Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы N 91 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің:
      1) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» 2007 жылғы 12 қазандағы № 286 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 5019 болып енгізілген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, желтоқсан № 13, 70 бет);
      2) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» 2007 жылғы 12 қазандағы № 287 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 5020 болып енгізілген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, желтоқсан № 13, 83 бет);
      3) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» 2007 жылғы 12 қазандағы № 288 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 5021 болып енгізілген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, желтоқсан № 13, 1 бет);
      4) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» 2007 жылғы 12 қазандағы № 289 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 5013 болып енгізілген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, желтоқсан № 13, 92 бет);
      5) «Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» 2007 жылғы 27 қарашада № 319 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 5063 болып енгізілді, 2008 жылғы 27 сәуірдегі № 3 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер Жинағында жарияланған);
      6) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 12 қазандағы № 288 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 тамыздағы № 234 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 5295 болып енгізілді, 2008 жылғы 3 қазандағы № 151(1551) «Юридическая газета» газетінде жарияланған;
      7) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» 2008 жылғы 17 қарашадағы № 307 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 5509 болып енгізілді, 2009 жылғы 6 наурыздағы № 35 (1632) «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
      8) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» 2008 жылғы 26 қарашадағы № 320 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 5508 болып енгізілді, 2009 жылғы 24 ақпандағы № 28 (1625) «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
      9) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» 2008 жылғы 26 қарашадағы № 321 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 5510 болып енгізілді, 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42 (1639) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
      10) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 325 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 5518 болып енгізілді, 2009 жылғы, № 5 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер Жинағында жарияланған);
      11) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 326 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 5491 болып енгізілді, 2009 жылғы № 4, 341 бет Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған);
      12) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын ң бекіту туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 335 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 5515 болып енгізілді, 2009 жылғы 27 наурыздағы № 45 (1642) «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
      13) 2009 жылғы 11 ақпандағы № 12 «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 5579 болып енгізілді, 2009 жылғы 29 мамырдағы № 80 (1677) «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
      14) 2009 жылғы 12 ақпандағы № 14 «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 12 қазандағы № 288 бұйрығына және «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 319 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 5580 болып енгізілді, 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 61 (1658) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                            Р. Түсіпбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады