"Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 169-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2008 жылғы 7 тамыздағы N 188-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 20 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5287 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 6 тамыздағы № 314 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 06.08.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1.""Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 169-ө бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4775 болып тіркелген, 2007 жылғы 15 тамыздағы "Заң газеті" газетінің N 124 (1153) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Сыныптамаға 8-қосымшада:

      "АD органикалық емес не органикалық құрамдастары бар қалдықтар" бөлігінде мынадай жол алынып тасталсын:

AD160

Қаланың тұрмыстық қалдықтары


      "АС Құрамында металдар мен органикалық емес материалдар болуы мүмкін негізінен органикалық құрамдас құрауыштардан тұратын қалдықтар" бөлігінде мына жол алынып тасталсын:

АС270

Кәріз лайы


      Мына жолмен ауыстыру қажет:

АС270

Өнеркәсіп кәсіпорындарының лай қалдығы


      "А. 1 GA Қалдықтардың жасыл тізімі Металдар мен металл қорытпаларының металдық диспергирленбейтін нысандағы қалдықтар" бөлігі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

GA121

Қоланың қалдықтары мен сынықтары

GA122

Латуньның қалдықтары мен сынықтары


      "GВ металдарды балқытудың, қорытудың және тазартудың құрамында металы бар қалдықтары" бөлігі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

GВ050

Жылумен өңделген құм және балшықтың пішінделген қоспалары

GВ060

Құю өндірісінің қалдықтары

GВ070

Жоғары көміртекті феррохром өндірісінің шлагы

GВ071

Жоғары көміртекті феррохромның шлактарын өңдеуден кейін

қалған ұсақталған тас кесек

GВ072

Орташа көміртекті феррохром өндірісінің шлагы

GВ073

Төмен көміртекті феррохром өндірісінің шлагы


      "GD диспергирленбейтін нысандағы тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтары" бөлігі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

GD090

Көмір елендісі

GD100

Кокс елендісі

GD110

Әк тас қалдықтары

GD111

Әк қалдықтары


      "GG Құрамында металдар мен органикалық материалдар болуы мүмкін негізінен органикалық емес құрамдастары бар басқа да қалдықтар" бөлігі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

GG170

Бетон, сынған кірпіш, сылақ, ағаш, шыны сынығы қалдықтарының қоспасы (құрылыс қоқысы)


      "GO Құрамында металдар мен органикалық емес материалдар болуы мүмкін негізінен органикалық құрамдас құрауыштардан тұратын басқа да қалдықтар" бөлігі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

GO060

Қатты тұрмыстық қалдықтар (коммуналдық)

GO061

Кәріздеу тазарту имараттарынан лай қалдықтары


      2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған соң он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Н. Ысқақов

"КЕЛІСІЛГЕН"


Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау министрі


__________________А. Дерновой


2008 жылғы 8 тамыз



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады