"Қызмет атқаруды, уақытша ұстау изоляторында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 386 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 09 қазандағы N 375 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 3 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5351 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 166 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.03.2017 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасын орындау үшін, соттардың қылмыстық істерді қарау кезінде сотталушылардың тордың арғы жағында болу фактілерін болдырмау үшін Қазақстан Республикасының құқық қолдану практикасын әділ сот жүргізудің халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қызмет атқаруды, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 386 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1878 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл N 5-6, 789-құжат, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2783 болып тіркелген "Қызмет атқаруды, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 386 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 161 бұйрығымен енгізілген толықтыруларымен) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша ұстау изоляторларында қызмет атқаруды және сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз етуді, ұстау тәртібі және ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      бүкіл мәтін бойынша "Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармалары, облыстардағы Ішкі істер бас басқармалары - Ішкі істер басқармаларының, Көліктегі Ішкі істер бас басқармасының", "Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармасы, облыстардың Ішкі істер бас басқармасы – Ішкі істер басқармасы, көліктегі Ішкі істер басқармасы", "Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармаларында, облыстардағы Ішкі істер бас басқармаларында – Ішкі істер басқармаларында, Көліктегі Ішкі істер бас басқармаларында" деген сөздер тиісінше "Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің", "Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттері", "Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      57-тармақтың бірінші абзацында "(металл кедергі)" деген сөздер "(құрастырмалы-жиналмалы конструкциялармен)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-қосымшадағы "бас басқармасы" деген сөздер "департаменті" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Әкімшілік полиция комитеті (М.М. Оразалиев) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (М.М. Оразалиев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Мұхаметжанов

"Келісілді"


Қазақстан Республикасының


Бас прокуроры


___________Р. Түсіпбеков


2008 жылғы 13 қазан


Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау министрі


______________А. Дерновой


2008 жылғы 10 қазан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады