"Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 241 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 103 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 25 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5271 болып енгізілді.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4945 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, N 10, 283 құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесінде:

      1-тармақта "кодексіне" деген сөз "және Су кодекстеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "Құжаттарды қабылдаған кезде жеке басты растайтын құжаттар тиісінше тексерілген соң өтініш берушіге қайтарылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:
      " 3. Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін
            мемлекеттік тіркеудің ерекшеліктері
      21. Гидромелиоративтік кондоминиум - біртұтас мүліктік кешен (бұдан әрі - гидромелиоративтік кондоминиум объектісі) ретінде жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны, бұл ретте жер учаскелеріне заттық құқық жеке және заңды тұлғалардың иелігінде, ал гидромелиоративтік жүйе немесе оның элементтері ортақ үлестік меншік құқығында олардың иелігінде болады.
      22. Гидромелиоративтік кондоминиумның объектісі деп жер учаскелерінен, гидромелиоративтік жүйе немесе оның элементтерінен тұратын мүліктік кешен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін жылжымайтын мүлікке гидромелиоративтік кондоминиум нысанындағы меншік танылады.
      23. Егер гидромелиоративтік кондоминиум қатысушыларының келісімімен өзгеше белгіленген болмаса, ортақ мүліктегі гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың үлесінің мөлшері бөлек (жеке) меншікте (өзге де заттық құқықта) тұрған суармалы жер учаскесі ауданының осы гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін барлық суармалы жер учаскелерінің аудандарының сомасына қатынасымен айқындалады. Гидромелиоративтік кондоминиум мүлігіндегі мұндай үлес зат түрінде бөліне алмайды (мінсіз үлес).
      Осындай үлестердің есебі туралы құжатты гидромелиоративтік кондоминиум қатысушылары осы Ереженің 25-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге тапсырады.
      24. Гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін жер учаскелерінің және/немесе гидромелиоративтік кондоминиумнің барлық объектісінің шекаралары өзгерген кезде гидромелиоративтік кондоминиум қатысушылары не уәкілетті өкілдері тіркеуші органға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш береді. Тіркеу құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бұл ретте осы Ережеде белгіленген тәртіппен жасалады.
      25. Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер немесе уәкілетті өкіл тіркеуші органға мынадай құжаттар ұсынады:
      1) осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтініш;
      2) су шаруашылығы құрылыстарының гидромелиоративтік жүйесінің паспорты;
      3) гидромелиоративтік жүйе элементтері және ортақ үлестік меншік құрамына кіретін басқа да мүлік тізбесімен (каналдар, су беруді реттейтін құрылыстар, коллекторлы-кәрізді желі, тік кәріздеу ұңғымалар, электр желісі, электрлік құрал-жабдықтар, сораптар, осы құрылыстардың бұру жолақтарындағы жерлер) гидромелиоративтік жүйенің сызбасын;
      4) гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін және бөлек (жеке) меншікте (өзге құқықта) тұратын барлық жер учаскелеріне құқық белгілеуші және сәйкестендіруші құжаттардың көшірмелеріне қоса гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың тізімі;
      5) гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың келісімімен немесе осы Ереженің 23-тармағында көзделген тәртіппен белгіленген ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері;
      6) өкілдің жеке басын және өкілеттігін растайтын құжаттары.
      Құжаттарды қабылдаған кезде жеке басты растайтын құжаттар тиісінше тексерілген соң өтініш берушіге қайтарылады.".

      2. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                                   3. Балиева

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      2008 жылғы 28 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады