мерзімі ұзартылған шарт оған қойылатын талаптарды ескере отырып, берілетін сақтандыру портфеліне енгізілуі мүмкін.

      34. Егер сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандырушының сақтандыру ережесі сақтандыру портфелінің құрамында берілетін сақтандыру шарттарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сақтандырушыны ауыстыруға келісімі туралы сұратуымен бір мезгілде сақтанушыға шарттың талаптары өзгеруіне және (немесе) сақтандырудың жаңа ережелеріне оферта жіберіледі.

      35. Сақтандырушыны ауыстыруға келісімі туралы сұратуымен бір мезгілде немесе сақтандыру портфелін бергеннен кейін сақтандыру портфелін берген сақтандырушы сақтанушыға сақтандыру портфелін беру болжанған күні немесе болғаны туралы хабардар етеді және оған сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандырушы туралы ақпаратты хабарлайды (мекен-жайы, телефондары, Қазақстан Республикасындағы сақтандырушының өкілдері туралы ақпаратты, олардың жұмыс уақыты туралы және сақтандыру шарты бойынша олардың құқықтары мен міндеттемелерін бұдан әрі іске асыру үшін қажетті басқа ақпаратты).
      Сақтандырушы сақтанушыға сақтандырушыны ауыстыру болғаны туралы хабарлау және көрсетілген ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы жаңа сақтандырушы туралы ақпаратты жіберуі мүмкін.

  4-тарау. Сақтанушының сақтандыру портфелін
беруге келісімі алынбаған салдары

      36. Сақтандырушы сақтандыру шарттарын егер сақтанушылар сақтандырушыны ауыстырудан бас тартқан жағдайда, бермеуге тиіс.

      37. Сақтандырушы сақтанушыдан сұратуда көрсетілген мерзімде сақтандыру шартта мазмұнында сақтандырушыны ауыстыруға келісімі немесе бас тарту бар жазбаша жауабын алмаған жағдайда, келісім алынбады деп есептелінеді және сақтандырушы осындай сақтандыру шартты берілетін сақтандыру портфеліне енгізбейді.

      38. Егер сақтандырушыны ауыстыруға келісімі туралы сұратуымен бір мезгілде сақтанушыға шарттың талаптары өзгеруіне және (немесе) сақтандырудың жаңа ережелеріне оферта жіберілген және сақтанушы сақтандыру шартының талаптарын өзгертуден бас тартқан жағдайда, онда сақтандырушыны ауыстыруға сақтанушының келісімі алынбады деп есептелінеді.

      39. Сақтандыру портфелін беру мүмкіндігі сақтанушыдан сақтандыру портфелін беруге келісімі алынбаған себебінен барлық жағдайларда сақтандыру міндеттемелерде тұлғаларды ауыстыру жүргізілмейді және осы шарт оның тараптарына және өзге қатысушыларға (сақтандырушыға, сақтанушыға, өзге кредиторға (пайда алушыға)) қатысты одан әрі қолданыста болады.

      40. Заңмен немесе шартпен көзделген жағдайда, сақтандыру портфелінің құрамына берілмеген сақтандыру шарты өзгертілуі, бұзылуы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта белгіленген тәртіппен және талаптарында өзге тәсілмен тоқтатылуы мүмкін.

      41. Сақтандыру портфелінің құрамында қандай болмасын сақтандыру шартын беруге мүмкіндігі болмаған кезде, осы шартта сақтандырушыны ауыстыруға келісім берген сақтанушылар сақтандыру міндеттемесінде тұлғалардың ауыстырылуы болмағаны туралы хабардар болады.

  5-тарау. Сақтандыру портфелін беру туралы шарт

      42. Сақтандыру портфелін беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалады.

      43. Сақтандыру портфелін беру туралы шарт өзіне мынадай:
      1) сақтандыру портфеліне берілетін сақтандыру шарттары туралы (нөмірі, жасаған күні, сақтанушы, қолдану мерзімі, шартта негізделген сақтандыру кезеңі, сақтандыру сыныбы, сақтандыру объектісі, сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшері және басқа деректер);
      2) сақтандыру портфеліне берілетін сақтандыру шарттарында көзделген құқықтары мен міндеттері туралы (төленбеген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, мерзімін кейінге қалдырып төлеуді немесе бөліп төлеуді ескере отырып сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімі, сақтандыру сыйлықақысын төлеу мөлшері мен өткен мерзімі, жасалған сақтандыру төлемдері, жарияланған, бірақ реттелмеген шығындар және басқа деректер);
      3) сақтандыру шарттарын беру күні туралы;
      4) берілетін сақтандыру шарттары бойынша құжаттарды, сондай-ақ сақтандыру шарттың орындалуын көрсететін құжаттарды (сақтандыру шарттың түпнұсқалары, сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) төлеуін растайтын құжаттары, сақтандырушы сақтандыру жағдайларын реттеу кезде жинаған құжаттарды, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды растайтын құжаттаманы, реттелмеген сақтандыру жағдайлары бойынша құжаттарды және басқа құжаттарды) беру тәртібі мен мерзімдері туралы;
      5) сақтандыру портфелін бергеннен кейін сақтандыру портфелін беретін сақтандырушыға түсетін берілген сақтандыру портфелі бойынша құжаттарды және ақпараттарды беру тәртібі мен мерзімдері туралы;
      6) сақтандыру портфелін беру күніне лайықты және берілетін сақтандыру шарттарына сәйкес сақтандыру резервтерінің мөлшері туралы;
      7) берілетін активтердің мөлшері мен құрамы және оларды беру туралы талаптар енгізеді.

      44. Сақтандыру портфелін беру немесе қабылдау бастамасымен сақтандыру портфелін беруге ниет білдіруші ретінде, сол сияқты тиісті сақтандыру портфелін қабылдауға ниет білдіруші ретінде сақтандырушы бола алады.
      Сақтандырушыға сақтандыру портфелін беру туралы барлық маңызды шарттың талаптары мәлім болған, оны беруге тиісті келісімдер алған және сақтандыру портфелін беруге қажетті өзге талаптар бұзылмаған жағдайда, сақтандырушы бір немесе бірнеше сақтандырушыларға сақтандыру портфелін беру туралы шарт жасау ұсынысымен оферта жіберуі мүмкін.
      Сақтандыру портфелін беру туралы шартты жасау ұсынысын сақтандырушы жария оферта арқылы жасауы мүмкін.
      Егер сақтандырушы сақтандыру портфелін беруге ниет білдірсе, бірақ оған берілетін сақтандыру портфелінің құрамына енгізуге жататын құқықтар мен міндеттерінің түпкілікті көлеміне қатысты сақтандыру портфелін беру туралы шарттың барлық талаптары мәлім болмағанда, сақтандырушылар сақтандыру портфелін беру туралы алдын ала шарт жасауы мүмкін.
      Сақтандырушылар сақтандыру портфелін беру туралы алдын ала шарты бойынша болашақта сақтандыру портфелін беру туралы шартты (негізгі шарт) алдын ала шартта көзделген талаптарда жасайды.
      Алдын ала шарт жазбаша нысанда жасалады, онда мәнін белгілеуге мүмкіндік тудыратын жағдайлары, сондай-ақ тараптар негізгі шартты жасауға міндеттенетін мерзімін көрсете отырып, сақтандыру портфелін беру туралы негізгі шарттың маңызды жағдайлары болуы тиіс.
      Сақтандыру портфелін беретін сақтандырушы құжаттарды осы Ереженің  3-қосымшасына сәйкес қабылдау-өткізу актісі бойынша береді.
      Беретін сол сияқты қабылдайтын сақтандырушының мөрмен куәландырылған берілген құжаттардың көшірмелері сақтандыру портфелін беретін сақтандырушыда сақталады.

  6-тарау. Қорытынды ережелер

      45. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру барысында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.

      46. Сақтандыру портфелін берген және алған сақтандырушылар белгіленген талаптардың бұзылуына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауап береді.  K010155

                                          Сақтандыру портфелін беру
                                           Ережесінің 1-қосымшасы

      Сақтандыру шарттың тізілімі, ол бойынша құқықтар
       мен міндеттер берілетін сақтандыру портфелінің
                құрамына енгізілу болжанады

Сақтандыру шарттың (сақтандыру полистің) нөмірі 








Сақтандыру сыныбы








Сақтандыру шартын жасаған күні








Сақтандыру шарты күшіне енген күні/сақтандыру шарттың қолданылу мерзімі








Сақтандыру шартымен негізделген сақтандыру кезеңі








Сақтандыру сомасының (сомаларының) мөлшері (мөлшерлері) 








Есептелген сақтандыру сыйлықақысының (жарналарының) мөлшері








Сақтандыру сыйлықақысы (жарнасы) есептелетін күні








Сақтандыру сыйлықақысын (жарналарын) төлеу мөлшері (мөлшерлері) және күні (күндері) 








Сақтандыру шартын тоқтату күні








Сақтанушыларға қайтаруға жатқызылатын сақтандыру сыйлықақысының (жарналарының) мөлшері 








Сақтандыру сыйлықақысының (жарналарының) қайтару мерзімі








Сақтандыру жағдайы (жағдайлары) туралы өтініш түскен күні (күндері) 








Сақтандыру жағдайының (жағдайларының) басталған күні (күндері)








Жарияланған, бірақ реттелмеген шығынның (шығындардың) мөлшері (мөлшерлері) 








Жарияланған шығынның оны реттеу нәтижесіндегі мөлшері (мөлшерлері)








Сақтандыру төлемін (төлемдерін) жасаған күні








Сақтандыру төлемін (төлемдерін) жасаған мөлшері (мөлшерлері)








Сақтандыру төлемін (төлемдерін) жасамаған мерзімі








Сақтандыру төлемін (төлемдерін) жасамаған мөлшері (мөлшерлері)








Сақтандыру төлемінен (төлемдерінен) бас тарту күні








Сақтандыру шарты бойынша қалыптастырылған сақтандыру резервтің мөлшері (мөлшерлері) 








Сақтандыру портфелін беруге келісім алу туралы мәліметтер








Сақтандыру шарты бойынша қосымша ақпарат








  Күні                                                         Қолы

Сақтандыру портфелін беру  
Ережесінің 2-қосымшасы    

Сақтандыру портфелін беретін
сақтандырушының бланкісінде толтырылады

      Сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушыны ауыстыруға сақтанушының келісімі туралы сұрату

      Сіздерге өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді беру ниетіміз туралы хабардар етеміз _____ ______ N, ол бойынша Сіз сақтандырудың тиісті сыныбында ______ N _______ лицензиясы бар __________________ сақтандыру ұйымының сақтанушысы болып табыласыз.
      Көрсетілген өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді беру нәтижесінде __________________ сақтандыру ұйымы көрсетілген сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы болады және оны бұдан әрі оның талаптарына сәйкес орындайды немесе оны мына жағдайларда орындайды (өзгертілген жағдайларды көрсету немесе сақтандырудың жаңа ережелерін қоса беру).
      Көрсетілген сақтандыру шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді беру үшін Сіздің жазбаша келісіміңізді алуымыз қажет.
      Сақтандыру ұйымын (сақтандырушыны) ауыстырудан бас тартуға құқығыңыз бар.
      Егер Сіз ______________ сақтандыру ұйымына сақтандырушыны ауыстырғаннан кейін сақтандыру шартын өзгертуге келіспесеңіз Сіздің, бұл сақтандырушыны ауыстырудан бас тартып отырғандығыңызды білдіретіндігіне назар аударамыз.
      (Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен сақтандыру шартын бұзу көзделсе, сақтандырушыны ауыстырғанда келіспеген кезде осындай шарттар бұзылуға жататындығын көрсету керек)
      Сізді мына төмендегі бағанды таңдаған жауап нұсқасын V белгісімен белгілеп толтыруды және осы хатты "_______ " _________ кешіктірмей біздің мекен-жайымызға жіберуіңізді өтінеміз.
___________________________________________________________________
  (сақтандырушының қарауы бойынша қосымша ақпарат көрсетіледі)

Мен, _____________________________________________________________,

Аты-жөнін атап көрсету
___________ сақтандыру ұйымына сақтандырушыны ауыстыруға келісемін.
__________ сақтандыру ұйымына сақтандырушыны ауыстыруға келіспеймін.
_____________ сақтандыру шартын бұзуға келісемін

________ жылғы "_____________"
толтырған күні

қолы

Сақтандыру портфелін беру  
Ережесінің 3-қосымшасы    

Құжаттардың қабылдау-өткізу актісі

      Сақтандыру портфелін беру туралы _________ жылғы ____ N____________ Шарты бойынша 
 
  ____________ қаласы                  _____жылғы "___" ________

      ____________ сақтандыру ұйымы ____________ негізінде іс-әрекет ететін ____________ арқылы, бұдан әрі "1-тарап" деп аталады бір жағынан және ____________ сақтандыру ұйымы, негізінде іс-әрекет ететін ____________ арқылы, бұдан әрі "2-тарап" деп аталады екінші жағынан, бұдан әрі бірігіп "Тараптар" деп аталады да осы Сақтандыру портфелін беру туралы ______ жылғы ________ N________ Тараптар арасында жасалған шарттың (бұдан әрі - Шарт) құжаттардың қабылдау-өткізу актісіне қол қойды:
      1. Осы Акт 1-тараптың құжаттарды бергені, ал 2-тараптың осы Актінің қосымшасына сәйкес құжаттарды алғаны туралы жасалады.
      2. 2-тарап құжаттардың тізбесіне талап-шағым қойылмайды.
      3. Осы Акт екі данада жасалды және оған қол қойылды, әрқайсысының заң күші бірдей.
      4. Тараптардың қарауы бойынша басқа мәліметтер. 
      5. Тараптардың мекен-жайы және деректемелері.

      1-тарап:
      2-тарап:

1-тарап:                                 2-тарап:
_________________ (қолы)                 ________________ (қолы)
     мөр орны                                мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады