Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.02.26 № 90 Бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің Ережелерін", "Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 679, N 690 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1341 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік тіркеудің тәртібіне өзгеріс енгізу туралы" 2000 жылғы 20 қарашадағы N 614 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1459 болып тіркелген "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің жүргізуші куәліктерін есепке алудың, сақтаудың және берудің тәртібін бекіту туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 249 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1663 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, N 40-41, 532-құжат, "Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің Ережелерін", "Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерді" бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 762 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2038 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 2, 766-құжат, "Қазақстан Республикасындағы көлік құралдарын және олардың тіркемелерін тіркеуден өткізу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы", 2002 жылғы 1 қазандағы N 632 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2873 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеуден өткізу Ережелерін", "Көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын сатып алуға берілетін анықтама-есепшоттың бланкілерін қабылдап алу, есепке алу, сақтау және жұмсау тәртібі туралы Ережелерді", "Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы Ережелерді", "Тіркеу құжаттары мен жүргізуші куәліктерінің бланкілерін, көлік құралдарының номерлік белгілерін қабылдап алу, есепке алу, сақтау, жұмсау және ҚР ІІМ Жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімшілерінде тексеріс өткізу тәртібі туралы Ережелерді" бекіту туралы" 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3641 болып тіркелген, 2006 жылғы 1 ақпандағы N 16 (996) "Заң газетінде" жарияланған, "Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеуден өткізу Ережелерін", "Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы Ережелерді" бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 249 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3974 болып тіркелген, 2006 жылғы 27 қаңтардағы N 13-14, (993-994) "Заң газетінде" жарияланған, "Қазақстан Респубуликасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 23 қарашадағы N 651 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "тәртібі туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінінде "ережелерді" деген сөз "ережесін" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында Көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеуден өткізу ережелерінде:
34-тармақтың 8) тармақшасының ескертуінде:
3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"3) орындауға жататын мемлекеттік органның әрекеттері туралы сот шешімінің, қаулысының не болмаса сот орындаушысы хабарламасының тиісті түрде расталған көшірмесін қоса отырып орындау парағы;";
4) тармақшада "және нотариалдық тәртіппен куәланған құжаттар" деген сөздер алынып тасталсын;
47-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қолданыста болған нөмірлік белгілерді қайта беру нөмірлік белгі "Көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне арналған жарық қайтарғыш жабыны бар мемлекеттік тіркеу белгілері" Қазақстан Республикасы СТ МемСТ 986-95 талаптарына сәйкес келгенде және белгіленген мемлекеттік баж салығы төленгенде мынадай жағдайларда:
көлік құралдарының тіркеу деректеріне өзгерістер енгізілуіне байланысты көлік құралдарын қайта тіркегенде;
мұрагерлікке алу құқық туралы куәліктің немесе сыйға беру шартының негізінде иесі өзгергенде;
дипломатиялық өкілдіктерге және елшіліктер рангіне теңестірілген Қазақстан Республикасының аумағында Сыртқы істер министрлігі аккредиттеген халықаралық ұйымдарға тиесілі көлік құралдарын қайта тіркеу кезінде;
көрсетілген нөмірлік белгі берілген, өзінің атына тіркелген көлік құралы есептен шығарылған жағдайда оның атына жаңадан тіркелетін көлік құралына иесінің еркі бойынша жүзеге асырылады.";
80-тармақтың 2) тармақшасындағы бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Тіркеу пунктеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын есептен шығаруды көлік құралы тіркелген орындарда емес, ол жүрген жерде есептен шығаруға рұқсат етіледі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру туралы Ережелерде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. "Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі N 341 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4341 болып тіркелген) бекітілген үлгісі "Оқу курстарын бітіру туралы куәлік" жүргiзушiлердің даярлықтан және қайта даярлықтан өткенін растайтын құжат болып табылады.";
56-тармақта "басталған соң 15" деген сөздер "басталғанға дейін 10" деген сөздермен ауыстырылсын;
57-тармақ алынып тасталсын;
6, 7, 11-қосымшалар алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министріне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Ө.Т. Түсімов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Мұхаметжанов