Салық қызметі органдары мен салық төлеушілер (салық агенттері) арасындағы электронды ақпарат алмасу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 8 шілдедегі N 318 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 7 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5281 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 634 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.30 N 634 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      2001 жылғы 12 маусымдағы»"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 11-бабы 1-1-тармағына, 13-бабы 3-тармағына және  16-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса беріліп отырған Салық қызметі органдары мен салық төлеушілер (салық агенттері) арасындағы электронды ақпарат алмасу ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Рахметов Н.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Н.Қ. Рахметовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2008 жылғы 8 шілдедегі 
N 318 бұйрығымен бекітілді

Салық қызметі органдары мен салық төлеушілер (салық
агенттері) арасындағы электронды ақпарат алмасу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Салық қызметі органдары мен салық төлеушілер (салық агенттері) арасындағы электронды ақпарат алмасу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық төлеушілер (салық агенттері) мен салық қызметі органдарының электронды құжат алмасу кезіндегі олардың арасындағы қатынастарды реттейді.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен айқындаулар пайдаланылады:

      1) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті - тіркеу куәлігінің иесіне белгілі және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық, цифрлық нышандар дәйектілігі;

      2) крипттографиялық кілт - электронды құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаның жасау және шынайлыған анықтау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық және жабық кілті;

      3) салық қызметі органдарымен алмасуды электрондық құжат арқылы жасайтын салық төлеуші (салық агенті) - салық қызметі органдарымен салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық құжат алмасу туралы келісімін (бұдан әрі - Келісім) жасасқан салық төлеуші (салық агенті);

      4) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті - кез келген тұлғаның қолы жететін және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі;

      5) Хабарламаларды кепілдендірілген жеткізу жүйесі (бұдан әрі - ХКЖЖ) - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің электронды құжаттарды тасымалдау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуі;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) - ЭЦҚ құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

      7) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда табыс етілген және ЭЦҚ арқылы куәландырылған құжат;

      8) салық төлеушілер (салық агенттері) мен салық қызметі органдары арасында электронды құжат алмасу - осы Ережеге 1-қосымшасында анықталған электрондық құжаттармен алмасу.

2. Салық қызметі органдарымен алмасуды электронды құжат
арқылы жасайтын салық төлеуші (салық агенті) ретінде тіркеу

      3. Салық қызметі органдарымен алмасуды электронды құжат арқылы жасайтын салық төлеуші (салық агенті) ретінде тіркеу салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемелерін электронды түрде орындау міндеттемесі болып табылмайды.

      4. Жасау және беру тәртібі осы Ережелерде айқындалған Өтінішті:

      1) салық төлеуші (салық агенті) немесе салық төлеушінің уәкілетті өкілі:
      заңды тұлға (құрылымдық бөлімше) - орналасқан орны бойынша; жеке кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус - тұрғылықты жері бойынша немесе қызметін жүзеге асыру орны бойынша;
      жеке тұлға - нақты тұратын не тіркеу есебінің орны бойынша салық органдарына беріледі;

      2) салық органына келу тәртібімен қағаз тасығышта екі данада жасалады және табыс етіледі, өтініштің бір данасы салық органының белгісі қойыла отырып, салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады;

      3) айналмалы қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады. Өтінішті толтырған кезде түзеуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді;

      4) Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

      5. Жасау және табыс ету тәртібі осы Ережеде айқындалған Өтінішті қабылдау күні болып салық органы осы өтініште көрсеткен күні табылады.

3. Салық қызметі органдарымен алмасуды электронды
құжат арқылы жасайтын салық төлеушілерге көрсетілетін
қызметтердің тізбесі

      6. Салық қызметі органдарымен алмасуды электрондық құжат арқылы жасайтын салық төлеушіге (салық агентіне) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес электрондық қызметтер көрсетіледі.

4. Электрондық құжатпен алмасу тәртібі

      7. Салық қызметі органдарымен алмасуды электрондық құжат арқылы жасайтын салық төлеуші (салық агенті) осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген электрондық қызметтерді алу үшін жүгінген кезде:

      1) электрондық құжаттың оның қағаз тасығыштағы нұсқасымен бірдейлігін қамтамасыз етуге;

      2) барлық жіберілетін және алатын электрондық құжаттарды, сондай-ақ криптографиялық кілттерімен бірге ақпаратты электронды тасығышты Салық кодексінің 38-бабына сәйкес талап қою мерзімі ішінде сақтауға;

      3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің талабы бойынша салық есептілігінің көшірмесін қағаз тасығышта беруге;

      4) салық бақылауларының нәтижелерін, оның ішінде салық қызметі органдарының салық міндеттемелерін орындау жөніндегі хабарламаларын электрондық тәсілмен алу үшін Келісім жасалған сәттен бастап әр 5 жұмыс күні ХКЖЖ қосуға;

      5) электрондық құжаттармен алмасу кезінде қазіргі кезде жұмыс жасайтын ЭЦҚ қолдануға;

      6) криптографиялық кілттің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін осы Ереженің 25-тармағында айқындалған тәртіпте криптографиялық кілтті ауыстыру рәсімін дербес жүргізуге;

      7) криптографиялық кілттің қолданысы аяқталған кезде, құпия кілітке рұқсатсыз қол жеткізуге күдік, криптографиялық кілті бар ақпарат тасығыштың жоғалуы және криптографиялық кілті бар ақпарат тасығыштың істен шығуына әкеп соқтырған өзге де бүлінулер болса, тиісті себептер анықталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде салық қызметі органдарымен электрондық құжат алмасудан бас тарту туралы немесе криптографиялық кілт ауыстыру туралы өтінішті беруге;

      8) осы Ереженің 9-тармағында айқындалған тәртіпке сәйкес электрондық құжатты қалыптастыруға және жіберуге;

      9) электрондық құжаттардың түпнұсқалығына байланысты дау туындаған жағдайда, дауды осы Ереженің 10-бөліміне сәйкес шешуге;

      10) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      8. Салық қызметі органдары салық төлеушімен (салық агентімен) электронды құжаттар алмасу кезінде:

      1) салық төлеушіден (салық агентінен) алған электронды құжаттарды Салық кодексінің 38-бабына сәйкес талап қою мерзімі ішінде сақтауды қамтамасыз етуге;

      2) электрондық құжаттарды алғандығын құжатты электрондық түрде алғаны туралы хабарландыру жіберу арқылы растауға;

      3) салық төлеушінің (салық агентінің) құжаттарды алуға сұрау салуларының нәтижесін Ережеге N 1 қосымшада белгіленген мерзімде жіберуге;

      4) салық бақылауларының нәтижелерін, оның ішінде Салық кодексінің 17-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес салық қызметі органының салық мiндеттемелерiн орындау жөнiндегі хабарламаны жіберуге;

      5) салық қызметі органдарымен алмасуды электрондық құжат арқылы жасайтын салық төлеушімен (салық агенті) салық қызметі органдарымен электрондық құжатпен алмасуға салық төлеушінің (салық агентінің) келісімі туралы өтініш берген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Келісім жасауға және криптографиялық кілті бар электронды ақпарат тасығышты беруге;

      6) электрондық құжат алмасудан бас тарту немесе криптографиялық кілтті ауыстыру туралы өтініш (009.02-нысаны) берген күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде және салық органы салық төлеуші нақты мекен-жайы (тұрғылықты жері) бойынша болмау фактісі жөнінде тексеру актісін жасаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Келісімді жою туралы шешім қабылдауға;

      7) салық қызметі органдарымен алмасуды электрондық құжат арқылы жасайтын салық төлеуші (салық агенті) қызметін жүзеге асыруды тоқтату, ликвидация, банкроттық, қайта ұйымдастыру себептерімен тіркеу есебінен шығару туралы өтінішті берген күннен бастап немесе уәкілетті органдар мәлімет берген күннен 1 жұмыс күні ішінде Келісімді жою туралы шешімсіз Келісімді жоюға;

      8) салық қызметі органымен электронды құжат алмасудан бас тарту немесе криптографиялық кілтті ауыстыру жөнінде белгі қоя отырып криптографиялық кілтті ауыстыру туралы өтініш берген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде криптографиялық кілті бар электронды ақпарат тасығышты салық төлеушіге (салық агентіне) беруге;

      9) қызметтерді электрондық түрде алу үшін керек және осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген ҚР ҚМ Салық комитетінің бағдарламалық қамтамасыз етуін тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

      10) Салық кодексінде салық есептілігін тапсыру үшін белгіленген соңғы мерзіміне дейін 20 күнтізбелік күн бұрын электрондық түрде салық есептілігін табыс ету үшін ҚР ҚМ Салық комитетінің бағдарламалық қамтамасыз етуін шығаруға;

      11) салық төлеушіге (салық агентіне) электрондық қызметтерді алу үшін керек және осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген ҚР ҚМ Салық комитетінің бағдарламалық қамтамасыз етуді тегін алуға мүмкіндік беруге;

      12) электрондық құжаттардың түпнұсқалығына байланысты дау туындаған жағдайда, дауды осы Ереженің 10-бөліміне сәйкес шешуге;

      13) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      9. Салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық құжатты қалыптастыруы мен жіберу тәртібі:

      1) электрондық құжат салық органы берген және криптографиялық кілтпен қалыптасқан ЭЦҚ куәландырылады;

      2) куәландырылған электрондық құжат құжаттың күні мен уақыты тіркеле отырып, ХКЖЖ және Ережеге 1-қосымшада көрсетілген ҚР ҚМ Салық комитетінің бағдарламалық қамтамасыз етуі арқылы Салық кодексіне сәйкес айқындалған салық қызметі органына жіберіледі;

      3) электрондық құжат сәтті өңделген жағдайда салық төлеуші (салық агенті) электронды құжаттың сәтті жеткені және оның әрі қарай өңделгені туралы құжатты, оның жеткізілген, қабылданған және өңделген күні мен уақыты көрсетіле отырып алады;

      4) қабылдаудан немесе өңдеуден бас тартылған жағдайда салық төлеушіге (салық агентіне) күні мен уақыты көрсетіле отырып, дәлелді құжатты қабылдаудан бас тарту жіберіледі.

      10. Осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген ҚР ҚМ Салық комитетінің бағдарламалық қамтамасыз етуі ҚР ҚМ Салық комитетінің www.salyk.kz адресі бойынша web-сайтында орналастырылады. Сонымен қатар ҚР ҚМ Салық комитетінің бағдарламалық қамтамасыз етуін республиканың салық органдарының офистерінде ақпаратты электронды тасығыштарынан алуға болады.

      11. Электрондық құжат сәтті жеткені және оның әрі қарай өңделгені туралы құжатта көрсетілген электрондық құжатты ХКЖЖ торабына дейін жеткізу күні салық қызметі органының электрондық құжатты қабылдаған күні болып табылады.

      12. Салық бақылауларының нәтижелерін, оның ішінде қызметі салық органдарының салық міндеттемелерін орындау жөніндегі хабарламаларын жіберген күннен бастап 5 жұмыс күні салық бақылауларының нәтижелерін, оның ішінде салық қызметі органдарының салық міндеттемелерін орындау жөніндегі хабарламаларын салық төлеушілермен (салық агенттерімен) қабылдаған күні болып табылады.

      13. ЭЦҚ электронды құжатына заңсыз қол қоюға салық төлеуші (салық агенті) тәуекел етеді.

5. Салық қызметі органымен электрондық құжатпен алмасуға
салық төлеушінің (салық агентінің) келісімі туралы
өтініш беру және толтыру тәртібі

      14. Салық қызметі органдарымен алмасуды электрондық құжат арқылы жасайтын салық төлеуші (салық агенті) ретінде тіркеу үшін осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес 009.00-нысан (бұдан әрі - 009.00-нысан) бойынша салық қызметі органымен электрондық құжатпен алмасуға салық төлеушінің (салық агентінің) келісімі туралы өтініш беру қажет.

      15. Өтініштің "Жалпы ақпарат" бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:
      009.00.001-жолда - салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу нөмірі;
      009.00.002-жолда - салық төлеуші заңды тұлғаның атауы немесе салық төлеуші жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты;
      009.00.003-жолда - уәкілетті өкілге өтініш беру үшін сенімхаттың берілген күні мен нөмірі.
      "Салық органының белгісі" бөлімінде 009.00-нысанын қабылдайтын салық органының қызметкері тегін, атын және әкесінің атын, қолын, қабылдау күнін, өтініштің кіріс тіркеу нөмірі мен салық органының кодын жазады.

6. Келісімді толтыру және жасасу тәртібі

      16. Салық органдары 009.00-нысанын қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде:

      1) салық төлеушіге (салық агентіне) криптографиялық кілті бар электронды ақпарат тасығышты береді;

      2) салық төлеушімен (салық агентімен) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес 009.01-нысан бойынша Келісім жасасады;

      3) салық төлеушіге (салық агентіне) Келісімнің екінші данасын береді.

      17. 009.01-нысанында:
      "бойынша салық комитеті" жолында - салық органының атауы;
      "СТН" жолында - салық органының тіркеу нөмірі;
      "салық органының коды" жолында - салық органының коды;
      "Салық төлеушінің атауы немесе аты-жөні" жолында - салық төлеуші заңды тұлғаның атауы немесе салық төлеуші жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты;
      "СТН" жолында - салық төлеуші заңды тұлғаның салықтық тіркеу нөмірі немесе салық төлеуші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
      "Келісім күні" жолында - Келісім жасалған күн;
      "Келісімге берілген нөмір" - Келісім нөмірі көрсетіледі.

7. Салық қызметі органымен электрондық құжат алмасудан бас
тарту немесе криптографиялық кілтті ауыстыру туралы өтініш
беру және толтыру тәртібі

      18. Салық қызметі органымен электрондық құжат алмасудан бас тарту немесе криптографиялық кілтті ауыстыру туралы өтініш мынадай жағдайларда беріледі:

      1) Келісім бұзылған кезде;

      2) криптографиялық кілтті ауыстыру кезінде.

      19. Салық қызметі органымен электрондық құжат алмасудан бас тарту немесе криптографиялық кілтті ауыстыру туралы өтініш осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес 009.02-нысан (бұдан әрі - 009.02-нысан) бойынша табыс етіледі.

      20. 009.02-нысанының "Жалпы ақпарат" бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:
      009.02.001-жолында - салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу нөмірі;
      009.02.002-жолында - салық төлеуші заңды тұлғаның атауы немесе салық төлеуші жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты;
      009.02.003-жолында - уәкілетті өкілге өтініш беру үшін берілген сенімхаттың берілген күні мен нөмірі.

      21. "ЭЦҚ жою немесе криптографиялық кілтті ауыстыру себебі" бөлімінде ЭЦҚ жою немесе криптографиялық кілтті ауыстыру себебін көрсету қажет:
      009.02.004-жолының салық қызметі органдарымен электрондық құжат арқылы алмасуды жүзеге асыратын салық төлеушінің қалауы бойынша Келісім бұзылған кезде және бұрын берілген ЭЦҚ бас тарту кезінде белгіленеді;
      009.02.005-жолының А-тармағы криптографиялық кілт қолданысының мерзімі аяқталған кезде белгіленеді;
      009.02.005-жолының В-тармағы криптографиялық кілті бар электронды ақпарат тасығышқа рұқсатсыз қол жеткізуге күдік болған кезде белгіленеді;
      009.02.005-жолының С-тармағы криптографиялық кілті бар электронды ақпарат тасығыш жоғалған кезде белгіленеді. Криптографиялық кілті бар электронды ақпарат тасығыштың ұрлануы, жоғалуы жоғалу деп танылады;
      009.02.005-жолының D-тармағы криптографиялық кілті бар электронды ақпарат тасығыштың жұмыс жағдайынан шығуына әкеп соқтырған өзге де бүлінулер болған кезде белгіленеді.

      22. "Салық органының белгісі" бөлімінде 009.02-нысанын қабылдайтын салық органының қызметкері тегін, атын және әкесінің атын, қолын, қабылдау күнін, өтініштің кіріс тіркеу нөмірі мен салық органының кодын жазады.

      23. Салық органдары:

      1) 009.02.004 жолында белгі қойылған жағдайда 009.02-нысаны қабылданған күннен бастап 1 жұмыс күн ішінде бұрын берілген ЭЦҚ жояды;

      2) 009.02.005 жолында белгі қойылған жағдайда 009.02-нысаны

      3) қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде жаңа криптографиялық кілт береді.

8. Крипттографиялық кілтті ауыстыру рәсімінің тәртібі

      24. Криптографиялық кілттің қолданыс мерзімін қарау үшін:

      1) Program Files\NAT\GDMS3 папка арқылы немесе жұмыс үстелі арқылы DSMonitor.exe қосымшасын іске қосу қажет;

      2) төменгі аспаптар тақтасында орналасқан ярлыгына "Қосылу" мәзірін таңдау арқылы ХКЖЖ қосылу;

      3) тышқанның оң бастырмасымен "Мониторинг" мәзірін таңдау;

      4) "Криптожүйе" тақырыбынан "Ағымдағы сертификат дейін қолданылады" жолын қарау керек.

      25. Криптографиялық кілтті ауыстыру үшін:

      1) Program Files\NAT\GDMS3 папкасы арқылы немесе жұмыс үстелі арқылы DSMonitor.exe қосымшасын іске қосу қажет;

      2) төменгі аспаптар тақтасында орналасқан ярлыгына "Қосылу" мәзірін таңдау арқылы ХКЖЖ қосылу;

      3) тышқанның оң бастырмасымен ХКЖЖ айдарындағы "Мониторинг" мәзірін таңдау қажет;

      4) "Криптожүйе" тақырыбында "Өз сертификатын ауыстыруға сұрау салуды жасау" бастырмасының көмегімен Өз сертификатын ауыстыруға сұрау салуды жасау қажет.
      Криптографиялық кілтті ауыстыру рәсімін кілттік ақпарат компроментация болған жағдайында және ХКЖЖ клиентінде хабарламалардың (кіріс және шығыс) кезегі жоқ жағдайда жасау қажет.

9. Салық органының Келісімді жою туралы шешім
қабылдауының негіздері мен тәртібі

      26. Келісімді жою туралы шешімді салық органы осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес 009.03-нысан бойынша мынадай жағдайларда қабылдайды:

      1) 009.02.004 жолында белгі қойылған 009.02-нысанын тапсырған кезде;

      2) салық төлеуші нақты мекен-жайы (тұрғылықты жері) бойынша болмаған жағдайда.

      27. Келісімді жою туралы шешімді салық органы:

      1) салық органдарымен алмасуды электронды құжат арқылы жасайтын салық төлеуші (салық агенті) 009.02.004 жолында белгі қойыла отырып 009.02-нысанының өтінішін тапсырған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде;

      2) салық органы нақты мекен-жайы (тұрғылықты жері) бойынша болмау фактісі жөнінде тексеру актісін жасаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      28. Келісімді жою туралы шешім шығарған күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) берілген ЭЦҚ жойылған болып табылады.

      29. "Жалпы ақпарат" бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:
      009.03.001 жолында оған қатысты салық органы Келісімді жою туралы шешім қабылдайтын, салық органымен Келісім жасасқан салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      009.03.002 жолында заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
      009.03.003 жолының А-тармағында - Келісімді жою күні;
      009.03.003 жолының В-тармағында - жойылатын Келісімнің нөмірі.

      30. Келісімді жою туралы шешімге Келісімді жою туралы шешім қабылдаған салық органының басшысы, сондай-ақ Келісімді жоюды жүзеге асырған салық органы қызметкері қол қояды.

10. Дауларды шешу тәртібі

      31. Электрондық құжаттардың түпнұсқалығына байланысты дау туындаған жағдайда, Келісімнің мүдделі тарабы екінші тарапқа өз талабының себебін негіздей отырып және даудың мәні болып табылатын электрондық құжаттың күні мен нөмірін көрсете отырып (бұдан әрі - талап) жазбаша хабарландыру жібереді.

      32. Мүдделі тараптың салық органдары тарапынан дауларға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті түседі.

      33. Электрондық құжаттардың түпнұсқалығына байланысты дау туындаған жағдайда салық органдары 3 жұмыс күні ішінде осы Ереженің 38-тармағында көрсетілген қажетті материалдарды қоса бере отырып, ҚР ҚМ Салық комитетін жазбаша түрде хабарландырады.

      34. Талапты даудың мәні болып табылатын электрондық құжатты жіберген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей еркін түрде мүдделі тарап қояды.

      35. Талапқа жауап талапты алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде еркін түрде беріледі.

      36. Келісім тараптарының арасында дауды реттеу Келісімнің мүдделі тарабының қойған талабына жауап алған күннен бастап 10 күндік мерзімде осы Ереженің 40-тамағына сәйкес дау түрін айқындау жолымен шешіледі. Дауды реттеу Келісім тараптарының өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

      37. Келісім тараптарының арасындағы дауды шешу нәтижелері бойынша даудың мұраты мен түрі жазылатын, Келісім тараптарының өкілдері қол қоятын акт жасалады.

      38. Дауды шешу үшін Келісімнің тараптары мынадай материалдарды беруі қажет:
      криптографиялық кілті бар электрондық тасығыш;
      файл түріндегі даулы электрондық құжат;
      болған жағдайда - электрондық құжат сәтті жеткені және оның әрі қарай өңделгені жайлы куәландыратын құжат.

      39. Келісім тараптарының өкілдері дауды қарау кезінде электрондық құжаттың түпнұсқалығы, жіберушінің авторлығы, сондай-ақ электрондық құжат пішінінің белгіленген пішінге сәйкестігі тексеріледі.

      40. Дауларды шешу түрлері және оларды қарау тәртібі:

      1) Дау: "Электрондық құжаттың жіберілгенін мойындамау", жіберуші электрондық құжаттың жіберілмегенін, ал алушы сол электрондық құжатты алғандығын айтады, бұл дау былайша шешіледі:
      алушы электрондық құжатты ұсынады;
      ұсынылған электрондық құжаттың түпнұсқалығы тексеріледі;
      егер ұсынылған электрондық құжат түпнұсқа болса, дау алушы пайдасына шешіледі. Қалған жағдайларда дау жіберушінің пайдасына шешіледі.

      2) Дау: "Электрондық құжаттың алғанын мойындамау", бұл алушы электрондық құжатты алмадым дейді, ал жіберуші ол электрондық құжаттың жіберілгендігін айтады, бұл дау былайша шешіледі:
      жіберуші электрондық құжаттың жеткізілгенін растаумен қоса электрондық құжатты береді;
      ұсынылған жеткізілгенін растаумен қоса электрондық құжаттың түпнұсқалығы тексеріледі.
      Егер жеткізілгенін растаумен қоса берілген электрондық құжат түпнұсқа болатын болса, дау жіберушінің пайдасына шешіледі. Қалған жағдайларда дау алушының пайдасына шешіледі.

      3) Дау: "Жіберілген электрондық құжат қабылданған электрондық құжатқа сәйкеспейді", бұл жіберуші ол жіберген электрондық құжат алушы қабылдаған электрондық құжатқа сәйкеспейді дейді, ал алушы ол қабылдаған электрондық құжат жіберуші жіберген электрондық құжатқа сәйкеседі дейді, бұл дау былайша шешіледі:
      алушы электрондық құжатты ұсынады;
      ұсынылған электрондық құжаттың түпнұсқалығы тексеріледі.
      Егер ұсынылған электрондық құжат түпнұсқа болса, дау алушы пайдасына шешіледі. Қалған жағдайларда дау жіберушінің пайдасына шешіледі.

      41. Келісім тараптарының арасындағы дау осы бөлімде белгіленген тәртіпте реттелмеген жағдайда тараптар Қазақстан Республика заңнамаларында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

                                      Салық қызметі органдары мен
                                  салық төлеушілер (салық агенттері)
                                    арасындағы электронды ақпарат
                                           алмасу ережесіне
                                               1-қосымша

          Салық органдарымен электронды тәсілмен өзара
      іс-қимыл жасайтын салық төлеушілерге көрсетілетін
                    қызметтердің тізбесі

N
N
Электрондық
қызметтің атауы
Қызмет
көрсетілетін
ақпараттық
жүйе
Электронды
қызметтің
аяқталу
формасы
Қызмет
көрсету
мерзімі
"Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін тіркеу"
мемлекеттік қызмет көрсетуі

1

Өзінің тіркеу
мәліметтерін қарау

ХКЖЖ,
E-inis-client

Қалыптасқан
салық төлеуші-
нің тіркеу
мәліметтері бар
карточкасын
қарау

сұрау
салу
жіберіл-
ген сәт-
тен 1
сағат
ішінде

2

Мынадай өтініштерді
толтыру және табыс
ету жолымен тіркеу
деректерін өзгерту:

ХКЖЖ,
E-inis-client

Өтініштерді
қабылдау және
тіркеу деректе-
ріне өзгерістер
енгізу

өтініш-
терді
жіберген
сәттен
бастап
екі күн
ішінде

жеке тұлғалар үшін:

001.00-нысан - салық төлеуші жеке тұлғаны, оның ішінде жеке
кәсіпкерлік қызметті, адвокаттық қызметті, жеке нотариалды
қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші жеке тұлғаны тіркеу
жөніндегі өтініш (Қазақстан Республикасының резиденті)

002.00-нысан - шаруа (фермер) қожалығы ретінде кәсіпкерлік
қызметін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу туралы өтініш
(Қазақстан Республикасының резиденті)

003.00-нысан - салық төлеуші жеке тұлғаны, оның ішінде жеке
кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші жеке
тұлғаны тіркеу туралы өтініш (Қазақстан Республикасының
резиденті емес)

заңды тұлғалар үшін:

004.00-нысан - салық төлеуші заңды тұлғаны, филиалды,
өкілдікті, құрылымдық бөлімшені тіркеу туралы өтініш
(Қазақстан Республикасының резиденті)

005.00-нысан - салық төлеуші заңды тұлғаны, филиалды,
өкілдікті, құрылымдық бөлімшені тіркеу туралы өтініш
(Қазақстан Республикасының резиденті емес)

006.00-нысан - салық төлеуші филиалды, өкілдікті, құрылымдық
бөлімшені тіркеу туралы өтініш (заңды тұлға толтырады)

"Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты
объектілерді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуі

3

Өзіне тиесілі салық
салу объектілері
бойынша мәліметтерді
қарау мүмкіндігі (жер
учаскелерін қоса
алғанда жылжымайтын
объектілерге және
көлік құралдарына
тіркелген құқықтар
туралы ақпарат)

ХКЖЖ, СТжСО АЖ

Өзіне тиесілі
салық салу
объектілері
бойынша
мәліметтері бар
қалыптасқан
карточкасын
қарау

сұрау
салу
жіберіл-
ген
сәттен
1 сағат
ішінде

"Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар бойынша берешектерінің жоқ (бар) екендігі туралы
анықтамалар, дербес шоттан көшірме жазбалар беру"
мемлекеттік қызмет көрсетуі

4

Салық міндеттемелерін
орындау бойынша
бюджетпен есеп
айырысу жай-күйі
туралы дербес шоттан
көшірме жазба беру

ХКЖЖ,
E-inis-client

Салық міндетте-
мелерін орындау
бойынша бюджет-
пен есеп айыры-
су жай-күйі
туралы дербес
шоттан көшірме
жазба

сұрау
салу
жіберіл-
ген
сәттен
үш күн
ішінде

5

Дербес шотты беру

ХКЖЖ, E-inis-client

Дербес шот

сұрау салу жіберіл-
ген сәт-
тен үш
күн
ішінде

"Салықтардың, бюджетке төленетін басқа міндетті
төлемдердің, өсімақылардың төленген сомаларын есепке
жатқызу және қайтару жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсетуі

6

Салықтардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуға өтінішті қабылдау

ХКЖЖ, E-inis-client

Өтініш қабылдау

өтініш-
терді
жіберген
сәттен
бастап
бір күн
ішінде

7

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомаларын қайтаруға өтінішті қабылдау

ХКЖЖ, E-inis-client

Өтініш қабылдау

өтініш-
терді
жіберген
сәттен
бастап
бір күн
ішінде

"Салық есептілігін қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуі

8

Салық есептілігін қабылдау

ХКЖЖ, СЕЭН АЖ,
ККАЖ, ҚҚС АЖ,
КМ АЖ

Салық есептілі-
гін қабылдау
(салық есепті-
лігін элект-
ронды түрде
тапсыру туралы
хабарлама/рас-
тау/анықтама)

салық
есепті-
лігін
жіберген
сәттен
бастап
үш күн
ішінде

Қайта сұрау
салуға сәйкес
салық есептілі-
гін электронды
түрде тапсыру
туралы хабар-
лама/растау/
анықтама алу

сұрау
салуды
жіберген
сәттен
бастап
үш күн
ішінде

Басқалары

9

ҚР ҚМ Салық
комитетінің бағдар-
ламалық қамтамасыз
етуінің жұмысқа
қабілеттілігі туралы
ақпараттандыру

ҚР ҚМ Салық
комитетінің
web-сайты,
электронды
поштасы
(web-сайтқа
жазылу,
электронды
пошта адресіне
ақпаратты
беру)

ҚР ҚМ Салық
комитетінің
бағдарламалық
қамтамасыз
етуінің жұмысқа
қабілеттілігі
туралы
ақпаратты беру

күн
сайын

10

Салық тексеруінің
нәтижелеріне шағым
жасау туралы
өтінішті қабылдау

ХКЖЖ,
E-inis-client

Өтініш қабылдау

өтінішті
жіберген
сәттен
бастап
үш күн
ішінде

11

Салық бақылауының
нәтижелерін, оның
ішінде салық қызметі
органдарының салық
міндеттемесін
орындау жөніндегі
хабарламасын беру

ХКЖЖ,
E-inis-client

Салық бақылауы-
ның нәтижеле-
рін, оның
ішінде салық
қызметі орган-
дарының салық
міндеттемесін
орындау жөнін-
дегі хабарлама-
сын жіберу

Салық
кодексі-
нің 31-
бабында
белгі-
ленген
мерзімде

                                  Салық қызметі органдары мен
                                  салық төлеушілер (салық агенттері)
                                    арасындағы электронды ақпарат
                                           алмасу ережесіне
                                              2-қосымша

Салық қызметі органдарымен
электрондық құжатпен алмасуға салық
төлеушінің (салық агенттігінің)
келісімі туралы өтініш

      қағаз мәтініне қараңыз

                                  Салық қызметі органдары мен
                                  салық төлеушілер (салық агенттері)
                                    арасындағы электронды ақпарат
                                           алмасу ережесіне
                                              3-қосымша

  Салық қызметі органдарымен
салық төлеушінің (салық агенттігінің)
электрондық құжатпен алмасу туралы
келісімі

      қағаз мәтініне қараңыз

                                  Салық қызметі органдары мен
                                  салық төлеушілер (салық агенттері)
                                    арасындағы электронды ақпарат
                                           алмасу ережесіне
                                              4-қосымша

Салық қызметі органдарымен
электрондық құжат алмасудан бас тарту немесе
криптографиялық кілтті ауыстыру туралы
салық төлеушінің (салық агенттігінің) өтініші

      қағаз мәтініне қараңыз

                                  Салық қызметі органдары мен
                                  салық төлеушілер (салық агенттері)
                                    арасындағы электронды ақпарат
                                           алмасу ережесіне
                                              5-қосымша

Салық органының
электрондық цифрлық қолтаңбасын
жою туралы шішім

      қағаз мәтініне қараңыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады