Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.05.25 N 49 қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілігін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2142 тіркелген; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2371 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2142 тіркелген "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 180, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2637 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2142 тіркелген "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 417, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3385 тіркелген, " Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы " 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 180, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4371 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 80, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4905 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ипотекалық ұйымдардың, арнайы қаржы компанияларының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілік нысандары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 84 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай толықтыру және өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықта:
4-тармақ "Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп жөніндегі заңдарында" деген сөздерден кейін ", халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жыл сайын, еншілес ұйымдар болмаған жағдайда, есепті жылдың 1 қаңтары – 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін мерзімде аудиторлық ұйым растаған N 1 нысан, N 2 нысан, N 3 нысан, N 4 нысан бойынша шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті (бұдан әрі - есептілік), түсіндірме жазбаны;
жыл сайын, еншілес ұйымдар болған жағдайда, есепті жылдың 1 қаңтары – 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін мерзімде N 1 нысан, N 2 нысан, N 3 нысан, N 4 нысан бойынша шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді (бұдан әрі - есептілік), түсіндірме жазбаны береді.
Банктік емес ұйымдар шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді ұсынған кезде аудиторлық ұйымның растамасы шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілік үшін ғана талап етіледі.";
1-қосымшада:
" Сауда ғ а арнал ғ ан ба ғ алы қ а ғ аздар (к ү м ә нді борыштар бойынша резервтерді шегергенде), 18 " деген жолда " (к ү м ә нді борыштар бойынша резервтерді шегергенде) " деген сөздер алынып тасталсын;
" Меншік капиталы, 21 " деген жолда " Меншік капиталы " деген сөздер "К апитал " деген сөзбен ауыстырылсын;
" Меншік капитал ж ә не міндеттемелер жиынты ғ ы, 46" деген жолда "Меншік" деген сөз алынып тасталсын;
3-қосымшада "Алуға сыйақы түрінде есептелген кірістер, 7" және "Сыйақы төлеуге шығыстар, 8" деген жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Ә. Сәйденов
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігінің Төрайымы
Бахмутова Е.Л. _____________
2008 жылғы "___" __________