"Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 14 қазандағы N 315-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5384 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 580 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2015 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Б Ұ ЙЫРАМЫН:
      1. "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3092 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 2 қазанда N 40 (197) жарияланған) "Магистральдық темір жол желісі қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3520 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 16 сәуірде N 16 (225) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесінде:
      7-тармақ 6), 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің көліктік жүйелерінің көліктік қызметтердің әлемдік нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
      7) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      8) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің темір жолдары арқылы бұрын жүзеге асырылмаған жаңа жүк ағындарын тарту;
      9) жүк ағындарын жүктерді тасымалдаудың баламалы бағдарларына қайта бағдарлау мүмкіндігі болып табылады.";
      20 және 21-тармақтардағы "(жолаушылар айналымының)" деген сөздер алып тасталсын;
      23-тармақтағы "(жолаушылар айналымы)"  деген сөздер алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы  бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігінің, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары М.М. Оспановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                       Н. Алдабергенов

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      ___________________С. Ахметов
      2008 жылғы 17 қазан

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________________ Б. Жәмішев
      2008 жылғы 3 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады