"Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 12 қазандағы N 288 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 28 тамыздағы N 234 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5295 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.03.30 N 91 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.03.30 N 91 Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      1. "Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы әділет министрінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылы 30 қарашада N 5021 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу туралы құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартында:
      7-тармақта:
      1) тармақша мынадай абзацта жазылсын:
      "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Өзінің қызметін Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс, ал өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш қоса берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.";
      12-тармақта:
      үшінші абзацта "жарғы" деген сөзден кейін ", егер заңды тұлға өзінің қызметін Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырмайтын болса" деген сөздермен толықтырылсын;
      тоғызыншы бөлікте "жоқ" деген сөзден кейін "(бар)" деген сөзбен толықтырылсын;
      17-тармақ мынадай редакцияда толықтырылсын:
      "17. Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртібін бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмеуі, табыстау актісін немесе бөлу балансын, ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы, не бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салық берешегінің болуы, сондай-ақ құрылтайшысы жұмыс істемейтін заңды тұлға болған жағдайда және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы жұмыс істемейтін заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы және (немесе) іс-қимылға жарамсыз немесе іс-қимылға жарамдылығы шектеулі және (немесе) із-түзсіз жоқ болып кеткен болса, және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған болса, және (немесе) Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалтқан құжаттары тапсырылғанда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға әкеп соғады.
      Тіркеуші орган заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден немесе қайта тіркеуден, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден немесе қайта тіркеуден осы заңның 9-бабында көзделген мерзімде бас тартқан жағдайда оған тапсырған құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес келмеуіне сілтеме қамтылған бас тарту жөнінде жазбаша хат беріледі.
      Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу үшін төленген алымды қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.";
      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы филиалдарды және өкілдіктерді есептік тіркеуге (қайта тіркеуге), филиалдар және өкілдіктер туралы ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартында:
      7-тармақта:
      1) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
      "1) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей және өзінің қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен, ал өзге заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш қоса берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.";
      12-тармақтың алтыншы абзацында "жарғысының (ережесінің)" деген сөздерден бұрын "егер, заңды тұлға өзінің қызметін Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырмайтын болса, оның" деген сөздермен толықтырылсын;
      17-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      "17. Филиалды (өкілдікті) құрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртібі бұзылған жағдайда, есептік тіркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартылады.
      Тіркеуші орган заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден немесе қайта тіркеуден, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден немесе қайта тіркеуден осы заңның 9-бабында көзделген мерзімде бас тартқан жағдайда оған тапсырған құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес келмеуіне сілтеме қамтылған бас тарту жөнінде жазбаша хат беріледі.
      Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу үшін төленген алымды қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.";
      3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы заңды тұлғалардың қызметін тоқтатуды, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығаруын тіркеу үшін құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
      12-тармақтың 10) тармағшасында "жоқ" деген сөзден кейін "(бар)" деген сөзбен толықтырылсын;
      12-тармақтың 11) тармақшасында "кедендік төлемдер бойынша берешектері" деген сөздерден кейін "мен аяқталмаған сыртқы сауда мәмілелері" деген сөздер алынып тасталсын;
      12-тармақтың төртінші бөлігінде "жоқ" деген сөзден кейін "(бар)" деген сөзбен толықтырылсын.
       2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары өзінің қызметінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.
       3. Осы бұйрық бастапқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                                3. Балиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады