"Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 23 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2008 жылғы 30 мамырдағы N 26 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 25 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5247 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 10.07.2014 № 71 бұйрығымен (бірінші ресми түрде жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі).

      Арнайы есептің жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың тәртібін жетілдіру және 2007 жылдың 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына    cәйкестендіру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңы  11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 23  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2843 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 19 қыркүйектегі N 52 "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4422 санымен тіркелген), 2007 жылғы 17 тамыздағы N 33 "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4924 санымен тіркелген) бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) келесі толықтыру енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасының N 10 қосымшасында:

      Тегi бойынша және дактилоскопиялық картотекаларда есептiк құжаттарды сақтау мерзiмдерi Тізбесінің 1-тармағы келесі мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған тұлғалардың әліпбилік есептік кәртішкелері тегi бойынша картотекаларда ұдайы сақталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін (Г.В. Ким).

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                    Р. Түсіпбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады