Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 129 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5316 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.2016 № 5 қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін .
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 213 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4427 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                          Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2008 жылғы 22 тамыздағы 
N 129 қаулысымен бекітілген

Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын
қаржы құралдарының тізбесі

      1. Мынадай халықаралық қаржы ұйымдары айналысқа шығарған бағалы қағаздар:
      Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      Еуропалық қайта құру және даму банкі;
      Америкааралық даму банкі;
      Халықаралық есеп айырысу банкі;
      Азия даму банкі;
      Африка даму банкі;
      Халықаралық қаржы корпорациясы;
      Ислам даму банкі;
      Еуропа инвестициялық банкі.
      2. "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе "Moody's Investors Service", "Fitch" агенттіктерінің немесе олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары.
      3. "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе "Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары.
      4. Қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына кіргізілген заңды тұлғалардың акциялары.
      5. Жылжымайтын мүлік қорының акциялары және еншілес ұйымдарының жарғы капиталындағы қатысу үлестері.
      6. Шетелдік мемлекеттердің бағалы қағаздары және "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттердің қаржы агенттіктерінің агенттік облигациялары.
      7. "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары.
      8. Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары.
      9. Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" шағын санатына кіргізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары.
      10. Базалық активі қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына кіргізілген заңды тұлғалардың акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар.
      11. Базалық активі "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар.
      12. Базалық активі "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе "Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzBВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар.
      13. Мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар:
      банктердің "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzBB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар;
      банктер "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "A-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес-бас банктің резидент-еншілес банктері болып табылады;
      банктер қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына кіргізілген эмитент-банктер болып табылады.
      14. Базалық активі осы тізбеде көрсетілген қаржы құралы болып табылатын хеджирлеу мақсатында сатып алынатын туынды қаржы құралдары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады