"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізүдің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 360 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 19 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5242 болып енгізілді.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының  5-бабы 19-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5191 болып тіркелген, 2008 ж. 30 мамырдағы N 81 (1307) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне  1-қосымша , осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім департаменті (С. М. Өмірбаев):

      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                           Ж. Түймебаев

                                           Қазақстан Республикасы
                                        Білім және ғылым министрінің
                                          2008 жылғы»18 маусымдағы
                                           N 360 бұйрығына қосымша

                         Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің
                     білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
                          білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың
                        үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық
                        және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне
                                                           1-қосымша

        ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы
            аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы

N
р/с

Пән

2 (қанағат-
танарлық-
сыз)

3 (қанағат-
танарлық)

4 (жақсы)

5 (үздік)

1.

Қазақ тілі

0-2

3-13

14-20

21-25

2.

Орыс тілі

0-2

3-13

14-20

21-25

3.

Қазақстан тарихы

0-2

3-13

14-20

21-25

4.

Математика

0-2

3-11

12-19

20-25

5.

Физика

0-2

3-11

12-19

20-25

6.

Химия

0-2

3-11

12-19

20-25

7.

Биология

0-2

3-13

14-20

21-25

8.

География

0-2

3-13

14-20

21-25

9.

Дүниежүзі тарихы

0-2

3-13

14-20

21-25

10.

Қазақ әдебиеті

0-2

3-13

14-20

21-25

11.

Орыс әдебиеті

0-2

3-13

14-20

21-25

12.

Ағылшын тілі

0-2

3-13

14-20

21-25

13.

Неміс тілі

0-2

3-13

14-20

21-25

14.

Француз тілі

0-2

3-13

14-20

21-25

15.

Қазақ тілі орыс
мектептеріне
арналған

0-2

3-11

12-17

18-25

16.

Орыс тілі қазақ
мектептеріне
арналған

0-2

3-11

12-17

18-25

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады