"Қазақстан Республикасында көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеуден өткізу Ережелерін", "Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы Ережелерді" бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 249 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 14 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3641. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.02.26 № 90 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасында көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеуден өткізу және көлік құралдарын басқару құқығын алудың, емтихан қабылдаудың, азаматтарға жүргізуші куәлігін берудің тәртібі туралы ережелерін заңнамаға сәйкестендіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеуден өткізу  Ережелерін ", "Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы  Ережелерді " бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 679, 690 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы  N 614 , 2001 жылғы 25 наурыздағы  N 249 , 2001 жылғы 1 қазандағы  N 762 , 2002 жылғы 1 қазандағы  N 632 , 2004 жылғы 24 наурыздағы  N 184 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында Көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеуден өткізу Ережелеріне:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жалпы қолданылатын автомобиль жолдарында жүруге арналған қозғалтқышының жұмыс көлемі 50 текше см. астам және ең жоғары конструкциялық жылдамдығы 50 км/сағат артық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін (бұдан әрі - көлік құралдары) мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі және жол қозғалысына, оның ішінде халықаралық жол қозғалысына көлік құралдарының қатысуына мемлекеттік рұқсат шарасы болып табылады. Мемлекеттік тіркеу көлік құралдарының конструкциясы, техникалық ахуалы мен қондырғыларының қауіпсіздік талаптарына сай келуін бақылауды қамтамасыз ету, көлік құралдарын сатып алу, алу, қолдану, басқаға беру, жарамсыздыққа шығару тәртібін сақтау, көлік құралдарын орталықтандырылған және өңірлік есебін қамтамасыз ету, қылмысқа және басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күресу мақсатында жүргізіледі.
      Осы Ережелерде мынадай түсініктер қолданылады:
      1) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - көлік құралдарын тіркеу) осы Ережелерге сәйкес көлік құралдарын есепке алу, есептен шығару, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі - нөмірлік белгілер) және олардың жол қозғалысына қатысуына рұқсатын растайтын ресми құжаттарын беру жөніндегі ішкі істер органдары жол полициясының қызметі;
      2) тіркеуге өзгеріс енгізу - заңда белгіленген құқықтық негіздер болғанда есепке алу деректері мен көлік құралдарының құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
      3) тіркеу пункті - көлік құралдарын тіркеу жөніндегі заңды елеулі іс-әрекеттерді жүзеге асыратын ішкі істер органдары жол полициясының бөлімшесі;
      4) көлік құралының иесі (иенің өкілі) - көлік құралының меншік иесі болып табылатын, не болмаса иеленетін немесе оны пайдаланатын, немесе заң актілерінде белгіленген негізде және шекте көлік құралына иелік ететін жеке адам немесе заңды тұлға;
      5) тіркеу құжаттары - көлік құралдарына ресми құжаттар болып табылатын олардың жол қозғалысына қатысуына рұқсат етілгенін растайтын көлік құралын тіркеу туралы куәлік.";

      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы "заңды тұлғалар****" деген сөздер "заңды тұлғалар (бұдан әрі - заңды тұлғалар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескерту алынып тасталсын;

      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы "мен олардың өкілдері*****" деген сөздер "мен олардың өкілдері (бұдан әрі - иелері)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескерту алынып тасталсын;

      3-тармақта: бірінші абзацтағы "облыстық (қалалық) ІІБ ЖП-ның тіркеу бөлімшелері жүргізеді.******" деген сөздер "ішкі істер органдарының тіркеу бөлімшелері (бұдан әрі - тіркеу пункттері) жүргізеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескерту алынып тасталсын;

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13) Көлік құралын кепілге беру шартын тіркеуді жүргізеді.
      14) Сенімхат және заңда көзделген өзге де құжаттар бойынша көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеуді және есепке алуды жүргізеді.
      15) Сертификат немесе оның жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжаттың негізінде тіркеу пунктінде алғаш рет тіркелетін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқауды жүргізеді.";

      22-тармақтың екінші және төртінші абзацтары алынып тасталсын;

      26-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілеттіктермен жұмыс істейтін Республикалық мемлекеттік кәсіпорын*******" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескерту алынып тасталсын;

      34-тармақта:
      4) тармақшадағы "салықтарды" деген сөз "баждарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) тармақша:
      үшінші абзацтағы "құжаттардың түпнұсқасы" деген сөздер "құжаттар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "шешімі (кедендік сараптамадан өтпеген көлік құралының меншіктілігі анықталғанда, тіркеу тек кеден құжаттары бар болғанда ғана жүргізіледі)" деген сөздер "көлік құралын меншік құқығында деп тану туралы шешімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) тармақшадағы "(N 11-қосымша)" деген сөздер алынып тасталсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің расталған көшірмесі.";
      14) тармақшада:
      "3) және 4) тармақшаларында" деген сөздер "3) тармақшада" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "белгіленген тәртіппен іске тігіледі" деген сөздерден кейін "және үш жыл бойы сақталады" деген сөздермен толықтырылсын;
      ескертуде "N 10-қосымша" деген сөздер алынып тасталсын;

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "44. Тіркеу іс-әрекеттерін жүргізер алдында Қазақстан Республикасының аумағына жаңадан келген көлік құралдары (нөмірлік агрегаттар) және мемлекеттік есептен шығарылатын көлік құралдары (нөмірлік агрегаттар) айдап әкетілген, ұрланған көліктің есебі бойынша тексеріледі.
      Жүргізілген тексеру нәтижесі тексеруді жүргізген лауазымды тұлғаны, күні мен уақытын көрсете отырып, көлік иесінің арызына жазылады.";

      46-тармақ және 47-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      49-тармақта:
      бірінші абзацтағы "(N 5-қосымша)" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзацтың 2) тармақшасында "баптың" деген сөз "тармақтың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      50-тармақтың екінші және үшінші тармақтары алынып тасталсын;  

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "55. Шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің және олардың қызметкерлерінің көлік құралдарын тіркеу Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымдары арқылы жүргізіледі.";

      56 және 57-тармақтардағы "Қазақстан Республикасы СІМ ДӨЖД РМК" деген аббревиатура "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      68-тармақта "28, 34.1-34.8, 34.10, 34.11 тармақтарында." деген сөздер ", 28-тармақта, 34-тармақтың 1)-8), 10), 11) және 13) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      69-тармақта ", 28, 34.1-34.8, 34.10, 34.11 тармақтарында." деген сөздер ", 28-тармақта, 34-тармақтың 1)-8), 10), 11) және 13) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      73-тармақта:
      бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жеңіл автомобиль мен автобустың шанағын, жүк автомобилінің шассиін ауыстырғанда, оның ішінде басқа модельге (модификацияға) ауыстырған жағдайда, көлік құралының бұрынғы шығарылған жылы қойылады.";
      "(кабина)" деген сөз алынып тасталсын;

      78-тармақ алынып тасталсын;

      83-тармақтағы "жергілікті Жол полициясы жасаған техникалық байқау актісі (16-қосымша) болғанда" деген сөздер алынып тасталсын;

      84-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының резиденттерінен айдап әкетілген және ұрланған және иелеріне қайтарылмаған көлік құралдарын есептен шығару иесінің арызының және қылмыстық іс қозғау туралы қаулының негізінде жүргізіледі. Іздестірілген көлік құралы иесіне қайтарылған жағдайда, иесінің арызы және көлік құралын жәбірленушіге қайтару туралы тергеу органы растаған анықтамасының немесе сот органдарының осындай шешімінің негізінде тіркеу жүргізіледі";

      97-тармақта "(N 23-қосымша)" деген сөздер алынып тасталсын;

      7-тарау алынып тасталсын;

      N 15 және 18-қосымшалар алынып тасталсын;

      2) аталған бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алудың, емтихан қабылдаудың, азаматтарға жүргізуші куәлігін берудің тәртібі туралы  Ережелерге :

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "44. Жүргізуші куәлігі жоғалған жағдайда оны қалпына келтіру кезеңінде Ереженің 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бір айға дейінгі мерзімге уақытша жүргізуші куәлігі беріледі. Қажет болған жағдайда (сұрау салулар жіберу және оларға жауап алу, куәлікті жоғалтуға байланысты жекелеген мән-жайларды анықтау) уақытша жүргізуші куәлігі 30 тәулікке дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкін.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "45. Уақытша жүргізуші куәліктері жүргізуші куәліктері берілгеннен кейін материалдарға қосылады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 14-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Жол полициясы департаментіне (Ө.Т.Түсімов) жүктелсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі

                                       "Қазақстан Республикасында
                                    көлік құралдары мен тіркемелерді
                                      мемлекеттік тіркеуден өткізу
                                    Ережелерін", "Көлік құралдарын
                                     басқару құқығын алу, емтихан
                                   қабылдау, азаматтарға жүргізуші
                                     куәлігін беру тәртібі туралы
                                       Ережелерді" бекіту туралы"
                                     Қазақстан Республикасы Ішкі
                                     істер Министрінің 1998 жылғы
                                     12 қазандағы N 343 бұйрығына
                                     өзгерістер мен толықтырулар
                                       енгізу туралы Қазақстан
                                      Республикасы Ішкі істер
                                       министрінің 2005 жылғы
                                    26 сәуірдегі N 249 бұйрығына
                                               қосымша

                                      "Көлік құралдарын басқару
                                    құқығын алу, емтихан қабылдау,
                                    азаматтарға жүргізуші куәлігін
                                     беру тәртібі туралы Ережелеріне
                                              N 14 қосымша

            УАҚЫТША ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ ФОРМАСЫ

ҚАЗАҚСТАН        РЕСПУБЛИКА
РЕСПУБЛИКАСЫ KZ  КАЗАХСТАН
                 PERMIS
УАҚЫТША КУӘЛІК DE CONDUIRE
ВРЕМЕННОЕ УДОСТОВЕРЕНИЕ
АА N 000000
(уақытша куәліктің сериясы және
нөмірі; серия и номер временного
удостоверения)
1. ______________________________
            (тегі; фамилия)
2. ______________________________
    (Аты, әкесінің аты; имя,
          отчество)
3. ______________________________
    (туған күні және жері; дата и
          место рождения)
4. ______________________________
      (тұрғылықты жері, место
            жительства)
5. Рұқсат мерзімі:

            Фотоға
          арналған
            орын;
            Место
            для
            фото
                            М.О.
                            М.П.
Действительно до:
"__"____________200 ___ ж;г.
6. Рұқсат етілген санаттары:
Разрешение категории:
А; В; С; Д; Е
(керек емесін сызып тастаңыз;
ненужное вычеркнуть)
______________________
(иесінің қолы; подпись владельца)
Фотосуретті иесі өз қалауы
бойынша қоса береді
Фотография прилагается владельцем самостоятельно по его желанию

Уақытша куәлік
құралдарын басқару үшін
_______________________
сериялы________________
нөмірлі жүргізуші
куәлігінің орнына
беріледі ҚР ЭКБтК
_____бабы бойынша
200___ж."_____"________
алынған
Временное удостоверение
выдано на право
управления транспортными
средствами взамен:
водительского
удостоверения серии
________N

Жеке басын куәландырылатын құжаты
бар болғанда берілгеннен
бастап 60 тәулік
мерзімге жарамды.
Действительно в течении
60 суток со дня выдачи
при наличии документа
удостоверяющего
личность.

Кім берді
          _____________
Кем выдано (куәлік
берген адамның
лауазымы, органының
атауы, атағы, аты-жөні;
должность, наименование
органа, звание, фамилия
и инициалы выдавшего
удостоверение)

"___"________ж.;г.
____________М.О. М.П.
(берілген күні және
лауазымды адамның қолы;
дата выдачи и подпись
должностного лица)

Жарамдылық мерзімі
"__"______200__ж М.О.
Срок действия продлен
до г."__"______М.П.
Жарамдылық мерзімі
"____"_______200__ж М.О.
Срок действия продлен до
"____"____200__ г. М.П.
Куәлік жол қозғалысы
туралы Конвенцияны
толықтыратын Еувропалық
келісімнің N 6
қосымшаның талабына
сәйкестендірілген
Удостоверение
соответствует требованиям приложения
N 6 Европейского соглашения, дополняющего
Конвенцию о дорожном
движении.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады