"Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған Ортаны Қорғау министрінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 62-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 7 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5181 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 280 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4825 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 тамыздағы N 128 (1331) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      37-тармақта "ҚОӘБ қызметкерлерін алып тастағанда" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрық ол алғашқы рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Н. Ысқақов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады