Қызмет атқаруды, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 386 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1878. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 166 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.03.2017 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармалары, облыстардағы Ішкі істер бас басқармалары - Ішкі істер басқармаларының, Көліктегі Ішкі істер бас басқармасының", "Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармасы, облыстардың Ішкі істер бас басқармасы – Ішкі істер басқармасы, көліктегі Ішкі істер басқармасы", "Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармаларында, облыстардағы Ішкі істер бас басқармаларында – Ішкі істер басқармаларында, Көліктегі Ішкі істер бас басқармаларында" деген сөздер тиісінше "Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің", "Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаментері", "Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінде" деген сөздермен ауыстырылсын - ҚР Ішкі істер министрінің 2008.10.09 N 375 Бұйрығы.

       "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған қызмет атқаруды, ұстау режимін ұйымдастыру, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді және айдап алып жүруді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің қызмет атқарудың, орындалуын қамтамасыз ететін қызметкерлерден сынақтар қабылдау арқылы жеке құрамның осы бұйрықпен бекітілген Нұсқаулықты оқып-үйренуін және күзетуді қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі ішкі қызмет генерал-майоры Н.А.Власовқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      министрлігінің Сезіктілер мен тергеу қамауындағыларды алдын ала оқшалау департаментіне (М.М.Баймұхамбетов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр


      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының

      Бас Прокуроры

      3-ші дәрежелі

      мемлекеттік әділет кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
2002 жылғы 1 маусымдағы
N 386 бұйрығымен
бекітілген

Уақытша ұстау изоляторларында қызмет атқаруды және
сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз етуді,
ұстау тәртібі және ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Уақытша ұстау изоляторларында қызмет атқаруды және сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз етуді, ұстау тәртібін және ұйымдастыру жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының, "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бөлімшелер мен нарядтарға басшылық жасау тәртібін реттейді; қызмет өткерудің және басқару қызметінің, сондай-ақ уақытша ұстау изоляторындағы (бұдан әрі - УҰИ) адамдарды күзетуді, оқшаулауды, қадағалауды ұйымдастырудың неғұрлым дұрыс әдістерін айқындайды.

      Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторлары сезіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстайтын орындар болып табылады.

      Уақытша ұстау изоляторларын құру, қайта ұйымдастыру және жою туралы шешім Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіпте қабылданады.

      Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету сенімді оқшаулаудан және қадағалаудан тұрады.

      Осы Нұсқаулық әрекеті уақытша ұстау изоляторында ұсталатын мынадай адамдарды қамтиды:

      1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің

      132-бабы бойынша ұсталған сезіктілер;

      2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 142, 150-баптары тәртібімен жолдарын кесу шарасы ретінде тұтқындауға кесілген сезіктілер, айыпталушылар.

      2. Ішкі істер органының бастығы уақытша ұстау изоляторының жасақтарына жеке өзі және өзіне бағынышты лауазымды адамдар арқылы басшылық етеді. Нарядтарға жедел басшылық етуді ішкі істер органының кезекшісі жүзеге асырады. Орындаушылармен үздіксіз байланыс жасау басқаруды қамтамасыз ету құралы болып табылады.

      3. Қызметті өткеруді ұйымдастыруға, уақытша ұстау изоляторында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз етуге мыналар кіреді:

      1) күзетуге шешім қабылдау;

      2) күзету жөніндегі қызметтің өткерілуін бақылау;

      3) осы міндеттерді орындайтын бөлімшелер мен нарядтар қызметінің нәтижелерін есепке алу және баға беру;

      4) Заңда және қылмыстық-іс жүргізу заңнамасында қарастырылған тергеу және сот органдарының жазбаша өкімдерін (сезіктілер мен айыпталушыларды оқшаулау туралы) орындау;

      5) Аталған тармақтардағы 1)-4) тармақшалардағы міндеттерді орындау үшін күштер мен құралдарды әзірлеу.

      4. Уақытша ұстау изоляторлары қызметкерлерінің іс-әрекеті заңдылықты қатаң сақтауға негізделеді, сезіктілермен, айыпталушылармен, олардың туыстарымен қызмет мүдделері қажет етпейтін қандай да бір қатынастарға баруға, сондай-ақ олардың қызметтерін пайдалануға тыйым салынады. Уақытша ұстау изоляторында ұсталатын адамдарға дене азабына ұшырататын немесе адамдық қадір-қасиетін төмендетуді мақсат ететін шаралар қолданыла алмайды. Уақытша ұстау изоляторының қызметкерлері сезіктілермен және айыпталушылармен "сіз" деп сөйлеседі және оларды тегімен атайды ("азамат Иванов").

      5. Ішкі істер органының уақытша ұстау изоляторының лауазымды адамдарының осы Нұсқаулық талаптарын дәл және бұлжытпай орындауы, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушылар үшін тергеуден және соттан бойтасалау мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларды жасау ұйымдастыру шаралары жүйесімен қамтамасыз етіледі, онда мыналар қарастырылады:

      1) сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жағдайын бақылауды жүзеге асыру, оның түрлері мен тәсілдерін ұдайы жетілдіріп отыру;

      2) уақытша ұстау изоляторларын, сот бөлмелері мен арнайы автомобильдерді зерттеу, кіріп-шығу тәртібінің, қашуға қарсы жабдықтардың сенімділігін тексеру және анықталған кемшіліктерді жоюға мезгілінде шаралар қолдану;

      3) қызметкерлердің жауынгерлік әзірлігі дәрежесін және кәсіби дайындық деңгейін арттыру, тікелей жұмыс орындарында, шынайы күйге жуықтатылған жағдайда іс-тәжірибелік дағдыларды ұдайы жетілдіру;

      4) күзетті жүзеге асыратын қызметкерлерді сезіктілер мен айыпталушылардың жеке бастық ерекшеліктері және олардың ой-ниеттері туралы үнемі хабардар етіп отыру;

      5) төтенше оқиғалар, жағдайдың күрделенуі немесе ерекше жағдайлар тәртібінде іс-әрекет етуге арналған шаралар жоспарларын жасау;

      6) уақытша ұстау изоляторында оқиғалар болуына жағдай туғызатын себептер мен шарттарды зерттеу, оларды жоюға тиісті шаралар қабылдау;

      7) айдауыл қызметі бөлімшелері мен қамауда ұстау орындарының жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша ішкі істер органының басқа қызметтерімен, прокуратурамен, сотпен және денсаулық сақтау органдарымен өзара іс-әрекетте болуы.

      6. Қамауда ұсталатын адамдарды күзету жағдайын бақылау күзетті ұйымдастырудағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, жою мақсатында белгіленеді. Ол осы қызметті өткеруді тексеру, сондай-ақ тиісті ақпаратты жинап, сараптау жолымен жүзеге асырылады. Бақылау жүйесі мен әдістері үнемі жетілдіріліп отыруы керек, алдын алу сипатында болуы, іс жүзінде көмек көрсету талабымен үйлесуі қажет.

      7. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі бөлімшелер оларға жүктелген міндеттердің табысты орындалуы және төтенше оқиғалардың алдын алу мақсатында қызмет өткеруге неғұрлым әзірленген, шыныққан қызметкерлерден жасақталады.

      Уақытша ұстау изоляторларының қызметкерлерін жауынгерлік және қызметтік әзірліктен өткізуді ұйымдастыру көрсетілген органдар басшыларының тікелей қызметтік парызы болып табылады.

      Мұндай бөлімшелердің жеке құрамдарын үйретуге мыналар енгізілуге тиіс: сезіктілер мен айыпталушыларды күзетудің сенімді әдістерін, қашу әдістерін, сондай-ақ оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерттеу; қашуға немесе шабуылға әзірлікті аңғара білу, күрделі жағдайларда және төтенше оқиғалар кезінде іс-қимыл жасай білу; қолма-қол ұрыс, байлау, кісендер мен арнайы құралдарды қолдану әдістерін, қару пайдалануды үйрену.

2. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуге
шешім қабылдау

      8. Ішкі істер органының (уақытша ұстау изоляторының) бастығының сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуге арналған шешімі басқарудың негізі болып табылады.

      9. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуге қабылданған шешім негізінде міндеттердің ауқымы мен күрделілігі, сондай-ақ жағдайды бағалау жатады.

      Мұнда мыналар ескеріледі:

      1) Уақытша ұстау изоляторында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушылардың құрамының саны мен ерекшеліктері, олардың арасында: ауыр қылмыстарды жасауда ұйымдасқан қылмысты топтардың құрамында болуы мүмкін, бұрын сотталған (соның ішінде қамаудан қашқаны үшін) сезіктілер мен айыпталушылардың, кәмелетке толмағандардың бар-жоғы;

      2) Уақытша ұстау изоляторларының, арнайы автомобильдердің техникалық сипаттамасы (орындардың шектеулі саны, камералар саны, олардың қашуға қарсы мағынасындағы беріктігі, жабдықтардың, байланыс пен белгі беру жүйесінің жағдайы); уақытша ұстау изоляторында ұстау мерзімі: сезіктілер мен айыпталушыларды күзетудің, уақытша ұстаудың басқа орындарындағы жағдайы;

      3) жеке құрамның жасақтандырылуы және оның кәсіби дайындығының деңгейі;

      4) сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі қызметті өткеру ауданындағы қоғамдық тәртіп пен қылмыстылық жағдайы; жыл, тәулік мезгілі және ауа райы.

      10. Жағдайды зерттеу және бағалау үшін сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жағдайы туралы сараптамалық мәліметтер, прокуратура, әділет органдарының, тергеу және анықтауды жүзеге асырушы бөлімшелердің, ішкі әскерлердің тергеу изоляторларының, қарауылдарының тиісті ақпараты, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың хабарламалары, азаматтардың мәлімдемелері, уақытша ұстау изоляторлары бастықтарының өз қызметінің мәселелері жөніндегі баяндамалары пайдаланылады. Қажет болған жағдайларда орган бастығы сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жағдайымен тікелей уақытша ұстау изоляторларында немесе оларды уақытша ұстау объектілерінде танысады. Соттың көшпелі мәжілістерін өткізуге арналған үйлерді қарап шығуға міндетті.

      11. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету туралы шешімде ішкі істер органының, уақытша ұстау изоляторының бастығы мыналарды айқындайды:

      1) міндеттің жалпы мазмұны, қызмет өткерудің нұсқасы (кәдімгі, күшейтілген ерекше); күштер мен құралдардың орналастырылуы, оның жүйесінде болуы мүмкін өзгерістер; нарядтардың саны мен түрі, мөлшері, оларды іс-әрекетке қосу мен пайдаланудың тәртібі;

      2) бөлімшелер мен нарядтардың нақты міндеттері, олар қызмет өткеретін орын мен уақыт, оларды дайындау тәртібі, қаруландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      3) прокуратура, әділет, денсаулық сақтау органдарымен, тергеу бөлімшелерімен және ішкі істер органының қызметтерімен бірлесе әрекет жасау мәселелері; нарядтардың қызмет өткеруін бақылау.

      Міндеттердің сипатына, сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жағдайлары мен шарттарына байланысты шешімде басқа да мәселелердің қарастырылуы мүмкін.

      4) сезіктілер мен айыпталушыларды ерекше күзетудің қосымша күзет орны ақпараттардың тарап кетуін және ерекше мәні бар қылмыстық істер бойынша аса қауіпті қылмыскерлер арасындағы рұқсат берілмеген байланыстарды болдырмау мақсатында қойылады. Шешімді Ішкі істер органының басшылығы мұндай қылмыстық істерді тергейтін жедел-тергеу топтары жетекшілерінің ұсынымхаттары бойынша қабылдайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 161 бұйрығымен .

       12. Ішкі істер органының бастығы орындаушыларға қабылданған шешімдерді бұйрық түрінде жариялайды. Күштер мен құралдарды орналастыру күзет ведомосінде көрсетіледі.

      13. Уақытша ұстау изоляторының жеке құрамына күзетпен байланысы жоқ міндеттерді жүктеуге тыйым салынады.

3. Нарядтарды қызмет өткеруге дайындау

      14. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі қызметті өткеруге нарядтарды дайындау міндетті орындауға бұйрық алынғанға дейін жүргізіледі.

      15. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуге арналған нарядқа белгіленген қызметкерлер ішкі істер органының, уақытша ұстау изоляторының иелігіне нұсқау алу үшін сапқа тұруға дейін он бес минут бұрын келеді. Өздерінің келгені туралы олар ішкі істер органы, уақытша ұстау изоляторы бойынша кезекшіге мәлімдейді.

      Полиция қызметкері белгіленген киім түрінде, сыртқы түрі-келбеті үлгілі және жарағы түзу болуы керек, қызметтік куәлігі, полициялық ысқырығы, жазба кітапшасы және қаламы болуы тиіс.

      16. Ішкі істер органы, уақытша ұстау изоляторы бойынша кезекші күзет ведомосінде (1-қосымша) қызметкерлердің келуін белгілейді, оларға қару және оқ-дәрі, техникалық құралдар, жарақтар мен қызметтік құжаттар береді; олардың қай күзет орнында өз міндеттерін орындайтындықтарын хабарлайды, нарядтар құрамын жасалған қылмыстардың сипаттамаларымен, ұрланған мүліктердің және іздестірілудегі адамдар белгілерімен таныстырады.

      17. Қару мен оқ-дәрі рұқсат карточкасы ұсынылған соң ғана беріледі. Наряд ұрыс патрондарымен әрбір тапаншаға және автоматқа екі оқтаулы оқсауыт келетіндей мөлшерде қамтамасыз етіледі.

      18. Қаруды оқтау арнайы бөлінген және жақсы жарықтандырылған орында, кезекшінің бақылауымен, нарядты нұсқау беру үшін сапқа тұрғызудың тікелей алдында жүргізіледі.

      Қару-жарақты оқсыздандыру, байқаудан өткізу, тазалау және қайтару да сондай-ақ қызмет аяқталысымен жоғарыда аталған орында кезекшінің бақылауымен дереу іске асырылады.

      Қаруды оқтау және оқсыздандыру тиісті қару түрлеріне арналған атыс ісі жөніндегі нұсқауларда көрсетілген ережелер бойынша жүргізіледі, бұл кезде патрон оқтыққа енгізілмейді. Тапаншалар мен автоматтар толтырылған магазиндермен оқталады, оқтау кезінде затвор кейін қайтарылмайды. Оқтау алдында тапаншалар мен автоматтар сақтандырғышқа қойылады.

      19. Қаруды оқтау аяқталған соң кезекші нарядты (нарядтарды) нұсқама алу үшін сапқа тұрғызады, әрбір қызметкерде тиісті қарудың, жарақтардың және құжаттардың болуын тексереді, олардың денсаулық жағдайын сұрастыруды, содан соң қызметті өткеруге әзірлік туралы нұсқама өткізетін адамға мәлімдейді.

      Мысалы: "Майор мырза. Құрамы алты адамнан тұратын наряд нұсқама алу үшін сапқа тұрғызылады. Аудандық ішкі істер басқармасының кезекшісі полиция лейтенанты Қайратов".

      20. Нарядтар нұсқамасын кестеге сәйкес ішкі істер органы бойынша жарияланған бұйрықтарда қатаң түрде белгіленген лауазымды адамдар құрамы ғана өткізеді, олар, әдетте, органдар бастығы, Ішкі істер министрлігінің, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің аға және орта басқарушы құрамы. Нұсқама ұзақтығы он бес минуттан аспауға тиіс.

      21. Нұсқама өткізуге белгіленген лауазымды адам нұсқама басталғанға дейін:

      1) күзету міндеттерінің мазмұнымен және оларды орындау тәсілдерімен, күзет орындары мен бағыттарда қызмет өткеру жағдайларымен, олардың ерекшеліктерімен, нарядтармен байланыс тәртібімен танысуға;

      2) өткен тәуліктегі қызмет өткерілуін бағалауға;

      3) қызметкерлердің өз міндеттерін білу деңгейін тексеру үшін сұрақтар әзірлеуге міндетті.

      22. Нұсқама өткізу кезінде:

      1) әрбір нарядқа және полиция қызметкеріне күзету жөнінде қызмет өткерудің бүкіл кезеңіне арналған міндет қоюға; оның орындалуы, байланысының тәртібі мен тәсілдері туралы түсіндіруге, кезекшілердің, күзет қызметкерлерінің;

      2) күзету жөніндегі қызмет өткерудің өткен тәуліктердегі нәтижелерін жариялауға; негізгі кемшіліктер мен жасақтарды түсіндіруге, кезекшілердің, күзет қызметкерлерінің, шығарушылардың, айдауылдардың үлгілі іс-әрекеттерінен мысалдар келтіруге;

      3) нарядтың (нарядтардың) қызмет өткеруге әзірлігін, киім-жарақтарын, міндеттерін білу деңгейін, бірнеше амалдық міндеттерді шешуді ұсыну арқылы жағдай күрделенген кезде іс-әрекет жасау біліктілігін тексеруге;

      4) сезіктілер мен айыпкерлердің құқықтары мен міндеттерін, заңдылықты қатаң сақтау қажеттігін еске салуға тиіс. Наряд (нарядтар) құрамына қызметтік-іздестіру иттері бар полиция қызметкерлерін қосқанда қызметтік-іздестіру иттерімен жұмыс істеу ережелері түсіндіріледі.

      23. Нарядтарды қызмет өткеруге әзірлеу сапасын жақсарту мақсатында нұсқаманың тікелей күзет орындарында, соттың көшпелі мәжілістерін өткізу белгіленген үй-жайларда және сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстаудың басқа да объектілерінде өткізілуі мүмкін.

      24. Бастапқы дайындықтан өтпеген және ант қабылдамаған қызметкерлерді өз бетімен қызмет өткеруге тағайындауға тыйым салынады.

      25. Нұсқама аяқталған соң қызметке кірісу жөнінде бұйрық беріледі.

      Мысалы: "Наряд (нарядтар), тік тұр! Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі қызметке кірісуді бұйырамын. Қызмет өткеру кезінде сенімді күзет қамтамасыз етілсін, заңдылық қатаң сақталсын, жоғары мәдениет және сыпайылық көрсетілсін. Оңға (солға), бекеттерге (бағыттарға) қарай алға бас!"

      26. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нарядтардың қызметтік уақыты нұсқама өткізілген сәттен қызмет өткеру кезінде наряд бағыныштылығында болатын уақытша ұстау изоляторы, ішкі істер органы кезекшісінің рұқсаты бойынша кезекшілікті кезекті ауысымға өткізгенге дейін жалғасады.

      Күзет және айдауылдау жөніндегі нарядқа полиция қызметкерлері бекітілген кесте бойынша тағайындалады.

      Нарядтар өткеретін қызмет уақытының орта тәуліктік ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы белгілеген жұмыс уақыты нормасынан аспауға тиісті. Егер күзет жағдайлары бойынша қызметтік уақыттың орта тәуліктік нормасы сақталынбайтын болса, оны қосып есептеуге жол беріледі. Бұл жағдайда есептік кезеңдегі (ай, апта) орта тәуліктік жүктеме қолданыстағы заңнамада белгіленген жұмыс күні ұзақтығынан аспауы керек.

      Кейбір жағдайларда қызметкердің келісімімен орган бастығына жеке құрамның тәуліктік қызмет жүктемесін арттыруға рұқсат етіледі, соңынан белгіленген уақыттан тыс жұмысы үшін өтемақы төленеді. Уақытша ұстау изоляторындағы күзет қызметкері үшін он екі сағаттан жоғары қызмет өткеру ұзақтығын белгілеуге тыйым салынады.

      27. Қызмет өткеру кезінде тамақтану және демалу үшін жеке құрамға бір сағатқа дейін үзіліс беріледі. Қажетті жағдайларда ауысым ұйымдастырылады. Нарядтағы қызметті үздіксіз өткеру ұзақтығы, әдетте, бес сағаттан аспауы керек. Қызметтік уақыттың жалпы ұзақтығынан үзіліс мерзімі алынып тасталады. Уақытша ұстау изоляторы кезекшісінің (уақытша ұстау изоляторы кезекшісі көмекшісінің) үздіксіз қызмет өткеру уақыты, тамақтану және демалу үшін үзіліс мерзімдері ішкі істер органы кезекшісі үшін белгіленетін уақыт ұзақтығындай.

      28. Ауа-температурасы минус жиырма градус Цельси және одан төмен, плюс отыз бес градус Цельси және одан жоғары болғанда сыртқы күзет орындарында және нарядтар болатын басқа да ашық орындарда үздіксіз қызмет өткеру ұзақтығы екі сағаттан аспауға тиіс. Мұндай жағдайларда жеке құрамды ауыстыру тәртібін ішкі істер органы уақытша ұстау изоляторының бастығы, олар болмағанда - тиісті кезекшілер белгілейді. Ауа температурасы минус он бес градус Цельсидан төмен болғанда нарядтар жылы заттармен (ішіктермен, қысқа тондармен, пималармен, күртелермен, мақталы шалбарлармен және елтірі қолғаптармен) қамтамасыз етіледі, ал жауын-шашынды ауа райында плащтар беріледі. Температурасы плюс он сегіз градус Цельси және одан жоғары болатын жылу берілетін үй-жайлардың ішінде күзет қызметкерлері қызметті жылы сыртқы киімсіз, бірақ бас киімдерімен өткереді.

4. Лауазымды адамдардың сезіктілер мен айыпталушыларды
күзету қызметін ұйымдастыру және оған басшылық ету
жөніндегі міндеттері

      29. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары және олардың орынбасарлары:

      1) сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі бөлімшелерді осы міндеттерді орындау үшін дайындалған қызметкерлермен жасақтау шараларын қабылдауға, олардың қызметтік және дене шынықтыру дайындығының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етуге, заңдылық пен тәртіпті аса қатаң сақтауға;

      2) сезіктілер мен айыпталушыларды күзету сенімділігін осы қызметке басшылық жасаудың ұйымдастырушылық түрлері мен әдістерін жетілдіру, озық-тәжірибені, ғылым мен техника жетістіктерін енгізу негізінде арттыру жөнінде қамқорлық жасауға;

      3) Уақытша ұстау изоляторында қашуды тоқтататын жабдықтарға назар аудару, оларды нығайту, оларда ұстаудың тиісті жағдайларын жасау, күзету жөніндегі бөлімшелерді материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру мәселелеріне көңіл бөлуге;

      4) жеке өзі және тиісті аппараттардың өзіне бағынышты басшылары арқылы бөлімшелерде қызмет өткеруді ұйымдастыруды, есепті, жұмыс сараптамасы мен бағамдалуын қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыруға;

      5) сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді күшейту мақсатында жағдай күрделенген кезде және ерекше жағдайларда күштер мен құралдарды шеберлікпен пайдалануды уақытында жүзеге асырып отыруға;

      6) сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі міндеттерді шешуде ішкі істер органдарының басқа да құқық қорғау органдарымен ұдайы іс-әрекеттес болуын ұйымдастыруға міндетті.

      30. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, бөлімшелерінің, қамауда ұстау орындары топтарының бастықтары және олардың орынбасарлары сезіктілер мен айыпталушыларды күзету қызметін ұйымдастырады және оған басшылық етеді.

      Олар:

      1) сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі қолда бар күштер мен құралдардың дұрыс орналастырылуы мен пайдаланылуын, нарядтардың қызмет өткеруі күнделікті бақылауды, олардың заңдылық пен тәртіпті сақтауын қамтамасыз етуге;

      2) сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі жұмыс жағдайы туралы мәліметтерді талдау негізінде оның сенімділігін арттыру және оны жетілдіру шараларын қолдануға;

      3) жаңа уақытша ұстау изоляторларын салу және бұрынғыларды қайта салу жөнінде уақытында ұсыныстар енгізуге, уақытша ұстау изоляторларын және арнайы автомобильдерді күзет пен байланыстың қазіргі уақыттағы техникалық құралдарымен жабдықтау шараларын қолдануға;

      4) күзет-айдауылдау бөлімшелерін жасақтау шараларын қолдануға, жеке құрамды үйрету мен тәрбиелеудің түрлері мен әдістерін жетілдіруге;

      5) озық тәжірибені зерделеуді, насихаттауды және оны осы қызметте пайдалануға енгізуді ұйымдастыруға;

      6) прокуратура, әділет, денсаулық сақтау органдарымен, тергеу бөлімшелерімен және анықтауды жүзеге асырушы қызметтермен, қамауда ұстау орындарымен, ішкі әскерлердің құрамаларымен (бөлімдерімен), басқа да ұйымдармен және мекемелермен сезіктілерді және айыпталушыларды ұстау, күзету мәселелері бойынша ұдайы байланыс жасауға; Полиция айдауылдарына олар нақты міндеттерді орындаған кезде қажетті көмек көрсету жөнінде ішкі істер органдарының іс-әрекеттерін үйлестіруге міндетті.

      31. Ішкі істер органының, уақытша ұстау изоляторларының бастықтары және олардың орынбасарлары тиісті уақытша ұстау изоляторларындағы сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді және заңда қарастырылған ұстау жағдайларының қамтамасыз етілуі үшін тікелей жауап береді.

      Олар:

      1) қалыптасып жатқан жағдайларды, сондай-ақ келіп түскен талаптарды зерделеу және бағамдау негізінде сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуге шешім қабылдауға; осы қызметті орындайтын нарядтарды басқаруды ұйымдастыруға; төтенше оқиғалар, жағдай күрделенген кездерде және ерекше жағдайлар тәртібінде сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді күшейту мақсатында қолда бар күштер мен құралдарды мезгілімен шебер пайдалануға;

      2) ішкі істер органының аға, орта және кіші буынды басшылық етуші құрамының күшімен нарядтарды үйрету, нұсқама өткізу және қызмет өткеруді күнделікті бақылау тәртібін айқындауға;

      3) қызмет кластарын қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуге; жеке құрамның қызметтік, жауынгерлік және дене шынықтыру дайындықтары жөніндегі сабақтарды өзі өткізуге; онымен өткізілетін барлық тәрбие жұмысын қызметтік парызын үлгілі орындауға, заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтауға ұдайы бағыттауға; қол астындағылардың мәдени деңгейін жоғарылату және оларға қалыпты материалдық-тұрмыстық жағдайларды жасау жөнінде қамқорлық көрсетуге;

      4) сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нарядтардың, сондай-ақ техникалық құралдар мен көліктің тікелей міндеттерге байланысты пайдаланылуларын қадағалауға; уақытша ұстау изоляторлары жабдықтарының, арнайы автомобильдердің, байланыс және белгі беру құралдарының жағдайларын тексеруге; анықталған кемшіліктерді жоюға шұғыл шаралар қолдануға;

      5) қашу және өзге де төтенше оқиғалардың алдын алу жөнінде күнделікті жұмыс жүргізуге; сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді ұйымдастыру мен оған басшылық етуді жетілдіру, жеке құрамның қырағылығын арттыру, уақытша ұстау изоляторынан қашуға қарсы құрылғылармен нығайту жөніндегі шараларды белгілеп, жүзеге асыруға; осы қызмет жұмысына озық тәжірибені енгізуге;

      6) сезікті немесе айыпталушы қашқан жағдайда қажетті бастапқы іздестіру іс-шараларын ұйымдастыруға;

      7) камераларды оқшаулаудың белгіленген ережелерінің сақталуын бақылауға;

      8) сезіктілер және айыпталушыларды камералар бойынша бақылау тінтулерін және кезекші ауысымдардың қызмет өткеру ісін тұтқиылдан тексеруін өткізуді ұйымдастыруға, бақылау тінтулері мен тұтқиыл тексерудің кестесін жеке өзі жүргізуге;

      9) күзеттің жеке құрамының басқа қызметтермен ұдайы өзара іс-әрекетте болуын жүзеге асыруға міндетті.

      32. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, уақытша ұстау изоляторлары бөлімінің, басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің, қамауда ұстау орындары топтарының басшылық етуші және басқарушы құрамы күзетуді, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі сезіктілер мен айыпталушыларды күзету мәселелері жөніндегі бұйрықтарын, нұсқаулықтарын және басқа талаптарын орындауды тікелей ұйымдастырады.

      Ол:

      1) сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жағдайы туралы ақпаратты жинауды, насихаттауды және саралауды, осы қызметте бар күштер мен құралдарды орналастыруды және пайдалануды қамтамасыз етуге; тиісті бастыққа кемшілікті жою туралы өз пікірлері мен ұсыныстарын мәлімдеуге;

      2) ішкі істер органдарының, сезіктілер мен айыпталушыларды күзет сенімділігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі жоспарлы шараларының орындалуын бақылауға;

      3) осы жұмыстағы кемшіліктерді саралау және үлгілі тәжірибені зерделеу негізінде өз қызметінің желісі бойынша бұйрықтар жобаларын, шолулар, ұсыныстар т.б. құжаттар жасауға;

      4) жұмыс кестесімен және жоспарымен сәйкес сезіктілер мен айыпталушыларды күзетудің ұйымдастырылуын, нарядтардың қызмет өткеруін үнемі тексеріп тұруға, бақылауды уақытша ұстау изоляторының жеке құрамына көмек көрсетумен және оларды оқытып-үйретумен ұштастыруға;

      5) осы мәселелер бойынша ішкі істер органының басқа қызметтерімен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе іс-әрекет жүргізуге міндетті.

      33. Уақытша ұстау изоляторының бастығы ішкі істер органының бастығына тікелей бағынады. Ол сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді ұйымдастырады, оларды ұстаудың Заңда қарастырылған тәртібін қамтамасыз етеді және уақытша ұстау изоляторы нарядтарының қызметіне басшылық етеді.

      Уақытша ұстау изоляторының бастығы:

      1) нарядтарды қызмет өткеруге дайындауға, ішкі істер органы бастығының сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі шешіміне сәйкес күштер мен құралдарды орналастыруға;

      2) бағыныштыларының міндеттерді орындауын бақылауға;

      3) күзеттің жабдықтары мен техникалық құралдарын ақаусыз жағдайда ұстау мақсатында камераларды және уақытша ұстау изоляторының басқа да үй-жайларын әр күні байқаудан өткізіп тұруға;

      4) уақытша ұстау изоляторын жөндеуден өткізу, күзеттік-дабылдық байланысты және өрт сигнализациясын жетілдіру туралы, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету және оларға медициналық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ұсыныстарды уақытында енгізуге;

      5) уақытша ұстау изоляторында ұсталынатын адамдардың жеке ерекшеліктерін зерделеуге, олардың шағымдары мен өтініштерін белгіленген тәртіпте қарауға;

      6) сезіктінің немесе айыпталушының ұсталу мерзімі аяқталуға дейін кемінде бір тәулік бұрын бұл туралы ішкі істер органының бастығын және осы қылмыстық істі өндіріске алған адамды, сондай-ақ прокурорды жазбаша түрде хабардар етуге;

      7) қашулардың, басқа да төтенше оқиғалардың, заңдылық пен қызметтік тәртіптің бұзылуының алдын алу жөніндегі профилактикалық сипаттағы шараларды жүзеге асыруға;

      8) нарядтардың осы Нұсқаулықты және уақытша ұстау изоляторында ұстау тәртібін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді жақсы білуіне және бұлжытпай орындауына қол жеткізуге;

      9) қызметкерлерді заңдылық пен тәртіпті аса қатаң сақтау рухында тәрбиелеуге, бағыныштылардың жеке бастық қасиеттерін зерделеуге және олардың мұқтаждықтарын білуге, демалыс күндері мен демалыстардың берілуін реттеуді, жұмыс нәтижелерін ескеруге және бағалауға;

      10) қарулар мен оқ-дәрілердің сақталу тәртібі мен жағдайын, пайдаланылуын және есепке алынуын тексеруге;

      11) барлық ғимараттардың ұсталуын және дұрыс пайдаланылуын қадағалауға, өртке қарсы қажетті шараларды жүргізуге міндетті.

      34. Уақытша ұстау изоляторы бастығының жедел жұмыстар ісі жөніндегі орынбасары тікелей уақытша ұстау изоляторының бастығына бағынады. Ол уақытша ұстау изоляторының бастығы болмаған кездерде уақытша ұстау изоляторы жағдайында жедел-іздестіру іс-әрекетін ұйымдастырады, оның міндеттерін орындайды.

      35. Уақытша ұстау изоляторының старшинасы уақытша ұстау изоляторы бастығына бағынады. Уақытша ұстау изоляторының аға және орта басшы құрамы болмаған кездерде ол қатардағы және кіші басшы құрам үшін басшы болып табылады, Уақытша ұстау изоляторында табельдік тиесілікке байланысты материалдық-техникалық, арнайы құралдармен уақытында толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ сеніп тапсырылған мүліктің есепке алынуын, пайдаланылуын, сақталынуын және жөнделуін ұйымдастыру үшін жауап береді.

      Ол:

      1) мүліктің, автокөліктің және уақытша ұстау изоляторының иелігіндегі арнаулы құралдардың материалдық бөлігін, оларды пайдалану және сақтау ережелерін зерделеуге;

      2) тапсырыстар беріп, қажетті мүлікті, қару-жарақты, автомобильдік және арнайы техниканы, байланыс құралдарын уақытында алып отыруға, олардың дұрыс пайдаланылуын және сақталуын қадағалауға;

      3) қарудың, арнайы құралдардың, автокөліктің, уақытша ұстау изоляторы үй-жайлары мен камераларын уақытында жөндеуді өткізу шараларын қолдануға;

      4) уақытша ұстау изоляторлары үй-жайларында және камераларында тазалық пен тәртіптің сақталуын қадағалауға, күнделікті және айына кемінде бір рет өткізілетін уақытша ұстау изоляторлары үй-жайлары мен камераларын жаппай сүртіп-тазалауды өткізуге басшылық жасауға;

      5) күзет жабдықтары мен техникалық құралдарын дұрыс жағдайда ұстау мақсатында изолятордың камераларының және басқа үй-жайларын күнделікті тексеріп шығуға;

      6) уақытша ұстау изоляторларында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қатаң бақылауға, өртке қарсы жабдықтар жағдайын ұдайы қадағалауға;

      7) қызметтік және жауынгерлік дайындық сабақтарында тыңдаушыларды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуге;

      8) изоляторларда ұсталынатын адамдарды тамақтандыруды ұйымдастыруға;

      9) қажет болған жағдайда уақытша ұстау изоляторы бастығына уақытша ұстау изоляторларын қайта салу туралы ұсыныс жасауға, уақытша ұстау изоляторларын және арнайы автомобильдерді күзеттің және байланыстың қазіргі уақыттағы техникалық құралдарымен жабдықтауға шаралар қолдануға;

      10) мүлікке ұқыптылықпен қарауды және энергоресурстардың үнемді жұмсалуын қадағалауға;

      11) уақытша ұстау изоляторларында ұсталынатын сезіктілер мен айыпталушыларды және олардың заттарын санитарлық-дезинфекциялық өңдеуден өткізуге;

      12) сезіктілерді, айыпталушыларды жауап алу, жедел-тергеу әрекеттерін жүргізу және кездесу үшін камерадан шығару талаптары бланкілерінің берілуін есепке алуды жүргізуге міндетті. Талап хатшылықта тіркеледі, бір адамға толтырылады, уақытша ұстау изоляторынан тыс жерлерге сезіктілер мен айыпталушыларды шығаруға ішкі істер органы бастығының бұрыштамасы болуы керек.

5. Уақытша ұстау изоляторында сезіктілер мен
айыпталушыларды күзету.
Нарядтардың құрамы және оны орналастыру

      36. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету үшін уақытша ұстау изоляторы бойынша кезекшінің көмекшісі, күзету бойынша полицейлері (күзет қызметкерлері және шығарушылар) тағайындалады. Наряд құрамын уақытша ұстау изоляторының бастығы анықтайды.

      37. Күзет орындарының саны мен түрі, олардың орналастырылуы және шығарушылар саны уақытша ұстау изоляторы бастығы жасаған және ішкі істер органының бастығы бекіткен уақытша ұстау изоляторын күзету жөніндегі күзет орыны табелімен белгіленеді (2 қосымша).

      Әрбір күзет орнына тұрақты нөмір беріледі.

      Штаттық кезекші көмекшілері, уақытша ұстау изоляторы көмекшілері жоқ ішкі істер органында олардың міндеттерін ішкі істер органы бойынша кезекшілер орындайды.

      Күзет орыны табелінде күзетілетін объектілер тізбесі және наряд міндеттері көрсетіледі. Уақытша ұстау изоляторы, ішкі істер органы бастығының рұқсаты бойынша сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді күшейту үшін табельдегілерге қосымша күзет орындары қойылады.

      Күзет орындары екі түрге: сыртқы күзет орындары және ішкі күзет орындарына бөлінеді.

      38. Сыртқы күзет орындары:

      1) бас қақпа жанына;

      2) қосалқы қақпа жанына;

      3) қоршау мен аумақ көлемін күзету жөніндегі жылжымалы бекеттер;

      4) серуен аулаларында, алаңдарында қойылады.

      Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету және олардың тәртібін бақылау үшін ішкі күзет орындары камералар орналастырылған дәліздерде, шығар есіктер жанына қойылады.

      39. Шығарушылар сезіктілер мен айыпталушыларды камералардан шығару үшін және оларды уақытша ұстау изоляторы төңірегінде күзету үшін белгіленеді. Уақытша күзет орындарындағы шығарушы мен күзет қызметкерінің міндеттері уақытша ұстау изоляторы бойынша кезекші көмекшісіне немесе ішкі істер органы кезекшісінің көмекшісіне жүктелуі мүмкін.

      40. Ішкі күзет орындарындағы күзет қызметкерлері және шығарушылар қызметті қарусыз өткереді. Уақытша ұстау изоляторын күзету жөніндегі сыртқы күзет орындарындағы күзет қызметкері тапаншамен немесе автоматпен қаруланады.

      41. Сезіктіні немесе айыпталушыны жедел медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау органдарының ауруханасына жөнелту жағдайында ауруды күзету үшін тәулік бойғы жұпты күзет қойылады. Аурудың жеке немесе жалпы палатаға орналастырылуына байланыссыз бір күзет қызметкері тікелей палата ішінде күзетеді, ал екіншісі жағдайға байланысты дәлізде немесе аурухананың сыртында күзетте тұрады. Егер ауруханаға әйел адам жіберілген болса, палатадағы күзетке әйел жіберіледі. Белгіленген күзет қызметкерімен бірге ауруханаға ішкі істер органы, уақытша ұстау изоляторы басшыларының

      бірі немесе ішкі істер органы кезекшісі не уақытша ұстау изоляторы

      кезекшісінің көмекшісі міндетті түрде барады, ол сол орында күзету

      тәртібін белгілейді және күзет қызметкерлеріне нұсқама өткізеді.

      42. Кезекшілік ауысымға кезекшіден, кезекші көмекшесінен басқа:

      1) сыртқы күзет қызметкерлері;

      2) ішкі күзет қызметкерлері;

      3) шығарушылар кіреді.

      43. Кезекші ауысымына:

      1) уақытша ұстау изоляторын күзету;

      2) ішкі және сыртқы күзет орындарында күзет өткеру;

      3) белгіленген тәртіпті сақтау және сезіктілер мен айыпталушыларды оқшаулауды қамтамасыз ету;

      4) қашуларды және басқа да төтенше оқиғаларды болдырмау;

      5) жеткізілген және кететін сезіктілер мен айыпталушыларды қабылдау және ресімдеу, оларды жеке тінтуді жүргізу;

      6) сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторы төңірегінде айдауылдау;

      7) күзеттің техникалық құралдарын бақылау;

      8) күзетуді және қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да міндеттерді орындау жүктеледі.

      44. Кезекші (кезекшінің көмекшісі) ұсталғандарды, қамауда ұсталынатындарды күзету жөніндегі полиция нарядына жедел басшылық жасауды жүзеге асырады және уақытша ұстау изоляторы бастығына бағынады. Ол сезіктілер мен айыпталушыларды ұстаудың белгіленген тәртібінің қамтамасыз етілуі, нарядтың өз міндеттерін орындауы үшін жауап береді.

      45. Уақытша ұстау изоляторы бойынша кезекшілікті қабылдаған қызметкер:

      1) сезіктілер мен айыпталушылардың уақытша ұстау изоляторында ұсталынуын негіздейтін материалдардың болуын және дұрыс ресімделуін тексеруге, камералар кілттерін, кісендерді, басқа да арнайы және техникалық құралдарды, қызметтік құжатнамалар мен бланкілерді, сондай-ақ камераларда сақтауға тыйым салынған, сезіктілер мен айыпталушылардан алынған заттарды, бұйымдарды және бағалы заттарды уақытша ұстау изоляторы бойынша кезекшілікті қабылдау-өткізу кітабына түсетін жазба арқылы қабылдауға;

      2) ауысатын кезекшілермен бірлесе отырып, уақытша ұстау изоляторлары камераларын және басқа да үй-жайларды мұқият тексеруге, жабдықтардың, байланыс, белгі беру құралдарының ақаусыздығына қол жеткізуге және камераларда тінту жүргізуге сезіктілер мен айыпталушыларды сан бойынша және оларға арналған құжаттар бойынша түгендеуге, олармен сұрастырулар жүргізуге, жеке басын тінтуге және олардың заттарын қарауға. Камераларда санитарлық тораптар болмаған жағдайда сезіктілер мен айыпталушыларды камералар бойынша кезекшілікті қабылдап алған және ауысатын нарядтардың күзетуімен әжетханаларға апаруды жүргізуге. Камераларда ұсталынатын адамдардың уақытша ұстау изоляторы бойынша кезекшілікті қабылдау-өткізу уақытында басқадай жүріс-тұрыстарына тыйым салынады.

      3) ауысатын кезекшімен бірге уақытша ұстау изоляторы бастығына және ішкі істер органы бастығына (оның орынбасарына) кезекшілікті қабылдау және өткізу туралы, осы кезде анықталған кемшіліктер мен оларды жою шаралары туралы мәлімдеуге, осы туралы кезекшілікті қабылдау-өткізу кітабына белгі қоюға (3 қосымша) міндетті.

      46. Бұдан кейін уақытша ұстау изоляторы бойынша кезекші (кезекшінің көмекшісі):

      1) кезекшілікті осы Нұсқаулықта қарастырылған тәртіппен қабылдауға және өткізуге;

      2) уақытша ұстау изоляторындағы күзетуді ұйымдастыруға және сезіктілер мен айыпталушыларды ұстаудың белгіленген тәртібін қамтамасыз етуге;

      3) Уақытша ұстау изоляторы, ішкі істер органының бастығы, олардың орынбасарлары болмаған кездерде төтенше оқиғалар: өртті өшіру, шабуыл жасау, қашу, бағынбау болған жағдайларда қажет шұғыл шараларды өз бетімен қабылдауға;

      4) күзет қызметкерлерін ауыстыруды тікелей өзі жүргізуге, күндізгі уақытта кемінде үш-төрт рет және түнгі уақытта бес-алты рет нарядтың қызмет өткеруін, күзет қызметкерлері мен шығарушылардың өз міндеттерін білуін, олардың жарықтандырылуын тікелей өзі тексеруге, нарядты күшейтілген қадағалауды қажет ететін адамдар туралы ұдайы хабардар етуге, уақытша ұстау изоляторы жабдықтарының жағдайын, байланыстың, белгі беру және жарық жүйесінің ақаусыз болуын қадағалауға;

      5) сезіктілер мен айыпталушыларды камералардан шығару жөнінде шешім қабылдауға, камералар есіктерін жеке өзі ашуға және кілттерді ұдайы өз жанында сақтауға;

      6) сезіктілер мен айыпталушылардың уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қамтамасыз етуге. Төтенше оқиғалардың және осы Нұсқаулықта белгіленген басқа да жағдайлардың алдын алуға, сезіктілер мен айыпталушыларды тінтуді, олардың заттарын және камераларды қарауға, қашуға әзірлік туралы әрбір ақпаратты тексеруге және мұндай кезде пайдаланылуы мүмкін себептер мен жағдайларды жою үшін тиісті шараларды қолдануға, күзетті күшейтуге;

      7) жер асты жолын жасау, қабырғаларды, төбені, еденді тесу, терезе торлары мен құлыптарды бүлдіру әрекеттері анықталғанда бұл туралы уақытша ұстау изоляторы бастығына, ішкі істер органы бастығына дереу мәлімдеуге, сезіктілер мен айыпталушыларды басқа камераларға немесе үй-жайларға ауыстыруға;

      8) уақытша ұстау изоляторына жеткізілген сезіктілер мен айыпталушыларды жеке өзі қабылдауға; есеп кітабында уақытша ұстау изоляторында ұсталынатын адамдарды, сезіктілер мен айыпталушылардың қабылдануын, олардың камераларға орналастырылуын белгілеуге, сондай-ақ аталған адамдардың уақытша ұстау изоляторынан босатылуы немесе әкетілуі жағдайында сол жерде болуға, уақытша ұстау изоляторында ұсталуға байланысты жеке істерді (мұқабаны, анкетаны және дактилоскопиялық картаны) және басқа құжаттарды ресімдеуге, уақытша ұстау изоляторы бастығына ұсталу мерзімінің өткендігі туралы алдын-ала хабарлауға;

      9) кезекші-ауысымның жеке құрамының заңдылықты сақтауын қамтамасыз етуге;

      10) уақытша ұстау изоляторында, режимдік аймақта және серуендеу ауласында тәртіп пен тазалықты қадағалауға, оларда бөгде адамдардың, сондай-ақ күзетке шабуыл жасау үшін қолданылуы мүмкін заттардың болуына жол бермеуге, сезіктілер мен айыпталушылар ішінен әр тәулікке камералар бойынша кезекшілер белгілеуге;

      11) уақытша ұстау изоляторы бастығына кезекшілік барысында және ол аяқталған соң тәулік ішіндегі барлық оқиғалар туралы мәлімдеуге;

      12) күзету қаруларының дұрыс сақталуын, есепке алынуын және жоғалмауын қамтамасыз етуге;

      13) кіріп-шығу жүйесі ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;

      14) қажет болған жағдайларда күзет орындарында өзі болмаған кезде кезекші міндеттері орынбасарына жүктеледі.

      47. Уақытша ұстау изоляторына кіріп-шығу тәртібін жүзеге асыру кезінде кезекші (кезекшінің көмекшісі):

      1) уақытша ұстау изоляторында қызмет өткеруге, тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге, заңдылықты қадағалау, сезіктілермен және айыпталушылармен кездесуге немесе оларға сәлемдеме жеткізу үшін келген адамдардың құжаттарын тексеруге;

      2) уақытша ұстау изоляторында тыйым салынған заттар мен хат-хабарлардың берілуіне жол бермей отырып, тапсырылатын заттардың, азық-түліктің (сәлемдемелердің) қабылдануын және мұқият тексерілуін қамтамасыз етуге.

      48. Кезекшіге (кезекші көмекшісіне):

      1) күзеттің белгіленген табельдік бекеттерінің санын қысқартуға немесе қашулардың және басқа да төтенше оқиғалардың жолын кесу не болмаса ерекше жағдайлар жөніндегі шұғыл шаралар қажет еткен жағдайлардан басқа кезде олардың орналастырылуын өзгертуге;

      2) кенеттен ауырып қалу немесе басқа себептермен міндеттерін орындау мүмкін болмаған жағдайлардан басқа кездерде, уақытша ұстау изоляторының бастығының рұқсаты және тиісті ауысым болған жағдайлардан өзге кездерде наряд құрамынан адам босатуға;

      3) уақытша ұстау изоляторы аумағынан шығып кетуге, демалуға немесе ұйықтауға, телефонмен жеке бастық жайлар жөнінде сөйлесуге тыйым салынады.

      49. Кезекшіге мынадай жағдайларда қосымша уақытша бекеттерді өз бетінше қоюға рұқсат етіледі.

      1) тәуліктің қараңғы кездерінде электр жарығының болмауы;

      2) ескерту сигнализациясы құралдары істен шыққанда;

      3) құлыптардың немесе торлардың ақауланғаны анықталғанда және ұсталғандарды басқа камераға ауыстыру мүмкін болмағанда;

      4) сезікті немесе айыпталушы тарапынан өзіне өзі қол жұмсау әрекеттері немесе ниеті болғанда және басқа да қажетті жағдайларда.

      50. Ауырған жағдайда кезекші бұл туралы ішкі істер органының уақытша ұстау изоляторының бастығына немесе олардың орынбасарларына мәлімдейді және әрі қарай олардың нұсқауы бойынша іс-әрекет жасайды.

      51. Сезіктілер мен айыпталушылар, тұтқындалғандар және қамауға алынғандар ұсталынатын камералар жанындағы ішкі бекет бекетшілері уақытша ұстау изоляторының бастығына, кезекшіге және оның көмекшісіне тікелей бағынады.

      Ол:

      1) Бекетті қабылдап алғанда уақытша ұстау изоляторы бойынша кезекшімен (кезекшінің көмекшісімен), уақытша ұстау изоляторы бастығымен немесе ішкі істер органы басшыларымен бірлескен түрде камералардағы жабдықтардың, төсектердің, терезелердің, торлардың, еденнің, төбенің, жылыту жүйелерінің, белгі беру және жарықтандыру құралдарының жағдайын және ақаусыздығын тексеріп шығуға;

      2) сезіктілер мен айыпталушыларды санап қабылдауға, күшейтілген бақылауды қажет ететін адамдарды бетпе-бет тануға;

      3) ауысымға дейін ешбір жағдайда да бекетті тастап кетпеуге;

      4) қызметті қырағы өткеруге, есіктегі "көздер" арқылы дәлізбен дыбыссыз қозғала жүріп, камералардағы сезіктілер мен айыпталушылардың тәртібін ұдайы қадағалауды жүзеге асыруға, оларды камералардан шығарған кезде күзету ережелерін қатаң да дәл сақтауға;

      5) сезіктілер мен айыпталушылар уақытша ұстау изоляторында белгіленген ішкі тәртіп Ережелерін бұзған кезде тәртіп бұзушылықты тоқтатуды талап етуге (есік "көздері" арқылы), бағынбайтын болса, бекетке уақытша ұстау изоляторы бойынша кезекшіні (кезекшінің көмекшісін) немесе уақытша ұстау изоляторының басшыларын шақыруға;

      6) қашуға әзірлікті немесе сондай әрекетті әшкерелегенде дабыл белгісін қағуға, бекетке кезекшіні (кезекшінің көмекшісін) шақыруға және бекетті тастап кетуге байланыссыз қажетті шараларды қолдануға;

      7) өзін-өзі өлтіруге әрекет етуді әшкерелеген кезде дабыл белгісін қағып, бекетке уақытша ұстау изоляторы бойынша кезекшінің (кезекші көмекшісінің) келуіне дейін есік саңылауы арқылы сол камерадағы басқа адамдарға мұндай әрекеттерге тоқтау салуға және алғашқы медициналық көмек көрсетуге нұсқау беруге;

      8) камералардан шақыру түскен жағдайларда есік саңылауы арқылы оның себебін анықтап, өзінің қызметтік міндеттерін орындауды тоқтатпастан, қойылған сұрақтарға жауап беруге; егер бұл басқадай шараларды қабылдау қажеттігімен байланысты болса, бұл жөнінде уақытша ұстау изоляторының кезекшісіне (кезекшісінің көмекшісіне) мәлімдеуге;

      9) түнгі уақытта барлық күзетілетін камералар жарықтандырылған болуын қадағалауға;

      10) уақытша ұстау изоляторының кезекшісіне (кезекшінің көмекшісіне) сезіктілер мен айыпталушылардың тәртібін бақылау нәтижелері туралы мәлімдеуге;

      11) оқиғалар болған жағдайда жеке құраммен бірге іс-әрекетке ұдайы дайын болуға, байланыс, белгі беру және өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуге;

      12) сезіктілер мен айыпталушыларды серуенге немесе санитарлық өңдеуге шығарған кезде оларды айдауылға санақ бойынша тапсырып, санақ бойынша қабылдауға, мұны бекеттік ведомосте белгілеуге міндетті.

      Сезіктілер мен айыпталушылардың сұрақтарына бекетші өз міндеттерін орындай жүріп, қысқа әрі сыпайы жауап береді. Егер сезікті немесе айыпталушы әлдебір өтініш немесе шұғыл мәлімдеме жасағысы келсе, бекетші бұл туралы кезекшіні (кезекшінің көмекшісін) хабардар етеді. Бекетші сезіктілер мен айыпталушылардан ешқандай өтініш қабылдамайды және оған олармен қызметтік міндеттерді орындауға қатысы жоқ тақырыптарда сөйлесуге тыйым салынады.

      Бекетке тікелей бастықтар және уақытша ұстау изоляторын тексеретін адамдар келгенде бекетші мәлімдеме бермейді тек қана өзін таныстырады. Мысалы: "Полковник мырза. Бекетші полиция сержанты Қанатов". Бұйрықтар мен мәлімдемелер ішкі бекеттерге бәсең дауыспен беріледі.

      52. Сезіктілер мен айыпталушыларды серуен ауласында күзету жөніндегі бекетші 51-тармақта санамаланған міндеттерді орындаудан басқа:

      1) бекетті қабылдау алдында қоршау жабдықтарының, серуен алаңының дұрыстығын тексеруге, шабуыл жасауға немесе қашуға пайдаланылуы мүмкін заттардың оның аумағында жоқ екендігіне көз жеткізуге;

      2) серуен кезінде сезіктілер мен айыпталушылардың тәртібін мұқият қадағалауға, олардың серуен ауласының қоршауы үстінен заттарды лақтыруына жол бермеуге, сондай-ақ бөгде адамдармен сөйлесулеріне мүмкіндік бермеуге міндетті. Белгіленген Ережелер тәртібін бұзушылық болған жағдайда серуендеу мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      53. Сыртқы бекетшінің міндеттері:

      1) уақытша ұстау изоляторы үйінің терезелерін, төбесін және қоршауларына тұрақты бақылауды жүргізу;

      2) сезіктілер мен айыпталушылардың күзеттің белгіленген шекарасынан ауысуына және бөгде адамдардың уақытша ұстау изоляторы аумағына және үй-жайына кіруіне жол бермеу;

      3) сезіктілер мен айыпталушылар күзет шекарасынан асуға және бөгде адамдар уақытша ұстау изоляторының ауласына және үй-жайларына кіруге әрекеттенген жағдайда дабыл белгісін беріп, ондай әрекеттердің жолын кесу шараларын қолдану;

      4) қоршау құрылыстарының, күзет сигнализациясының, терезе торлары мен жақтауларының, қабырғалардың, төбенің бүлінгенін, заттар мен хаттардың лақтырылғанын көргенде, камераларда шу көтерілгенде бұл туралы уақытша ұстау изоляторының кезекшісіне (кезекшінің көмекшісіне) дереу мәлімдеу;

      5) уақытша ұстау изоляторы орналасқан ауданда қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда оларды тоқтату шараларын қолдану және бұл туралы уақытша ұстау изоляторының кезекшісіне (кезекші көмекшісіне) бірден мәлімдеу;

      6) бекетте қаруды оқтаулы және іс-қимылға әзір күйде ұстау (бұл кезде оқты оқ салғышқа жіберуге болмайды), оны ешкімге, соның ішінде өзі бағынатындарға да ұстатпау;

      7) серуен аулаларын көруге мүмкіндігі бар бекетші сезіктілер мен айыпталушылар шығарушыға немесе серуен алаңының бекетшісіне шабуыл жасаған немесе қашуға әрекет еткен жағдайда дабыл белгісін беріп қоршаудың күзетілетін көлемі арқылы қашудың алдын алу шараларын қолдану (бекеттен тыс кетпеу).

      54. Бас қақпаның немесе қосалқы қақпаның жанына бекет қойғанда бекетшілердің міндеттері төмендегідей:

      1) сезіктілер мен айыпталушылардың қақпа арқылы қашуына және уақытша ұстау изоляторына бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу;

      2) қақпа мен кірер есікті ұдайы ілгекте ұстау;

      3) уақытша ұстау изоляторына кіріп шығатын лауазымды адамдардан, қызметкерлерден, келушілерден, сезіктілер мен айыпталушылар айдауылдарынан, көлік иелерінен кезекші рұқсатын талап ету;

      4) кіріп-шығу тәртібі талаптарын қатаң сақтау: кірген (шыққан) адамның жүзін көріп, жеке куәлігін немесе рұқсат қағазын мұқият тексеру.

      Егер басты кірер есік бекет ішінен басқарылатын электромеханикалық немесе механикалық құлыптармен жабдықталмаса, онда бекетші кірер есікті ашып, келген адамды уақытша ұстау изоляторына кіргізбес бұрын, есік саңылауын ашып, жеке куәлікті және рұқсат қағазды қабылдайды.

      55. Уақытша ұстау изоляторының бекетшілеріне:

      1) қызмет өткеру кезінде бекетті өз бетімен тастап кетуге, ұйықтауға, отыруға, күзет кезінде оқуға, ән айтуға, тамақтануға, сезіктілермен және айыпталушылармен қызметтік қажеттілік болмаса сөйлесуге;

      2) сезіктілер мен айыпталушыларға әлдеқандай заттарды, хаттарды беруге немесе олардан алуға, сондай-ақ оларды жеке қызмет үшін пайдалануға тыйым салынады.

      56. Сезіктілер мен айыпталушылардың уақытша ұстау изоляторының аумағында топталып немесе жеке дара жүруі кезінде олардың жанында шығарушылар болуға тиіс. Сезіктілер мен айыпталушылардың топтары тек саппен жүруге тиіс.

      Шығарушы уақытша ұстау изоляторының кезекшісіне (кезекшінің көмекшісіне), уақытша ұстау изоляторы бастығына және оның орынбасарларына тікелей бағынады. Шығарушылар қарусыз жүреді.

      Ол:

      1) кезекшінің (кезекші көмекшісінің) бұйрығымен сезіктілер мен айыпталушыларды тергеу кабинеттеріне, кездесу бөлмелеріне, медициналық қызметкерге немесе уақытша ұстау изоляторының басқа да үй-жайларына айдап алып баруға тиіс. Уақытша ұстау изоляторында ұсталынатын адамдарды камералар бойынша кезекпен серуенге шығару, куәландыруға немесе тексеруге, санитарлық өңдеуге апару нарядтың басқа қызметкерлерімен бірге ғана жүргізіледі;

      2) сезіктілер мен айыпталушыларды камералардан шығару кезінде және олар оралғанда жеке тінту жүргізуге; оларды серуен ауласына кезекті шығару алдында тергеу кабинеттерін, кездесу бөлмесін, санитарлық өткізгішті, дәліздерді, уақытша ұстау изоляторының басқа да үй-жайларын мұқият тексеріп шығуға, шабуыл жасау үшін және қашуға, басқа адамдармен қандай да бір ақпаратпен алмасу үшін пайдаланылуы мүмкін заттарды алып алуға; кезекшіге, уақытша ұстау изоляторы бастығына күзету-дабыл белгі беру құралдарының, жарық беру және байланыс жабдықтарының ақаулары туралы мәлімдеуге;

      3) сезіктілер мен айыпталушылардың тәртіптерін үздіксіз бақылауды жүзеге асыруға;

      4) тергеу кабинеттерінде тергеу әрекеттері жүргізілетін кезде ұдайы олардың жанында болуға, сезіктілер мен айыпталушыларды олар туыстармен және басқа адамдармен кездескен кезде ұдайы бақылауда ұстауға, олардың белгіленген тәртіп ережелерін сақтауын бақылауға;

      5) қашу кезінде және күзетке шабуыл жасалғанда жеке құрамның оқиға болған жағдайға арналған құрамымен сәйкес іс-әрекет жасауға міндетті.

6. Айыпталушыларды соттарда және тергеу іс-әрекеттері
өндірісі кезінде күзету

      57. Сот мәжілісі залында айыпталушылар қоршау артындағы (құрастырмалы-жиналмалы конструкциялармен) орындықтарға сот мәжілісінде төрағалық етушінің анықтаған тәртібімен орналастырылады.

      Айдауылдар қоршаудың оң және сол жақтарына орналасады.

      Бекеттердегі ауысымды айдауыл бастығы сот мәжілісінің барысын бұзбастан әрбір отыз минут сайын жүргізеді. Сот үкімі жарияланған кезде, айдауылдар мен айыпталушылар сот үкімін тұрып тыңдайды.

      Ескерту. 57-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2008.10.09 N 375 Бұйрығы.

       58. Айдауыл сот мәжілісі залында айыпталушыларға төрағаның рұқсатынсыз орнынан тұруға, бір бірімен сөйлесуге, азаматтармен қарым-қатынас жасауға тыйым салады.

      Бұл талаптар орындалмағанда аға айдауыл дабыл белгісімен айдауыл бастығын шақырады, ол төрағалық етушінің нұсқауымен және қызметтен бос айдауылдардың көмегімен тәртіп орнату шараларын қолданады.

      Үзілістерде және сот мәжілісі аяқталған соң төрағалық етушінің рұқсатымен айыпталушының (айыпталушылардың) қорғаушымен, сарапшымен сөйлесуіне ерік беріледі. Бұл кезде күзет алынбайды.

      59. Айыпталушыларды ұстауға арналған камералардың жанындағы және сот ғимараты жанындағы сыртқы бекет айдауылдары (егер сыртқы бекетші қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына сәйкес тұрғызылса) осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіп бойынша өз міндеттерін орындайды.

      60. Айдауыл бастығы айдауыл бөлімшесінің командиріне (ішкі істер органы бастығына), айдауылдауды тағайындаған жауапты қызметкерге айыпталушыларды күзету жағдайларындағы барлық елеулі өзгерістер туралы, сот мәжілісінің кейінге қалдырылғаны (басқа уақытқа, басқа орынға ауыстырылғаны) немесе оның аяқталғаны жайлы, айдауылдауды күшейту қажеттілігі жайында мәлімдеуге міндетті.

      61. Бас еркінен айыру туралы өкім жарияланған кезде айдауылдаудың бүкіл құрамы айыпталушыларды қадағалауды күшейтеді, ауыр, ерекше ауыр қылмыстар үшін сотталғандарға және жазалаудың айрықша шарасы-өлім жазасына сотталғандарға қол кісендер кигізіледі.

      Ақтау үкімі шыққан жағдайда немесе айыпталушыға қатысты жол кесу шаралары қамауда ұстауға байланыссыз жаққа өзгергенде айдауылдау бастығы (аға айдауыл) сот мәжілісінде төрағалық етушінің нұсқауымен айыпталушыны дереу босатады, бұл туралы айдауылдауға тапсырыс қағазында жазылады, кейіннен қамауда ұстау орнының әкімшілігіне хабарланады.

      Сот мәжілісі залында қамауға алуды тиісті өкім немесе анықтау жарияланған соң айдауыл төрағалық етушінің ұйғарымы бойынша жүзеге асырады. Сот мәжілісінде төрағалық етуші айдауылдау бастығына қамауға алу жөніндегі жол кесу шарасының өзгертілуіне қатысты адам туралы деректерді алдын-ала хабарлайды. Бұл жағдайда айдауыл бастығы (аға айдауыл) жеке бөлмеде қамауға алынған адамды жеке тінтуді және оның заттарын қарауды осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарды орындай отырып, ұйымдастырады.

      Осы кезде алынған құжаттар жеке тінту хаттамасының бір данасымен бірге төрағалық етушіге қолхат бойынша беріледі, ал камераларда сақтауға тыйым салынған заттар мен бағалы заттар тергеу изоляторларына немесе осы адам ұсталынатын уақытша ұстау изоляторына жіберіледі.

      Төрағалық етушінің талабымен немесе айдауыл бастығының (аға айдауылдың) мәлімдеуі бойынша айдауыл бөлімшесінің командирі (ішкі істер органының бастығы), наряд үшін жауапты адам сот залында қамауға алынған адамдарды күзету және айдауылдау үшін қосымша наряд жібереді. Сезікті немесе айыпталушы әйелдердің жас балалары болған жағдайда сот анықтауына сәйкес олар туыстарына немесе кейіннен балалар мекемелеріне орналастыру мақсатында аумақтық ішкі істер органына беріледі.

      Айыпталушылар айдауылдың сот мәжілісі залына қарай жүру туралы талаптарын орындамаған кезде, сондай-ақ басқа да заңды талаптарды орындаудан бас тартса, айдауыл бастығы (аға айдауыл) айыпталушыға оның тәртібінің құқыққа қарсы екендігін түсіндіреді, одан бас тарту себебін сұрайды және мүмкіндігіне қарай осы жағдай туралы одан жазбаша түсінік алады, қолданылған шаралар, бас тарту жағдайлары және айыпталушының ниеті туралы сот залында төрағалық етушіні хабардар етеді.

      Төрағалық етушіден айыпталушыны ықтиярсыз жеткізу туралы нұсқау алған соң айдауыл бастығы (айдауыл жетекшісі) айдауыл бөлімшесімен (аумақтық ішкі істер органымен) хабарласып, айдауылдауға көмек көрсету үшін қосымша наряд сұрайды.

      Айыпталушыны сот мәжілісі залына оның ықтиярынсыз жеткізу мейілінше қысқартылған бағытпен жүргізіледі. Ол бағыт қашу қаупі бар орындарды анықтау және жабу үшін алдын ала қаралып, бөгде азаматтардан босатылады. Егер айыпталушы шектен шығып, айдауылдаушыларға қарсылық көрсетсе немесе басқадай күш көрсету әрекеттерін жасаса, оның айналадағыларға немесе өзіне залал келтіруін болдырмау үшін тиісті қауіпсіздік шаралары (дене күші, қол-аяғын байлау, кісендеу) қолданылады.

      Айыпталушыны оның ықтиярынсыз сот мәжілісі залына жеткізгені туралы айдауыл бастығы (аға айдауыл) акт жасап, онда құқық бұзушылықтың орнын, уақытын, мәнін, сондай-ақ ықтиярсыз айдауылдаудың салдарлары мен басқа да жағдайларын көрсетеді.

      Акт белгіленген тәртіп бойынша екі дана болып жасалады: бірінші данасы - қылмыстық іс материалдарына, екіншісі - айыпталушының жеке ісіне қосылады.

      Күштеу шараларының қолданылуы фактісі бойынша айдауыл бастығы айдауыл бөлімшесінің командиріне жеке рапортпен мәлімдейді.

      62. Айыпталушыларды күзетке тапсыру сол мәліметте тергеу изоляторы (уақытша ұстау изоляторының) кезекшісінің қолхатымен қоса ресімделеді және мөрмен куәландырылады. Сезіктілер мен айыпталушыларды қылмыстық іс-әрекет өндірісі үшін айдауылдауға бұйрық алған жағдайда ішкі істер органы айдауылының бастығы (аға айдауыл), ішкі істер органының айдауылдар қатарына белгіленген қызметкерлері олардың жеке істерімен танысуға, тергеу іс-әрекетін жүргізу үшін белгіленген үй-жайды (үй-жайларды) немесе орындарды тексеріп шығуға және тергеу өндірісін жүргізушісімен келісе отырып, айдауылданушыларды күзету тәртібін анықтауға тиіс.

      63. Тергеу іс-әрекеттері өндірісін ашық орындарда жүргізу кезінде айдауылдар сезіктілер мен айыпталушылардың жанында ұдайы болуға тиіс, заңда қарастырылған жағдайларда кісендерді қолдануға, әрбір айдауылданушының тергеу іс-әрекеттері сипатына қарай жүріс-тұрысы кезінде оған еріп жүруге, арнайы автомобильге отырғызу алдында жеке басын тінтуге міндетті.

      Үй-жайлардың ішінде айдауылдар терезелер жанына, айдауыл бастығы (аға айдауыл) есіктердің қасына орналасуға тиіс.

      Тергеу іс-әрекеттерінің аяқталғаны туралы немесе оларды кейінгі күндері жалғастыру қажеттілігі жайлы тергеуші (прокурор, анықтауды жүргізуші адам) айдауылдауға арналған мәлімет қағазына белгі қояды және оны қол қоюмен бекітеді.

7. Сезіктілер мен айыпталушыларды санөткізгіштерде (жалпы
пайдалану моншаларында) күзету

      64. Айдауыл бөлімшесінің командирі (ішкі істер органының бастығы) санитарлық өңдеуден өткізілуге тиіс адамдарды күзету тәртібін, полиция нарядының санын және оның қарулануын анықтау үшін санөткізгіштің (моншаның) үй-жайларын алдын ала тексеруді ұйымдастырып, олардың ерекшеліктерін есепке алады. Сезіктілер мен айыпталушылардың саны он бес және одан да көп болғанда санөткізгіштің жанына сыртқы бекет (бекеттер) қойылады, айдауылдар автоматтармен қаруланады. Санөткізгіште айдауылдар терезелердің, есіктердің жанына орналасады; жуыну бөлімшесінде олар қызметті қарусыз өткереді.

      65. Сезіктілер мен айыпталушыларды жалпы пайдалану моншаларына санитарлық тазаруға апару үшін мүмкіндігінше олардың азаматтар баруынан бос күндері (сағаттары) таңдалады; басқа жағдайларда айдауылданушыларды басқа келушілерден тиісті оқшаулау қамтамасыз етіледі. Қамауда ұсталынатындарды санитарлық өңдеуден өткізу міндетті түрде медициналық қызметкердің қатысуымен жүргізіледі. Санитарлық өңдеу аяқталған соң айдауылданушылар жеке тінтуден өтеді, олардың заттары қаралады.

8. Сезіктілер мен айыпталушыларды денсаулық сақтау
органдарының емдеу мекемелерінде күзету

      66. Айдауыл бөлімшесінің командирі (Ішкі істер органының, уақытша ұстау изоляторының бастығы) денсаулық сақтау органдарының әр түрлі мекемелеріндегі күзету жағдайларын зерделеуге міндетті. Тексерулерді өткізу үшін сезіктілер мен айыпталушылар ұдайы жеткізіліп тұратын денсаулық сақтау мекемелерінде бұл үшін арнайы бөлінген күндер мен сағаттар белгіленуі мүмкін. Денсаулық сақтау органдарымен келісе отырып, қажетті оқшаулау шараларын жүзеге асыруды және қашу мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз ететін сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстауға арналған бөлмелер мен палаталар жабдықталады.

      67. Тексеру немесе емделу үшін емдеу мекемелеріне орналастырылатын адамдарды күзетуді, егер іс дәл сол қаланың, ауданның ішкі істер органында - сотында немесе прокуратурасында қаралатын болса, осы қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізетін ішкі істер органы қамтамасыз етеді. Республикалық, облыстық соттар өндірісінде жатқан істер бойынша сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттері, Көліктегі Ішкі істер басқармасы ұйымдастырады.

      Жергілікті денсаулық сақтау органдарымен келісім бойынша үлкен қалаларда сезіктілер мен айыпталушыларды ұстау үшін тұрақты және тиісті түрде жабдықталған (ішкі істер органдарының көмегімен) палаталар бөлінуі мүмкін.

      Стационарлық-психиатриялық сараптауды өткізу кезінде сезіктілер мен айыпталушыларды күзету психиатриялық ауруханалардың қамауда ұсталынатын адамдарға арналған сот-психиатриялық сараптау бөлімшелері туралы ережелерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      68. Тиісті жағдай болғанда жеке палатаға орналастырылған бір сезікті немесе айыпталушы адамды күзету үшін тәулік бойғы жұптасқан күзет қойылады. Күзетші тапаншалармен қаруланады, олардың біреуі жетекші болып тағайындалады. Медицина қызметкерлері тәртіп талаптары, сезіктілер мен айыпталушыларды емдеу мекемесінде ұстау жағдайлары және оларды емханадан шығару мерзімдерін немесе денсаулық жағдайларын жария етпеу талабы туралы хабарландырылады.

      69. Сезіктілер мен айыпталушыларды емдеу мекемесінде күзететін күзетшінің міндеттері:

      1) ауруды палатаға орналастырудан бұрын терезелерді, есіктерді, төсектерді, төсек-орын заттарын, аласа шкафты, ыдыс-аяқты мұқият қарап шығу және қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін заттарды алып тастау;

      2) аурудың немесе тексерілушінің палатасында ұдайы болу, қашуды болдырмау, оның басқа аурулармен немесе азаматтармен қарым-қатынас жасауына жол бермеу мақсатында емдеу мекемесінде жүріп-тұрған кезінде ұдайы еріп жүру;

      3) емдеу процедураларын өту уақытында және тергеуші (анықтау жүргізетін адам) жауап алған кезде күзетілетін адамның тәртібін үнемі қадағалауды жүзеге асыру;

      4) емдеу мекемесіне азаматтардың келуіне бөлінген күндер мен сағаттарда оны қадағалауды күшейту; күзетілетін адамның денсаулық жағдайындағы өзгерістер туралы, оны басқа мамандандырылған емдеу мекемесіне ауыстыру немесе ауруханадан таяуда шығару жайлы әкімшіліктің шешімі туралы ішкі істер органы кезекшісіне дереу мәлімдеу.

      70. Ішкі істер органының бастығы нарядпен және емдеу мекемесінің әкімшілігімен ұдайы байланыс жасауды, қажет болған жағдайларда нарядты қосымша күштермен және құралдармен күшейтуді, сондай-ақ күзеттің қызмет атқаруын бақылауды ұйымдастырады.

      71. Сезікті немесе айыпталушы палатада тамақтанады. Оны процедураларға және әжетханаға бару үшін палатадан шығаруды наряд толық құрамымен жүзеге асырады. Процедураларды өту кезінде және әжетханада бір күзетші терезе (терезелер) жанында, екіншісі есік (есіктер) қасында орналасады.

      72. Сезікті мен айыпталушы емдеу мекемесінде серуенге емдеуші дәрігердің рұқсатымен шығарылады.

      Сезіктілер мен айыпталушылардың басқа құқықтарын қамтамасыз ету уақытша ұстау изоляторының ішкі тәртіп ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Қызметтік иттермен қызмет өткеру ерекшеліктері

      73. Қарауыл итінің сыртқы бекеті уақытша ұстау изоляторының қоршалған аумағында, уақытша ұстау изоляторының камералары мен басқа да режимдік үй-жайларының терезелері астына, міндетті түрде тәуліктің жарық уақытында қойылады. Түнде уақытша ұстау изоляторының қоршалған аумағын қарауыл иттеріне еркін күзету әдісі қолданылады.

      Қызметтік ит сондай-ақ уақытша ұстау изоляторының жанындағы сыртқы бекеттің (сот үйінің, санөткізгіштің, моншаның) күзетшісіне берілуі мүмкін, түнгі уақытта изолятор камераларының ішкі блогында пайдаланыла алады. Қызметтік ит сезіктілер мен айыпталушыларды көлікке отырғызғанда және көліктен түсіргенде, ашық орындарда тергеу іс-әрекеттерін жүргізгенде және жаяу айдауылдау кезінде, қашқандарды іздестіру және ұстау үшін, полиция айдауылына шабуыл жасаудың немесе оған қарсылық көрсетудің жолын кесу мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

      74. Итпен қызмет өткеру кезінде полиция қызметкері иттің тұмылдырығын алып, қысқа байлауда ұстайды. Үй-жайларды немесе ашық орындарды тінтуге, сондай-ақ адам ұстауға ит тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз жіберіледі. Ауа температурасы плюс отыз градус Цельсидан асқанда және минус жиырма градус Цельсидан төмен болғанда сыртта итпен жұмыс істеу уақытының ұзақтығы төрт сағаттан аспауға тиіс.

      75. Қызметтік итті адам ұстауға, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушылар тарапынан болатын шабуылдың жолын кесуге "Тоқта (сыртқа шық)! Итті жіберемін!" деп дауыстаған соң ғана жіберуге болады.

      Қызметтік-іздестіру итін адам ұстауға немесе шабуылдың жолын кесуге пайдаланған кезде полиция қызметкері иттің басқа адамдарға зиян жасамайтындығына көз жеткізуге міндетті. Егер ішкі істер органы қызметкері мен қашқындар (шабуыл жасаушылар) арасында басқа адамдар болған кезде итті жіберуге тыйым салынады.

10. Оқиғалар кезінде, жағдай күрделенгенде және ерекше жағдайлар режимінде нарядтардың іс-әрекеттерінің
ерекшеліктері

      76. Әрбір уақытша ұстау изоляторында төтенше оқиғалар (уақытша ұстау изоляторына, оның қызметкерлері мен жұмыскерлеріне шабуыл, қашуға әрекеттену тағы да сондай сияқтылар) немесе басқадай күрделі жағдайларға арналған жеке құрам іс-әрекеттерінің тиісті есебі болуға тиіс (4-қосымша), ол орган бастығының, уақытша ұстау изоляторы бастығының нұсқауымен жасалады. Нарядтардың мұндай кездердегі негізгі міндеті - қылмысты қаскөйліктің жолын кесу, полиция қызметкерлерінің және уақытша ұстау изоляторында ұсталынатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      77. Төтенше оқиғаларға, жағдайдың күрделенуіне және ерекше жағдайлар режиміне байланысты пайда болатын міндеттерді шешу үшін ішкі істер органының бастығы қорға арнаулы наряд бөледі және әрбір нақты жағдайда оның құрамы, орналасатын жері және оны пайдалану тәртібі анықталады.

      78. Ішкі істер министрлігінде, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінде жасалатын ерекше жағдайлардағы іс-әрекеттер жоспарларында сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі қызметті өткерудің күшейтілген нұсқасы және оларды қауіпті аймақтан көшіру тәртібі қарастырылуға тиіс.

      79. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетудің күшейтілген нұсқасына төмендегідей негізгі шаралар кіреді:

      1) қорды (резервті) әзірлікке келтіру, нарядтарды көбейту (ең алдымен сыртқы бекеттерде), жағдайға байланысты жеке құрамды түгелдей немесе оның бір бөлігін қазармалық жағдайға көшіру, иттерді пайдалану;

      2) қосымша байланыс құралдарын іске қосу;

      3) қашу болған жағдайда іздестіру жоспарларын айқындау, қашқандарды іздестіру жөніндегі нарядтарды тағайындау;

      4) нарядтардың қызмет өткеруін тексеру санын, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушыларды жеке тінтуді, олардың заттарын тексеруді, уақытша ұстау изоляторларының камераларын және басқа үй-жайларын тексеруді ұлғайту;

      5) сезіктілер мен айыпталушыларды камералардан шығару жағдайларын мейлінше қысқарту;

      6) уақытша ұстау изоляторына кіріп-шығу тәртібін күшейту.

      Ерекше жағдайлар режимінде уақытша ұстау изоляторына қабылдау, одан сезіктілер мен айыпталушыларды айдауылдау тоқтатылуы мүмкін (ішкі істер органы басшыларының бұл жөнінде бұйрығы болмаған жағдайда немесе сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторынан қауіпсіз аймаққа көшірумен байланысты болмаса).

      80. Төтенше оқиғалар, жағдай күрделенген және ерекше жағдайлар режимі кездерінде сезіктілер мен айыпталушыларды күзету және айдауылдау жүктелген нарядтарға оқ-дәрі берудің нормасы бір автоматқа жүз жиырма патрон, бір тапаншаға отыз екі патрон есебінде көбейтілуі мүмкін.

      81. Сезіктілер мен айыпталушыларды ұстау, күзету тәртібін бұзудың әрбір фактісі бойынша, егер оның салдарынан төтенше оқиғаға жол берілсе немесе жол берілуі мүмкін болғанда белгіленген тәртіпте он күндік мерзім ішінде қызметтік тексеру жүргізіледі. Ерекше жағдайларда бұл мерзім отыз тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін. Қорытындылар осындай оқиғалардың алдын-алу жөніндегі шараларды белгілегенде, сондай-ақ жедел кеңестерде талқылау үшін пайдаланылады. Кінәлі лауазымды адамдар Заңмен белгіленген тәртіпте тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

      82. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді ұйымдастыру және күшейту жөніндегі шараларды жоспарлауды және жүзеге асыруды қамауда ұстау орындарының басқармалары, бөлімдері, бөлімшелері, топтары ішкі істер органының басқа қызметтерімен тығыз бірлесе отырып атқаруға тиіс.

      83. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетудің сенімділігін арттыру мақсатында прокуратура, әділет және денсаулық сақтау органдарымен мына мәселелер бойынша тығыз қатынас орнату қажет: сезіктілер мен айыпталушылардың қылмыстық ой-ниеттері туралы ақпаратандыру; тергеу іс-әрекеттерін жүргізу мүмкіндігі уақытша ұстау изоляторында болған кезде бұл үшін айдауылдау жағдайларын шектеу; айдауылдауға мәлімдеме бергенде істерді қараудың нақты мерзімдерін ескеру; куәландырылған адамдарға оқшаулауға жәрдем ету.

      84. Сезікті немесе айыпталушы күзетшіге, шығарушыға немесе басқа адамдарға шабуыл жасағанда өзін өзі қорғаудың белсенді шаралары қолданылады және тиісті белгі (дауыспен, дабылдық белгімен, телефонмен) беріледі.

      85. Уақытша ұстау изоляторының бастығы (уақытша ұстау изоляторының кезекшісі) оқиға орнына келген соң қолда бар күштер мен құралдардың көмегімен, заңнамада қарастырылған қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, шабуылдың жолын кесуді және сезіктілер мен айыпталушыларды камераларға қамауды ұйымдастырады.

      86. Егер шабуыл қауіпті сипат алса (шабуылдаушылар көрші камераларды ашқан, уақытша ұстау изоляторының басқа үй-жайларына кірген, қаруларға қолдары жеткен жағдайларда), бұл туралы ішкі істер органының кезекшісіне дереу хабарланады. Оның міндеттері:

      1) жағдайды бағамдап, уақытша ұстау изоляторына полицияның қосымша нарядын (резерв) жіберу туралы шешім қабылдау, соның есебінен уақытша ұстау изоляторының сыртқы және ішкі күзетін күшейту;

      2) болған жағдай туралы өз бастығына және жоғары тұрған ішкі істер органының кезекшісіне мәлімдеу;

      3) қажет болған жағдайда оқиға орнына келіп, уақытша ұстау изоляторының бастығымен (уақытша ұстау изоляторы кезекшісімен) бірлескен түрде полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне басшылық ету.

      Шабуылды ұйымдастырушылар оған қатысушылардың бәрінен оқшауланады.

      87. Уақытша ұстау изоляторына сырттан шабуыл жасалғанда уақытша ұстау изоляторының бастығы (уақытша ұстау изоляторының кезекшісі) бұл туралы ішкі істер органының кезекшісіне дереу хабарлайды және көмек келгенше уақытша ұстау изоляторының қорғанысына басшылық жасайды. Телефондық байланыс үзілген болса, мұндай оқиға туралы мәлімет радио байланысы бойынша жеткізіледі.

      88. Уақытша ұстау изоляторы үй-жайының жанында немесе айдауылдау жолында қоғамдық тәртіпті топтаса бұзудың жолын кесу полицияның патрульдік-күзет қызметінің заңнамада белгіленген тәртібімен жүзеге асырылады.

      89. Шабуылдаушы (шабуылдаушылар) қаза болған немесе жараланған жағдайларда уақытша ұстау изоляторының кезекші наряды осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес іс-әрекет жасайды.

      90. Уақытша ұстау изоляторынан қашу - сезіктілер мен айыпталушылардың кез-келген тәсілмен күзет шекарасынан өтіп, ол үшін белгіленген қамауда ұстау орнын өз бетімен, құқыққа қарсы түрде тастап кету.

      91. Күзет шекарасы ретінде төмендегілер саналады:

      1) уақытша ұстау изоляторында: камералардың және басқа да үй-жайлардың қабырғалары, төбелері, терезелері, едендері, сондай-ақ серуендеу ауласының және бақылау-өткізу пунктінің қоршауы;

      2) көлікте: арнайы автомобильде - қабырғалар, төбе, еден, есіктер; жеңіл автомобильде - салон, есіктер; жүк автомобильдерінде - төбе, еден және қорап борттары; ұшақта (тік ұшақта) - салон, есіктер (люктар); өзен немесе теңіз кемесінде - каюталардың (трюмдердің) қабырғалары, палубаның жаппалары, терезелер (иллюминаторлар), есіктер (люктар); темір жол вагонында - купе қабырғалары, төбесі, едені, терезелері, есігі;

      3) сот залында: сотталушыларды ұстауға арналған камераларда - қабырғалар, төбе, еден, есік; сот мәжілісі залында - кедергі қоршау.

      92. Егер қашуға әзірлік уақытында байқалып, алдын алу сипатындағы шаралар қолданылған болса, қашу алдында ескерту жасалған болып саналады; егер нарядтың тиісті іс-әрекеттері нәтижесінде қашуға әрекеттену аяғына дейін жеткізілмесе, қашу әрекетінің жолы кесілген болып саналады; егер қашқан адам ұсталса немесе кінәсін мойындап өзі келсе, қашу әрекеті жойылған болып саналады.

      93. Қашулардың және басқа да төтенше оқиғалардың алдын алу мақсатында уақытша ұстау изоляторының бастықтары, ішкі істер органының уақытша ұстау изоляторы кезекшілері сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басын мінездейтін негізгі мәліметтерді білуге, олардың тәртіп ерекшеліктерін ұдайы зерделеуге, осы мақсаттарда тергеу немесе анықтау жүргізетін адамдармен қажетті байланыс жасауға міндетті. Әсіресе бұрын сотталған, күзет астынан қашқан немесе күзетке шабуыл жасаған (осындай іске әрекет жасаған) адамдарға ерекше көңіл бөлу керек. Уақытша ұстау изоляторында ұсталынатын қашуға бейім адамдарды есепке алу кітабында белгіленеді. Ұстау хаттамасы көшірмесінің сыртқы бетінде, жеке істің мұқабасында қашуға бейімділігі туралы белгі салынады.

      Сезіктілер мен айыпталушылар туралы қашулар мен басқа да төтенше оқиғалардың алдын алу үшін мәні бар көрсетілген және басқа да мәліметтер нарядтармен нұсқама өткізгенде хабарланады.

      94. Қашуға ниет қылған немесе әзірлік жасап жүрген сезіктілер мен айыпталушыларды анықтау жөніндегі жұмысты орган бастығы ұйымдастырады. Алдын алу сипатындағы шаралар (басқа камераларға ауыстыру, тінту, үй-жайларды тексеру, уақытша ұстау изоляторындағы жабдықтар мен жарақтардың ақауларын жөндеу) қолданылады. Мұндай адамдарды камералардан күшейтілген наряд шығарады. Қашуға әзірлік туралы осы істі өндіріске алған адам немесе орган хабардар етіледі. Олармен келісім бойынша сезікті немесе айыпталушы тергеу изоляторына ауыстырылуы мүмкін. Сезіктілермен және айыпталушылармен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 358-бабы бойынша қашқаны үшін қандай жауапкершіліктің күтетіні туралы түсіндірме әңгімелесулер өткізіледі. Танысқаны туралы қолхаттар жеке істерге тігіледі.

      95. Әрбір дәлелденген қашуға, шабуыл жасауға, кепілдер алуға әзірлік туралы хабар сезіктілер мен айыпталушыларды есепке алу кітабында және олардың жеке істерінде белгіленеді. Сондай-ақ өзі туралы ойдан шығарылған мәліметтер хабарлайтын немесе өзін басқалардың атымен атайтын, өтірік ауыратын адамдар, сонымен бірге ұйымдасқан қылмыстық топтарға, ұйымдарға және қауымдастықтарға қатысушылар күшейтілген қадағалауға алынады.

      Осы адамдардың барлығы туралы қажетті мәліметтер оларды айдауылдауға келген нарядтарға міндетті түрде хабарланады.

      96. Сезіктілер мен айыпталушылар қашуға әрекет жасағанда уақытша ұстау изоляторының наряды (күзетші, шығарушы) дереу тиісті белгі (дауыспен, дабылдық белгі беру құралдарымен, телефонмен) береді және егер бұл уақытша ұстау изоляторында ұсталынатын басқа адамдарды күзетсіз қалдырумен байланысты болмаса және жағдайға байланысты қашудың жолын кесу шараларын қолданады. Қашуға әрекет жасау немесе қашу туралы белгі алған соң уақытша ұстау изоляторының бастығы (уақытша ұстау изоляторының кезекшісі) сезіктілер мен айыпталушылардың қандай да қозғалыстарын тоқтатып, болған жағдай туралы ішкі істер органының бастығына (орган кезекшісіне) мәлімдейді және қашуға әрекеттің жолын кесуді немесе қашқан адамды (қашқан адамдарды) ұстауды ұйымдастырады.

      97. Қашуды камераларды бақылап тексеру кезінде әшкерелеген жағдайда уақытша ұстау изоляторының бастығы (уақытша ұстау изоляторының кезекшісі) қашқандардың тектерін және басқа да мәліметтерді анықтайды, бұл туралы ішкі істер органының бастығына (ішкі істер органы кезекшісіне) дереу хабарлайды. Олар:

      1) ішкі істер органының жеке құрамын дабыл бойынша жинау хабарын береді және қашқан адамды (адамдарды) ізін суытпай іздестіруді ұйымдастырады;

      2) олар пайда болуы мүмкін жерлерге жедел топтарды жібереді;

      3) іздестірілушілердің жүруі мүмкін бағыттарға бекіту тосқауылдарын қоюға;

      4) нарядтың жеке құрамына жасырынған адамдардың белгілері туралы бағдар береді;

      5) қашу туралы жоғары тұрған ішкі істер органының кезекшісіне мәлімдейді;

      6) қылмыстық іс (істер) өндірісімен айналысатын адамды (адамдарды) немесе органды (органдарды) оқиға жайында хабардар етуге міндетті.

      98. Бір қашқынды ұстау үшін іздестіру тобының құрамына кем дегенде екі полиция қызметкері тағайындалады, екі немесе одан да көп қашқынды іздестіргенде іздеуші полиция қызметкерлерінің саны жасырынғандардың санынан екі-үш адамға көп болуға тиіс. Әрбір наряд қылмыскерлерді белсенділікпен іздеу, оларды тапқан жағдайда жылдам әрі шеберлікпен ұстау дағдыларына ие болуға міндетті.

      Қашқандардың көрініс беруі мүмкін жерлер олардың байланыстарын (жеке, қылмыстық істер бойынша) зерттеу арқылы, уақытша ұстау изоляторында ұсталынатын адамдардан және іздестіру нарядтарынан алынған ақпараттар бойынша анықталады.

      99. Іздестіру басшысы бағыныштыларының іс-әрекеттеріне шебер басшылық жасауға, олармен байланысты үзбеуге, жағдайға байланысты жаңа міндеттер қоюға және олардың бірлесе іс-әрекет жасауын ұйымдастыруға міндетті.

      100. Жоғарғы тұрған ішкі істер органының кезекшісі бастығы болмай қалған жағдайда ішкі істер органдарының басқа қызметкерлерін қашқындарды іздестіру ісіне қосу, сондай-ақ осы мақсаттарда бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану туралы шешімді өз бетімен қабылдайды.

      101. Зор қауіп төндіретін қашқындарды, қаруланған және басқа да адамдарды іздестіру осындай жағдайға әрбір ішкі істер органында жасалатын арнаулы жоспарлар бойынша жүзеге асырылады. Жоспар гарнизондардың бастықтарымен, құрамалардың, ішкі әскерлер бөлімдерінің командирлерімен келісіледі және оны Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің басшылары бекітеді. Жоспардың бір данасы осы ішкі істер органының кезекші бөлімінде, келесісі Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің кезекші бөлімдерінде сақталады.

      Жоспарларды іске қосу Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтарына жүктеледі. Қарулы қашқындарды және басқа да қауіп тудыратын адамдарды іздестіру жөніндегі арнайы шараларды өткізу туралы шешімдер осы аумақта орналасқан көліктегі ішкі істер органының осындай жоспарларын іске қосады.

      Осындай адамның біреуін іздестіру және ұстау үшін үш полиция қызметкері тағайындалады, екі не одан астам қашқындарды іздеуге одан екі есе көп адам белгіленеді.

      Қашу әрекеттерін жою кезінде нарядтар тапқырлық және мейлінше қырағылық көрсетуге тиіс, жеке қауіпсіздігін және іздеу ауданында болған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануы керек.

      102. Уақытша ұстау изоляторынан немесе қашу туралы материалдардың бәрі осы оқиға жөнінде қызметтік тексеру жүргізуге тағайындалған адамға беріледі.

      Қашу әрекеті жойылған соң қызметтік кеңестерде, сабақтарда сезіктілер мен айыпталушыларды күзеткен немесе айдауылдаған, оларды іздестірген және ұстаған жеке құрамның іс-әрекеттерін талдау жүргізіледі.

      103. Егер алғашқы іздестіру әрекеттері немесе қашқындарды ұстау операциясы дұрыс нәтиже бермесе, олардың жүрген жерлерін анықтау осы адамдарға Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасымен тиісті келісім-шарттары бар шетелдік мемлекеттердің аумағында іздестіруді жариялау арқылы қамтамасыз етіледі.

      104. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету міндеттерін орындайтын полиция қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге және орындауға, өрт сөндіретін құралдарды қолдана білуге міндетті. Уақытша ұстау изоляторының өртке қарсы жағдайы үшін жауапкершілік оның бастығына жүктеледі. Ол:

      1) нарядтармен өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт сөндіру құралдарын қолдану ережелері туралы нұсқаманы өзі өткізуге;

      2) өрт сөндіру құралдарының ақаусыз және дұрыс ұсталуын, сондай-ақ сумен қамтамасыз ету көздерінің және өртке қарсы күзет сигнализациясы құралдарының жағдайын күнделікті бақылауға алуды жүзеге асыруға міндетті.

      Ақауы бар өрт шығару қаупін тудыратын электрмен жылытқыш приборларды, жылытқыш және жарық беру приборларын пайдалануға тыйым салынады.

      Өрт қауіпсіздігі ережелерін білу және өрт сөндіру құралдарын қолдана білу дағдысы нарядтардың қызмет өткеруге дайындығын тексеру кезінде анықталуға тиіс мәселелердің тізбесіне кіреді.

      105. Уақытша ұстау изоляторы нарядының күзетшісі (шығарушы, полицияның басқа қызметкері) уақытша ұстау изоляторы үй-жайында немесе аумағында өрт тұтануын көргенде дереу тиісті белгі (дауыспен, дабылдық белгі беру құралдарымен, телефонмен) беруге тиіс, өрт бөлімімен арнайы байланыс болғанда өрт командасын шақыру түймешесін басып, ол келгенше осы мақсаттағы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, өртті өшіру шараларын қолдануы керек.

      106. Уақытша ұстау изоляторының бастығы (уақытша ұстау изоляторының кезекшісі) өрт бөлімімен арнайы байланыс болмаған жағдайда өрт командасын телефон арқылы шақырады, жағдайдың күрделенгені туралы ішкі істер органы бастығына (ішкі істер органы бойынша кезекшіге) мәлімдейді және өрт шыққан жерге дереу барып, қолда бар күштерімен және өрт сөндіру құралдарымен адамдарды, құжатнаманы, мүлікті құтқаруды және зиян шеккендерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Мүмкіндігінше өрттің себебі анықталады. Уақытша ұстау изоляторына полицияның қосымша наряды, өрт сөндірушілер және медициналық қызметкерлер ғана жіберіледі.

      107. Ішкі істер органының бастығы (ішкі істер органы бойынша кезекші) өрттің сипатына және етек алуына байланысты, сондай-ақ қалыптасқан жағдайға қарай уақытша ұстау изоляторының сыртқы және ішкі күзеттерін күшейтеді немесе сезіктілер мен айыпталушыларды ұйымдасқан түрде кезекпен шығаруды, қауіпсіз жерде оларды күзетуді не болмаса бұл адамдарды көрші ішкі істер органы изоляторларына ауыстыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге осы уақытта уақытша ұстау изоляторы құжаттарын, мүлкін, сезіктілер мен айыпталушылардың сақтауға тапсырылған нәрселері мен бағалы заттарын сақтау жөніндегі шаралар қолданылады.

      108. Зиян шеккендер ішкі істер органы көлігімен немесе азаматтардың жеке көлігімен денсаулық сақтау органдарының емдеу мекемелеріне жеткізіледі не болмаса оқиға орнына жедел медициналық көмек шақырылады, оларды алып жүру және емдеу орнында күзету ұйымдастырылады.

      109. Ерекше жағдайлар режимінде (табиғи апаттар, індеттер және басқа да төтенше жағдайлар) уақытша ұстау изоляторларының қызметкерлерінің сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі іс-әрекеттері қамаудан қашудың алдын-алуға және апаттық жағдайларды басқа қылмыстық мақсатқа пайдалану мүмкіндігін болдырмауға, төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға және зиян шеккендерге тиісті көмек көрсетуге бағытталады.

      110. Табиғи апаттар, індет, эпизоотия, етек алған өрт, өмірлік мәні бар жүйелердің ірі апаттары, сезіктілер мен айыпталушылардың жаппай тәртіпсіздіктері немесе бағынбаушылығы, не болмаса қамауда ұстау орындарына қарулы шабуыл жасау қаупі төнгенде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің шешімдері бойынша олардың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісе отырып, тиісті қамауда ұстау орындарында ұзақтығы 30 тәуліктен аспайтын мерзімде ерекше жағдайлар режимі енгізіледі.

      111. Ерекше жағдайлар режимі енгізілгенде сезіктілер мен айыпталушылардың қатысуымен өткізілетін барлық шаралар шектеледі немесе тоқтатылады, күзет, өткізу режимі және қадағалау күшейтіледі, сәлемдемелер қабылдау тоқтатылады, сондай-ақ Заңда қарастырылған басқа да шаралар қабылданады.

      112. Сезіктілер мен айыпталушылардың және басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда қамауда ұстау орнының әкімшілігі осы Нұсқаулықтың 111-тармағында қарастырылған талаптарға сәйкес өздігінен шаралар қолдана алады, қамауда ұстау орны орналасқан аумақтағы тиісті ішкі істер органының бастығын хабардар етеді.

      113. Уақытша ұстау изоляторындағы ерекше жағдайлар режимін оны енгізген орган немесе лауазымды адам, не болмаса жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам тоқтатады.

      114. Жер сілкінісі болған жағдайда сезіктілер мен айыпталушыларды күзету мен айдауылдау жөніндегі бөлімшелердің жеке құрамы дереу қызметке келуге тиіс.

      115. Уақытша ұстау изоляторының кезекші наряды жер сілкінісі болғанда келтірілген зардаптардың сипаты мен көлемін, зиян шеккендердің санын анықтайды, сезіктілер мен айыпталушыларды камераларда бұдан әрі ұстау мүмкіндігін айқындайды. Ол туралы ішкі істер органы кезекшісіне мәлімдейді. Апат кезінде күзетшілер (камерадан шығарушылар) қамаудан қашуға жол бермеу шараларын, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушыларды қауіпсіз жерге көшіру, зиян шеккендерге көмек көрсету, өрт сөндіру шараларын қолданады.

      116. Уақытша ұстау изоляторының бастығы (уақытша ұстау изоляторының кезекшісі) жағдайды анықтап, сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі шұғыл міндеттерді, сондай-ақ оларды орындау тәсілдерін айқындайды, қажетті бұйрықтарды беріп, ішкі істер орган бастығымен (ішкі істер орган бойынша кезекшімен) байланыс орнатады және одан әрі оның қызмет өткеру тәртібі туралы нұсқауларын орындайды.

      117. Су тасқыны кезінде уақытша ұстау изоляторының су астында қалу қаупі төнгенде сезіктілер мен айыпталушыларды күзету осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес (өрт және көлік апаттары кезіндегі нарядтардың іс-әрекеттері туралы) жүзеге асырылады.

      118. Жер сілкінісінен және су тасқынынан зиян шеккен жерлерде уақытша ұстау изоляторын көшірудің тәртібі және қызметті ұйымдастырудың басқа да мәселелері жергілікті атқару органдарымен келісілген тиісті жоспарларда қарастырылады.

      119. Карантин жарияланған жағдайларда сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді, әдетте, медицина қызметкерлері тиісті қорытындыны шығаратын (өкіметтің атқару органдарының шешімдері) сәтте осы міндеттерді орындайтын наряд қамтамасыз етеді. Қызмет өткерудің тәртібі мен ұзақтығын, сондай-ақ уақытша ұстау изоляторынан босату және оның аумағынан шығу (кіру) мәселелерін ішкі істер органының санитарлық-эпидемиологиялық қызметімен немесе Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келісе отырып, орган бастығы айқындайды.

      Ішкі істер органының бастығы (ішкі істер органының кезекшісі), уақытша ұстау изоляторының бастығы (уақытша ұстау изоляторының кезекшісі) денсаулық сақтау органдарына уақытша ұстау изоляторында арнайы профилактикалық шаралардың жүргізілуіне жан-жақты көмектесуі тиіс.

      120. Өмірге және денсаулыққа қауіп төндіретін жарылғыш, радиоактивті және басқа да заттар табылған жағдайда сезіктілер мен айыпталушылар қауіпсіз аймақтағы күзетке ауыстырылады.

      Қауіпті аймақта арнайы белгілер қойылады. Ол жерде жүруге тыйым салынады, бұл үшін зақымдану мүмкіндігін болдырмауға арналған жылжымалы күзет (күзеттер) орнатылады. Қолданылған шаралар туралы ақпарат таяудағы ішкі істер органының бастығына беріледі. Залалсыздандыру жұмысы үшін жауапты адамдар келген соң уақытша ұстау изоляторының бастығы (уақытша ұстау изоляторының кезекшісі), сол адамдардың нұсқауларына сәйкес іс-әрекет жасап, сенімді күзетілуін қамтамасыз етеді.

11. Уақытша ұстау изоляторындағы қауіпсіздік шаралары,
дене күшін, арнайы құралдарды және атыс қаруын қолданудың негіздері мен тәртібі

      121. "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уақытша ұстау әкімшілігінің талаптарын орындамаған сезіктілер мен айыпталушыларға: егер де күш қолданылмайтын тәсілдер құқық бұзуды тоқтатуды немесе заңды талаптарды орындауды қамтамасыз етпейтін болса, дене күші, арнайы құралдар, газды және атыс қаруы қолданылады. Жаппай тәртіпсіздіктің немесе топтасып тәртіп бұзушылықтың жолын кесу, кепілге алынғандарды босату, үй-жайларға, көлік құралдарына жасалған шабуылды тойтару, сондай-ақ олардың басып алынуын болдырмау жағдайларында басқа да арнайы және көлік құралдарын қолдануға жол беріледі.

      122. Қамауда ұстау орындарының қызметкерлері арнайы дайындықтан өтуге міндетті, сондай-ақ дене күшін, арнайы құралдарды, газды және атыс қаруларын қолдануға байланысты жағдайларда олардың іс-әрекет жасауға жарамдылығы жиі тексеріліп отырады.

      123. Егер күш көрсетілмейтін әдістер уақытша ұстау изоляторларының қызметкерлеріне және айдауыл бөлімшелеріне жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етпесе, онда дене күшін қолдана отырып мәжбүрлеу (оның ішінде қоян-қолтық ұрыс тәсілдері), сондай-ақ мынадай жағдайларда:

      1) сезіктілер, айыпталушылар, сотталғандар уақытша ұстау изоляторының қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаса, мойын ұсынбаса, сондай-ақ қарсы келсе немесе қарсылық көрсетсе;

      2) құқық бұзушылық көріністерінің жолын кескенде;

      3) күтпеген жағдайда шабуыл жасалғанда және өзін-өзі қорғау мақсатындағы басқа құралдар болмаған жағдайда қолда бар қажетті құралдар қолданылады.

      124. Дене күшін қолданғанда уақытша ұстау изоляторының қызметкерлері ұстамдылық көрсетуі тиіс. Олардың іс-әрекеттері алда тұрған міндеттерге, сондай-ақ төнген қауіпке сай болуы керек және қарсыласушының денсаулығына зақым келтіру мүмкіндігін мейлінше азайту қажет.

      125. Дене күшін қолданған кезде қарсыласушы тарапқа қатысты мынадай ара-қатынас сақталуы тиіс: бір сезіктіге немесе айыпталушыға екі қызметкерден келеді. Тиісті ара-қатынас сақталуы үшін полиция қызметкері нарядтың қосымша күштерін шақыруға міндетті, ал күтпеген жерден шабуыл жасалғанда қызметкер (қызметкерлер) қалыптасқан ахуалға байланысты өз бетінше шешім қабылдайды.

      126. Дене күшін қолдану нәтижесінде қарсыласушыға дене зақымдары келтірілген болса, ішкі істер органының қызметкері күтпеген жерден шабуыл жасаудан қорғана отырып, оған тез арада көмек көрсетеді.

      127. Қару қолданылған барлық жағдай туралы ішкі істер органының қызметкері айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шараларды қолдануға, зардап шеккендерге кейінге қалдырмай медициналық көмек көрсетуге, атыс қаруын қолдану туралы тікелей бастығына баяндауға міндетті.

      128. Дене күшін заңсыз қолданғаны үшін ішкі істер органының қызметкерлері Заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.

      129. Әйелдер, кәмелетке толмағандар, айқын мүгедектік белгілері бар адамдар маңайдағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шабуыл, топтасқан шабуыл немесе қарулы қарсылық жасамаса, оларға қарсы ұрыстың жауынгерлік тәсілдерін қолдануға тыйым салынады.

      130. Уақытша ұстау изоляторындағы арнайы құралдар және газды қару мынадай жағдайларда:

      1) сезіктінің немесе айыпталушының ішкі істер органының қызметкерлеріне немесе басқа адамдарға жасаған шабуылын тойтару үшін;

      2) қамауда ұстаудың белгіленген режимін бұзудың, топтасып тәртіп бұзушылықтың немесе жаппай тәртіпсіздіктің жолын кесу үшін;

      3) уақытша ұстау изоляторы қызметкерлерінің немесе құқық тәртібін қамтамасыз етуге тартылған ішкі істер органдарының басқа да қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған сезіктінің немесе айыпталушының заңсыз іс-әрекеттерінің жолын кесу үшін;

      4) кепілге алынғандарды босату, ғимаратқа, үй-жайларға, көлік құралдарына, азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың жер учаскілеріне жасалған шабуылды тойтару үшін, сондай-ақ басып алынған орындарды қайтару үшін;

      5) сезіктінің немесе айыпталушының уақытша ұстау изоляторынан немесе айдауылдан қашу әрекеттерінің жолын кесу үшін;

      6) сезіктінің немесе айыпталушының маңайындағыларға немесе өзіне зиян келтіру әрекеттерінің жолын кесу үшін;

      7) қашқан сезіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды ұстау және айдауылдау үшін қолданылады.

      131. Арнайы құралдар ретінде төмендегілер қолданылады:

      1) кісендер - осы Нұсқаулықтың 130-тармағының 3), 5)-7)-тармақшаларында қарастырылған жағдайларда. Кісендер болмағанда уақытша ұстау изоляторының қызметкерлері қол байлаудың басқа құралдарын қолдануға құқылы;

      2) резина таяқшалар - осы Нұсқаулықтың 130-тармағының 1)-6), 7)-тармақшаларында қарастырылған жағдайларда;

      3) газды қару және көзден жас ағызатын заттар - осы Нұсқаулықтың 130-тармағының 1)-4), 6), 7)-тармақшаларында қарастырылған жағдайларда;

      4) назарды басқа жаққа аударатын жарықтық - дыбыстық құрылғылар - осы Нұсқаулықтың 130-тармағының 1)-4), 6)-тармақшаларында қарастырылған жағдайларда;

      5) үй-жайларды ашуға, көлікті күшпен тоқтатуға арналған қондырғылар - осы Нұсқаулықтың 130-тармағының 2) және 4)-тармақшаларында қарастырылған жағдайларда;

      6) су шашқыштар, бронды машиналар және басқа да арнайы және көлік құралдары - осы Нұсқаулықтың 130-тармағының 2) және 4)-тармақшаларында қарастырылған жағдайларда;

      7) қызметтік жануарлар - осы Нұсқаулықтың 130-тармағының 1)-6), 7)-тармақшаларында қарастырылған жағдайларда.

      132. Әйелдер, кәмелетке толмағандар, айқын мүгедектік белгілері бар адамдар маңайындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шабуыл, топтасқан шабуыл немесе қарулы қарсылық жасамаса, оларға қарсы арнайы құралдарды, газды қаруды қолдануға тыйым салынады.

      133. Заңның 45-бабына сәйкес сезіктілер мен айыпталушылар уақытша ұстау изоляторлары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заңсыз іс-әрекеттер жасағанда, егер басқа шаралармен көрсетілген іс-әрекеттердің жолын кесу мүмкін болмаса, қару қолдануға жол беріледі.

      134. Қамауда ұстау орындарында атыс қаруларын ескертусіз қолданатын жағдайлар:

      1) қамауда ұстау орны қызметкерлерінің, сезіктілер мен айыпталушылардың және басқа да адамдардың өмірі мен денсаулығына қарулы шабуыл жасалғанда;

      2) сезікті немесе айыпталушының қамауда ұстау орнының қызметкеріне қаруын тартып алу мақсатында шабуыл жасалғанда;

      3) кепілдікке алынғандарды, басып алған ғимараттарды, үй-жайлар мен көліктік құралдарды босату үшін;

      4) қамауда ұстау орнының ғимараттарына, үй-жайларына және көліктік құралдарына топтық немесе қаруланған шабуыл жасалғанда;

      5) қарулы қақтығыс білдіруші адамдарды ұстау үшін, сондай-ақ қамауда ұстау орны қызметкерлері және басқа да адамдардың өмірі мен денсаулығына ауыр қылмыс жасауға талпынған жағдайда;

      6) қамауда ұстау орнынан немесе айдауылдан сезіктілер мен айыпталушылардың қашуға ниет білдіргендердің жолын кесу үшін;

      7) қамауда ұстау орны қызметкерінің қаруды тапсыру туралы заңды талаптарын орындаудан бас тартқан қаруланған адамдарды ұстау үшін;

      8) сезіктілер мен айыпталушыларды күштеп босатуға талпыныс жасағандардың жолын кесу үшін;

      9) жануарлар шабуылынан қорғалған жағдайда;

      10) дабыл немесе көмек көрсету сигналдары беру кезінде;

      11) қорғанудың қажетті барлық жағдайларында және аса қажетті жағдайларында.

      135. Әйелдер және кәмелетке толмағандар қарулы шабуыл, қарулы қарсылық жасамағанда, кепілге адамдарды, көлік құралдарын, соның ішінде әуе кемесін алуға әрекеттенбегенде, топтасқан шабуылға қатыспағанда оларға қарсы қару қолдануға тыйым салынады.

      136. Бастықтар бұйрығы бойынша қару қолданудан басқа жағдайларда қару қолданушы қару дүмін қолдануды немесе оқ атуды жағдайға байланысты өзі шешеді.

      137. Төтенше жағдайлар кезінде уақытша ұстау изоляторының аумағына және режимдік үй-жайларына қарулы жеке құрамды енгізу және қару қолдану Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттері бастықтарының және прокурордың бірлескен шешімімен жүзеге асырылады. Бұл жағдайларда "Жат!" бұйрығын орындамаған сезіктілерге немесе айыпталушыларға қарсы қару қолдану "Жат! Атамын!" деген ескертпеден соң және аспанға оқ атылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      138. Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларында ұсталынатын сезіктілер, айыпталушылар немесе сотталғандар кепілге алған адамдарды босату жөніндегі операцияларды өткізу үшін Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттері бастықтарының шешімімен ерекше мақсаттағы полиция жасақтары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің шешімімен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы "Сұңқар" бөлімшесі іске қосылады.

      139. Қару қолдану нәтижесінде адам жараланған немесе қаза болған жағдайда прокурор, анықтаушы немесе тергеуші келгенге дейін оқиға орнын күзету қамтамасыз етіледі.

      Қару қолданудың нәтижесінде жараланған адамдарға медициналық көмек көрсетіледі.

      140. Қару дұрыс қолданылмағаны үшін, сондай-ақ қажет болғанда

      қолданылмағаны үшін және мұның салдары ауыр болғанда кінәлілер жауапқа тартылады.

      141. Қару және арнайы құралдар қолданылған әрбір жағдай туралы, адамдар шығынына немесе өзге де ауыр жағдайларға тап болғанда, дереу прокурор хабардар етіледі.

      142. Өлімге, жаралануға және басқа да ауыр салдарларға әкеліп

      соқпаған кездейсоқ оқ ату жағдайларында уақытша ұстау изоляторының бастығы қызметтік тексеру жүргізумен шектеледі.

12. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі
қызметті ұйымдастыру мен өткеруді бақылау

      143. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі қызметті ұйымдастыруды және өткеруді қамтамасыз ету және бақылау үшін мыналарды анықтау қажет: уақыты, орыны; тексерушілер топтарының құрамы және олардың әрқайсысының міндеттері; тексерушілерді нұсқамадан өткізу, ресімдеу және тексеру нәтижелерін мәлімдеу тәртібі.

      144. Тексерілуге тиісті жағдайлар:

      1) күзетуге қабылданған шешімнің осы міндеттерді орындау жағдайларына сәйкестігі;

      2) жеке құрамды орналастыру, көлік құралдарын пайдалану;

      3) уақытша ұстау изоляторы жабдықтарының және арнайы автомобильдердің жағдайы;

      4) нарядтарды қызмет өткеруге дайындау, олардың қамтамасыз етілуі, полиция қызметкерлерінің сыртқы түр-келбеті, олардың өз міндеттерін және осы Нұсқаулық талаптарын білуі, жағдай күрделенгенде және ерекше жағдайлар режимінде іс-әрекет жасай білуі;

      5) қойылған міндеттерді орындау (қамаудағыларды ұстаудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету);

      6) жұмыста заңдылықты сақтау;

      7) нарядтармен (күзетшілермен) байланыс тәртібі; оларды басқару жеделдігі;

      8) уақытша ұстау изоляторының техникалық және санитарлық жағдайы;

      9) қызмет өткеруді тексеруді ұйымдастыру;

      10) қызмет құжатнамасын жүргізу.

      145. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі қызметті ұйымдастыруды және өткеруді бақылауды төмендегілер жүзеге асыруға міндетті:

      1) Ішкі істер министрлігінің, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің аға және орта басшы құрамы - ішківедомстволық ішкі істер органын әрбір тексергенде;

      2) Ішкі істер органы басқармаларының (бөлімдердің, бөлімшелердің) бастықтары - аптасына кемінде бір рет; олардың орынбасарлары аптасына кемінде екі рет; қалалық, аудандық және желілік органдардың бастықтары және олардың орынбасарлары - тәулігіне кемінде екі рет; күзетті қамтамасыз етуге жауапты жоғарыда аталған органдардың басшы құрамы - күн сайын;

      3) уақытша ұстау изоляторының бастықтары және олардың орынбасарлары - күн сайын, әр ауысымда кемінде бес рет;

      4) кезекшілер (ішкі істер органы, уақытша ұстау изоляторы кезекшілерінің көмекшілері) - күндізгі уақытта кемінде үш-төрт рет, түнгі уақытта кемінде бес рет.

      146. Күзету жөніндегі қызметті ұйымдастыруды және өткеруді тексеруді арнайы ұйғарым бойынша тікелей бастықтары бұған өкілеттілік берген адамдар жүзеге асыра алады.

      147. Тексерулердің мерзімділігі және нақты орындаушылар Ішкі істер министрлігінің, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің тиісті кезеңге арналған жұмыс жоспарымен анықталады; басқа ішкі істер органында - әр айға жасалған кестемен анықталады.

      148. Ішкі істер органының басқарушы құрамы нарядтардың қызмет өткеруін бақылауды көбінесе кешкі және түнгі уақыттарда (уақытша ұстау изоляторында) жүзеге асыруға тиіс. Бұл кездерде бақылаулық тексерулерді және тінтулерді жүргізу міндетті болып табылады.

      149. Нарядтардың қызмет өткеруін тексеру жария немесе жария емес болуы мүмкін. Жария емес тексеру кезінде күзетшілер іс-әрекеттерін жасырын бақылау жүргізіледі. Жасырын бақылау кемшіліктерді жою немесе жедел көмек көрсету қажет болғанда тоқтатылады.

      150. Егер күзетші тексерушіні жүзбе-жүз танымайтын болса немесе тексеруші кезекшісіз (уақытша ұстау изоляторының бастығынсыз, бөлімше командирінсіз) келсе, күзетші оның қызметтік куәлігін, тексеру құқығын беретін уақытша арнайы ұйғарымды көрсетуін талап етеді. Одан соң өзін таныстырады.

      Мысалы: "Лейтенант мырза. Күзетші полиция сержанты Қайратов".

      Тексеруді екі адам жүргізген жағдайларда күзетші лауазымы жоғары адамға өзін таныстырады, ал екеуінің лауазымдары бірдей болғанда атағы жоғарыға таныстырады.

      151. Тексерушінің талабы бойынша күзетші жағдай туралы мәлімдейді және бұл кезде өзінің күзетіндегі адамдарды бақылай тұрып, оның сұрақтарына жауап береді.

      Қызмет өткеру орнында күзетші болмай шыққанда тексеруші бұл туралы кезекшіні бірден хабардар етеді, ол күзетшінің болмауы себебін анықтауға және сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз етудің шараларын жасайды.

      152. Күзету жөніндегі қызметті тексеруші адамдар қызмет сапасын әділ бағалауға, қалыптасқан жағдайды зерделеуге, нарядтарға қажетті көмекті көрсетуге және оларды төтенше жағдайларда іс-әрекет жасау тәсілдеріне үйретуге міндетті.

      Қызмет өткеруді қаруды тартып алуға әрекеттену, қашуды ұйымдастыру жолымен және зиянды салдарларға әкеліп соғатын басқа да тәсілдерімен тексеруге тыйым салынады.

      Кемшіліктер анықталған кезде тексеруші оларды жою, тіпті күзетшілерді ауыстыру шараларын сол орында қолданады.

      153. Жария тексерудің нәтижелері қызметкерлердің қызмет кітапшаларына және тексерушілердің ескертулер мен ұсыныстар кітабына жазылады. Жария емес тексеру жүргізілген кезде оның нәтижелері жазбаша рапорт арқылы осындай тексеруді белгілеген органның бастығына мәлімденеді.

      154. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету қызметінің ұйымдастырылуын тексеруді өткізу сапасы бөлімшелердің басшы және жеке құрамының қызметтік кеңестерінде ұдайы қаралып, талқыланып отырады.

13. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі
қызмет нәтижелерін есепке алу және бағалау

      155. Уақытша ұстау изоляторы нарядтарының жұмыс нәтижелерін есепке алу, олардың қызметтеріне баға беру және осы қызметті ұйымдастыруды және оны басқаруды жетілдіру жөніндегі шараларды анықтау мақсатында жүргізіледі.

      156. Есепке алу мен бағалауға төмендегі көрсеткіштер жатады:

      1) сезіктілер мен айыпталушыларды күзету қызметін өткерудің ұзақтығы және жағдайлары; күзеттегі адамдардың саны;

      2) Уақытша ұстау изоляторындағы заңдылық пен тәртіп бұзушылықтардың, қашу жағдайларының және басқа да оқиғалардың саны;

      3) олардың алдын алу немесе жолын кесу жөнінде қабылданған шаралардың уақытылылығы және нәтижелілігі;

      4) нарядтардың қызмет өткеруге дайындығы, күзетшілердің сыртқы түр-келбеті, техникалық құралдар мен қарудың жарамдылығы және оларды қолдана білу шеберлігі;

      5) тексерушілердің ескертулері мен ұсыныстары.

      157. Уақытша ұстау изоляторы нарядтарының жұмыс нәтижелерін уақытша ұстау изоляторының бастығы (бөлімше, взвод командирі) күзет ведомосінде есепке алады.

      158. Уақытша ұстау изоляторының қызмет нәтижелерін бағалауды жұмыс қорытындыларын шығарған кезде:

      1) орган бастығы - айына бір рет;

      2) уақытша ұстау изоляторының бастығы - апта сайын жүргізеді.

  Уақытша ұстау изоляторларында қызмет
атқаруды және оларда ұсталынатын
сезіктілер мен айыпталушыларды
күзетуді қамтамасыз етуді, ұстау
тәртібін ұйымдастыру жөніндегі
Нұсқаулыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
2002 жылғы 1 маусымдағы
N 386 бұйрығымен
бекітілген

      Күзет орыны ведомосі

       Сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторында күзету жөніндегі _________________ ішкі бекеттің, _________ сыртқы бекеттің __________________________________________________________

      (ішкі істер органының атауы)

      Күзет қызметкері:_____________________________________________

      (тегі және атағы)

      Айдауылдау құрамы: 1. Айдауылдау бастығы_______________________

       (лауазымы, тегі, атағы)

      2. ____________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, атағы)

      3. ____________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, атағы)

      Күзетке тұрған күні және уақыты "____" ____________ 2000 жыл

      ___________________________

      (уақыты)

      Күзет қызметкері мен айдауылдаудың қызмет атқаруын тексеру

      ____________________________________________________________________

       Тексеру уақыты Тексерушінің Ескертулер

       (күні, сағаты, лауазымы, тегі

       минуты)

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      р/с№ Сезіктілер мен айыпталушылардың

      N қозғалысы

      ____________________________________________________________________

       күзетуге алынғаны келгені кеткені қамауға берілгені

       (категория бойынша)

      ____________________________________________________________________

       Барлығы:

      ____________________________________________________________________

      р/с № Сезіктілер мен айыпталушылардың қозғалысы

      N

      ____________________________________________________________________

       Айдауылдауға Уақытша ұс. Айдауылда. Айдауылданушы.

       алынғаны тау изолято. нушыларды ларды сот

       (сезіктілер рынан, уақытша залынан

       мен айыпталу. тергеу ұстау босату уақыты

       шылардың изоляторы. изоляторына,

       тегі, аты, нан тергеу

       әкесінің айдауылдану. изоляторына

       аты) шыларды алу тапсыру

       уақыты уақыты

      ____________________________________________________________________

      Барлығы:

      Күзет орнының ауыстырылуы_______

      ______________________________Күзет қызметкері _______________

      (уақыты) (атағы, тегі)

      ______________________________Күзет қызметкері _______________

      (уақыты) (атағы, тегі)

      ______________________________Күзет қызметкері _______________

      (уақыты) (атағы, тегі)

      Күзет орнын қабылдаған ___________________________ (атағы, тегі)

      Күзет орнын тапсырған ___________________________ (атағы, тегі)

      ________________ "____" ________________ 200 жыл

      (уақыты)

      Уақытша ұстау изоляторында ұсталынатын сезіктілер мен айыпталушылар

      саны, тексерген және қабылдаған орган кезекші (уақытша ұстау

      изоляторы) ________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (атағы, тегі, лауазымы)

  Уақытша ұстау изоляторларында қызмет
атқаруды және оларда ұсталынатын
сезіктілер мен айыпталушыларды
күзетуді қамтамасыз етуді, ұстау
тәртібін ұйымдастыру жөніндегі
Нұсқаулыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
2002 жылғы 1 маусымдағы
N 386 бұйрығымен
бекітілген

      Ескерту. 57-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2008.10.09 N 375 Бұйрығы

      Уақытша ұстау изоляторын күзету жөніндегі күзет

      орнының үлгілік табелі

      ____________________________________________________________________

      Нарядтың құрамы, күзет Күзетілетіндер Негізгі міндеттері

      орындарының саны мен

       атаулары

      ____________________________________________________________________

      Уақытша ұстау изоляторы

      бойынша кезекші

      Уақытша ұстау изоляторы

      кезекшісінің көмекшісі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Шығарушы (Шығаратын

      сезіктілер мен

      айыпталушыларды камерадан

      шығару үшін, уақытша

      ұстау изоляторы төңірегінде

      айдап алып жүру, тергеу

      және кездесу кабинеттерінде

      күзету)

      ____________________________________________________________________ Байланыс:

      Ішкі істер департаменті бойынша кезекші.

      Тел: _____ шақыру белгісі ___

      Ішкі істер департаменті бойынша кезекші.

      Тел: _____ шақыру белгісі ___

      Ішкі істер департаменті бойынша кезекші.

      Тел: _____ шақыру белгісі ___

      ____________________________________________________________________

  Уақытша ұстау изоляторларында қызмет
атқаруды және оларда ұсталынатын
сезіктілер мен айыпталушыларды
күзетуді қамтамасыз етуді, ұстау
тәртібін ұйымдастыру жөніндегі
Нұсқаулыққа
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
2002 жылғы 1 маусымдағы
N 386 бұйрығымен
бекітілген

      Кезекшілікті қабылдау және тапсыру

      КІТАБЫ

      _________________________________________________________

      (ішкі істер органы)

      Басталуы "____" ____________ 200 жыл

      Аяқталуы "____" ____________ 200 жыл

      3-қосымша жалғасы

      ____________________________________

      (ішкі істер органының басшысы)

      ____________________________________

      ( атағы, тегі, аты-жөні)

      РАПОРТ

      200 жылғы "___" ___________________ _____сағат_____минуттан

      200 ж. "____"__________ ___ сағат ______ минутқа дейінгі

      кезекшілік ету уақытында:

      1. Уақытша ұстау изоляторында ұсталатындар саны_______________

      Оның ішінде:

      - қылмыс жасауда сезіктілер___________________________________

      - айыпталушылар_______________________________________________

      - айыпкерлер__________________________________________________

      - сотталғандар________________________________________________

      - әкімшілік тәртібінде тұтқынға алынғандар____________________

      баяндаймын.

      Сонымен қатар_________________________________________________

       (баяндауға қажет басқа да мән-жайлар)

      Кезекшілікті, қызмет құжаттарын, арнайы құралдарды, тізімдеме

      бойынша басқа да мүліктерді, қылмыс жасағаны үшін ұсталғандарды,

      әкімшілік тәртібінде тұтқынға алынғандарды және олардың уақытша

      сақтауға алынған заттарын, құжаттарын, ақша мен құнды заттарын

      (тізімдеме бойынша).

      Тапсырды ____________________

       (атағы, тегі, қолы)

      Қабылдады ___________________

       (атағы, тегі, қолы)

      "____" _________ 200 жыл

      Тексерушілердің ескертулері мен ұсыныстары ___________________

      ______________________________________________________________

      "____" ________ 200 жыл ______________________________________

       (тексерушінің лауазымы, атағы, тегі, қолы)

  Уақытша ұстау изоляторларында қызмет
атқаруды және оларда ұсталынатын
сезіктілер мен айыпталушыларды
күзетуді қамтамасыз етуді, ұстау
тәртібін ұйымдастыру жөніндегі
Нұсқаулыққа
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
2002 жылғы 1 маусымдағы
N 386 бұйрығымен
бекітілген

      Уақытша ұстау изоляторы жеке құрамының төтенше оқиғалар

      уақытындағы, жағдай күрделенген кездердегі және ерекше

      жағдайлар тәртібіндегі іс-әрекеттерінің үлгілік есебі

      ____________________________________________________________________

       Лауазымды Негізгі міндеттері

       тұлғалар _______________________________________________

       және наряд шабуыл қашып өрт өзін-өзі Басқа да

       құрамы кету өлтіруге төтенше

       әрекет жағдайлар

       жасау

      ____________________________________________________________________

      Уақытша ұстау

      изоляторының бастығы

      Уақытша ұстау

      изоляторы бойынша

      кезекші

      Уақытша ұстау

      изоляторы бойынша

      кезекшінің көмекшісі

      Ішкі күзет орнының

      күзет қызметкері

      Уақытша ұстау

      изоляторының үй-жайы

      жанындағы сыртқы

      күзет орнының күзет

      қызметкері

      Серуендеу ауласындағы

      күзет орны

      Шығарушы

      ____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады