Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 23 ақпандағы N 690 тiркелген, "Қазақстан Республикасындағы көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 қазандағы N 632 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2038. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.02.26 № 90 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасындағы көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттiк тiркеу ережесiнiң 34 және 64-тармақтарын Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн тiркеу ережесiн бекiту туралы" (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 23 ақпандағы N 690 тiркелген, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 1999 жылғы 9 қарашадағы N 561 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 2000 жылғы 20 қарашадағы N 614 бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 249 бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 2001 жылғы 28 қазандағы N 762 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн тiркеу ережесiне:
      34-тармақтағы 12-тармақшаның ескертпесiнде "мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi органдардың" деген сөздерден кейiн "не заңды тұлғалар бойынша, мемлекеттiк меншiктiк құқықты субъектiк функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың рұқсаты" деген сөздермен толықтырылсын;
      64-тармақ төртiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де органдарға.".
      2. Облыстардағы, Астана және Алматы қалалары IIББ-нiң, IIБ-нiң бастықтары ереже толықтыруларының мазмұнын бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып түсiндiрме жұмысын жүргiзу арқылы мекемелердiң, ұйымдардың және халықтың назарына жеткiзсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Iшкi iстер Вице-Министрi полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментiне (Б.Н.Өмiрзақов) жүктелсiн.

      Министр
      генерал-полковник

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады