"Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 287 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 16 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5236 болып енгізілді.

        Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз

        БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583  бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5036 тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпандағы N 16 (1416) "Заң газетінде" жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінде:
      үшінші тармақтың үшінші абзацында "қызметкері" деген сөзден кейін "(жоғары оқу орындарынан басқа);" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

       Министр                                          Ж. Түймебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады