"Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт Министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 23 қазандағы № 01-08/181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 1001 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қарашада № 12330 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт Министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 23 қазандағы № 01-08/181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5357 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 27 қарашада № 181 (1581) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы»;
      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларында:
      Қағидалардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары»;
      Қағидалардың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасында туризмнің іс-әрекеті «Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленеді және туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібін анықтайды.»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:
      білім беру ұйымдары - меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары, заңды тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер;
      тапсырыс берушілер - шаруашылық субъектілері, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мамандардың біліктілігін арттыру мақсаты теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жаңарту, сондай-ақ бұрын алынған білімдерін және дағдыларын одан әрі жетілдіру болып табылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу ұйымдарымен және (немесе) туристік саладағы ұйымдармен жүзеге асырылады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру кезінде жұмыс беруші - туристік ұйыммен оқу шарты жасалынады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру кезінде білім беру ұйымымен «Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 621 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5070 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген үлгілік шартқа сәйкес жасалған білім беру қызметін көрсету шарты жасалады.»;
      11-тармақ алынып тасталсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Біліктілігін арттырудан өткен мамандарға осы қағидаларының қосымшасында белгіленген нысан бойынша сертификат беріледі.»;
      қосымшаның оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

                                     «Туристік қызмет саласындағы
                                    мамандарды қайта даярлау және
                                  біліктілігін арттыру қағидаларына
                                               қосымша».

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаметіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                    Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      _____________А.Сәрінжіпов
      2015 жылғы 29 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады