Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 580 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 қыркүйекте № 12022 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 5) тармақшасына, 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сай табиғи монополияларды реттеу жөніндігі кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрінің


міндетін атқарушы

Т. Жақсылықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрінің

      міндетін атқарушы

      ________________ С. Омаров

      2015 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 11 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрі

      ________________ В. Школьник

      2015 жылғы "___" __________



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 580 бұйрығымен
бекітілген

Магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары
бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың
реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне
(бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету
коэффициенттерін бекіту қағидалары
1.Жалпы ережелер

      1. Осы Магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін (бұдан әрі – УТК) бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар темір жолдардың көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) УТК бекіту тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      вагон айналымы – тасымалдау қашықтығын ескере отырып, жолаушылар вагондарының жөнелту саны;

      жүк айналымы – тасымалдау қашықтығын ескере отырып, жүктерді жеткізу бойынша тасымалдау жұмысының орындалған көлемі;

      құзыретті орган – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;

      мәлімделген вагон айналымы – тұтынушының және (немесе) концессионердің уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге арналған өтінімінде көрсетілген жоспарланатын вагон айналымы;

      мәлімделген жүк айналымы – тұтынушының және (немесе) концессионердің уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге арналған өтінімінде көрсетілген жоспарланатын жүк айналымы;

      өтеу кестесі – тұтынушының және (немесе) концессионердің және Ұлттық инфрақұрылым операторы, концессионер басшысының қолдарымен расталған магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушының және Ұлттық инфрақұрылым операторының және концессионердің алдындағы берешегін өтеу кестесі;

      салалық мемлекеттік орган – уәкілетті және құзыретті органдарды қоспағанда, тұтынушы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

      табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия субъектісі табиғи монополия саласында ұсынатын және тұтынушыға белгілі бір тауарды беру түрінде көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);

      тұтынушы – табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;

      уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      Ұлттық инфрақұрылым операторы – магистральдық теміржол желісін пайдалануды, ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсететін Ұлттық теміржол компаниясына акцияларының бақылаушы пакеті тиесілі заңды тұлға;

      Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Магистралдық теміржол желісінің және концессия шарттары
бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың
реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне
(бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) УТК бекіту тәртібі

      4. УТК осы шараның экономикалық тиімділігі есебінің негізінде мемлекет, Ұлттық инфрақұрылым операторы, концессионер мен тұтынушы үшін бекітіледі.

      УТК бекітудің экономикалық тиімділігі Ұлттық инфрақұрылым операторының және (немесе) концессионердің, тұтынушының кірістерін алумен немесе кірістер ысыраптарын қысқартумен айқындалады.

      5. УТК қолдана отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде Ұлттық инфрақұрылым операторына және концессионерге түсетін кірістер магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсету үшін қажетті шығындарды жабуға тиіс.

      6. УТК белгілі кезеңге бекітіледі, бірақ бір күнтізбелік жылдан аспауға тиіс.

      7. Магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) УТК бекіту мақсаттылығының өлшемшарттары мыналар болып табылады:

      1) мәлімделген жүкайналымы өткен жылдың тиісті кезеңіндегі нақты жүкайналымынан артады;

      2) мәлімделген вагон айналымы өткен жылдың тиісті кезеңіндегі нақты вагон айналымынан артады (сақтайды).

      Ескертпе:

      Вагон айналымы сақталған жағдайда, құзыретті органның вагон айналымын одан әрі ұлғайту мүмкін еместігі туралы қорытындысы ұсынылады;

      3) магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың қолданысқа енгізілмеген, қолданысқа шамалы енгізілген учаскелерін пайдалану не жүкайналымдарын баламалы тасымалдау маршруттарына қайта бағдарлау мүмкіндігі;

      Ескертпе:

      Магистральдық теміржол желісінің қолданысқа енгізілмеген немесе қолданысқа шамалы енгізілген учаскелерін құзыретті органның қорытындысы растауға тиіс. Жүкайналымдарын баламалы тасымалдау маршруттарға қайта бағдарлау мүмкіндігін Ұлттық инфрақұрылым операторы растайды;

      4) өнеркәсіптік өндірістің қосымша өнімінің экологиялық қауіптілігі;

      Еспкертпе:

      Өнеркәсіптік өндірістің қосымша өнімінің экологиялық қауіптілігі Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысымен расталады.

      Осы тармақшада көрсетілген өлшемшартқа сәйкес келген жағдайда, УТК бекіту осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көзделген өлшемшартты сақтаған кезде ғана жүргізіледі.

      5) жолаушылар тасымалын әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жүзеге асыру.

      Ескертпе:

      Құзыретті орган немесе кжергілікті атқарушы орган өзінің қорытындысында тасымалдаушының әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша тасымалдауды жүзеге асыратынын осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес құжаттарды (ақпаратты) ұсына отырып растайды;

      Әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жүретін поездардың құрамына кіретін тіркемелі және қайта отырғызылмайтын вагондар, вагон-ресторандар және багаж вагондары үшін уәкілетті органның ведомствосы әлеуметтік маңызды тасымалдар бойынша тасымалды жүзеге асыру кезінде және осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының шешімінде көзделген мөлшерде УТК жыл сайын бекітеді;

      6) жүк ағындарын баламалы көлік түрлерінен теміржол көлігіне қайта бағдарлау мүмкіндігі.

      Ескертпе:

      Мұндай жағдайда Ұлттық инфрақұрылым операторы өзінің қорытындысында осындай қайта бағдарлаудың мақсаттылығын немесе мүмкіндігін растайды;

      7) тұтынушының тарапынан міндеттемелер, оның ішінде қызметті тұрақтандыру, жұмыс орындарын сақтау, шығындарды оңтайландыру бойынша міндеттемелері болған кезде, тұтынушының өндірілетін өнімінің (өнім шығаруға қажетті шикізаттың) көлемдерін осыған байланысты халықаралық нарықтардағы бағалардың төмендеуінен туындаған өндіріс көлемінің тоқтауын немесе төмендеуін болдырмау мақсатында сақтау (азайту).

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-1. Осы Қағидалардың 7 тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес, тұтынушы мәлімдеген маршруттар бойынша, тұтынушы өндірген өнімді, сондай-ақ оны өндіруге қажетті шикізатты тасымалдау кезінде УТК бекітіледі және магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне қолданылады.

      Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Уәкілетті органның ведомствосы УТК бекітуді тұтынушының өтінімі бойынша, сондай-ақ осы Қағидалардың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда Ұлттық инфрақұрылым операторының өтінімі бойынша осы Қағидалардың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес негіздеуші құжаттардың қосымшаларын қоса бере отырып, мынадай талаптарды сақтап жүргізеді:

      1) растаушы құжаттар қоса беріліп, негіздеуші құжаттардың әрбір парағына тұтынушының және (немесе) концессионердің бірінші басшы не оның міндетін атқарушы тұлға, ал қаржы құжаттарына бас бухгалтер қол қояды;

      2) алдыңғы кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша нақты деректер, сондай-ақ оларды бекіту сұратылған кезеңге УТК қолданудан болатын болжамды нәтижелер ұсынылады.

      Магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) УТК бекітуге өтінім осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы өтінім берген жағдайда, 1 қосымшаның 1), 2), 3), 5), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен ақпарат ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. УТК бекітуге мүдделі тұтынушы осындай бекіту қажеттілігі туралы өтінімді уәкілетті органның ведомствосына төрт данада ұсынады.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы өтініш берген жағдайда, өтінім уәкілетті органның ведомствосына екі данада ұсынылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қағидаларға сәйкес талап етілетін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынбау немесе толық көлемде ұсынбау, сондай-ақ Қағидалардың 8-тармағының талаптарына ұсынылған материалдардың сәйкес келмеуі, өтінімді қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      11. Уәкілетті органның ведомствосы өтінім түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінімді қарауға алғаны (концессионердің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне УТК бекітуге өтінім берілген жағдайда) өтінім даналарын Ұлттық инфрақұрылым операторына, концессионерге, салалық мемлекеттік органға және құзыретті органға бір мезгілде жолдай отырып) немесе оны қабылдаудан дәлелді бас тартқаны туралы тұтынушыны, Ұлттық инфрақұрылым операторын (ол өтінім берген жағдайда) жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы өтініш берген жағдайда, өтінімнің бір данасы құзыретті органға жолданады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, уәкілетті органның ведомствосы қажет болған жағдайда тұтынушыдан, Ұлттық инфрақұрылым операторынан (ол өтінім берген жағдайда) қосымша ақпаратты сұратады.

      Тұтынушы, Ұлттық инфрақұрылым операторы (ол өтінім берген жағдайда) сұраныс алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде сұратылған ақпаратты ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы Ұлттық инфрақұрылым операторына, тұтынушыға және (немесе) концессионерге, салалық мемлекеттік органға, құзыретті органға және ол туралы жазбаша хабарлап УТК бекітуден бас тартады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Ұлттық инфрақұрылым операторы, концессионер, салалық мемлекеттік орган, құзыретті орган өтінімді қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде УТК бекітудің орындылығы не орынсыздығы туралы қорытындыны уәкілетті органның ведомствосы мен тұтынушыға және (немесе) концессионерге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы, салалық және құзыретті органдар өзінің қорытындысында тұтынушының өтініміне сүйене отырып, оның ішінде:

      1) УТК бекітудің орындылығын немесе орынсыздығын көрсетеді. УТК бекіту орынды болған жағдайда бекітілуі орынды деңгей көрсетіледі;

      2) тұтынушының өтініміне қарай кезеңдер (ай, не тоқсан, не жартыжылдық, не жыл) бөлінісінде жүктерді тасымалдау (жүк айналымы) көлемі немесе жолаушылар вагондарын тасымалдау көлемі немесе жыл бойынша жолаушылар вагондарының (вагон айналымы) жол жүру көлемі көрсетіледі;

      3) УТК ұсынылатын деңгейіне негіздеме – есепті қоса береді;

      4) осы Қағидалардың 7-тармағының 2), 3), 4), 6) тармақшаларында көзделген өлшемшарттарға сәйкестігі туралы растайды (тұтынушы берген өтінімге қарай).

      Тұтынушы осы Қағидалардың 7-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген өлшемшартқа сәйкес өтінім берген жағдайда, осы Қағидалардың 7-тармағының 7) тармақшасында санамаланған талаптарға сәйкестігі және УТК қолдануды ескермей тасымалдау көлемін одан әрі арттырудың мүмкін еместігі туралы құзыретті органның растауы қажет.

      Егер, УТК бекітудің өлшемшарты осы Қағидалардың 7-тармағының 7) тармақшасында көзделген өлшемшарт болған жағдайда, салалық мемлекеттік органның және құзыретті органның қорытындыларына тұтынушы өнімін өндірудің өзіндік құнына және оны өткізуге тасымалдау құнының және УТК әсерін растайтын есептер, сондай-ақ:

      өтінім берген тұтынушы үшін УТК бекітудің тиімділігін бағалау, оның ішінде УТК қолдану нәтижесінде тасымалдау шығыстарының төмендеуіне байланысты тұтынушы шығындарының өзгерістерін салыстырмалы талдау;

      УТК бекітудің тиісті салаға әсер етуін;

      мемлекет үшін УТК бекіту тиімділігін;

      УТК бекітпеген жағдайда салдарын бағалау енгізіледі.

      Егер, салалық мемлекеттік орган және құзыретті орган бірыңғай мемлекеттік орган болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосына бірыңғай қорытындысы ұсынылады.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы өтінім берген жағдайда, УТК бекітудің орындылығы не орынсыздығы туралы қорытындыны уәкілетті органның ведомствосына құзыретті орган 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Тұтынушының, Ұлттық инфрақұрылым операторының, концессионердің бастамасы бойынша не мүдделі мемлекеттік органдардың қолдаухаты бойынша ұсынылған қосымша ақпаратты алған кезде, уәкілетті органның ведомствосы өтінімді қарауды бес жұмыс күнге ұзартуға құқылы.

      15. Ұлттық инфрақұрылым операторы, салалық мемлекеттік орган, құзыретті орган ұсынған қорытындылардың негізінде, тұтынушы ұсынған негіздеуші құжаттардың сараптамасын ескере отырып, уәкілетті органның ведомствосы өтінімді қарауға қабылдаған күнінен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      УТК бекіту туралы шешім Ұлттық инфрақұрылым операторының, концессионердің, салалық мемлекеттік органның және құзыретті органның оң қорытындылары алынған жағдайда қабылданады.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы және (немесе) концессионер, салалық мемлекеттік орган және құзыретті орган қорытындыларды осы Қағидалардың 13 тармағында көзделген мерзімде ұсынбаған жағдайда, тұтынушы мәлімдеген УТК шартымен және деңгейімен келісілген деп саналады.

      Ұлттық инфрақұрылым операторының өтінімі бойынша УТК бекіту туралы шешімді қоспағанда, УТК бекіту туралы шешім тұтынушының өтініміне қарай, айлар, не тоқсан, не жартыжылдық бөлінісінде, не жалпы жыл бойынша жүктерді (жүк айналымын) немесе вагон айналымын тасымалдау көлемдерін немесе жыл бойынша жолаушылар вагондарының (вагон айналымы) жол жүру көлемін көрсете отырып, Ұлттық инфрақұрылым операторының және құзыретті органның қорытындысында көрсетілген ұстанымы ескеріле отырып, қабылданады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Тұтынушы осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес қайта өтінім берген жағдайда салалық мемлекеттік органның қорытындысына өткізу нарықтары конъюнкурасының одан әрі нашарлауын және өндіріс көлемінің азаюын растау енгізіледі. Мұндай жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының бұрын қабылданған шешімінің күші жойылады, ал қайта берілген өтінімді қарау және ол бойынша шешім қабылдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жалпы тәртіппен жүргізіледі.

      17. УТК бекіту туралы шешім уәкілетті органы ведомствосының басшысымен немесе оның міндетін атқарушымен қабылданады.

      УТК бекіту туралы шешім Ұлттық инфрақұрылым операторына, концессионерге, салалық мемлекеттік органға, құзыретті органға, тұтынушыға уәкілетті орган ведомствосының бұйрығы күшіне енген күнге дейін он күннен кешіктірмей жолданады.

      Ұлттық инфрақұрылым операторының өтінімі бойынша УТК бекіту туралы шешімді қоспағанда, жүктерді тасымалдау немесе жолаушылар вагондарын тасымалдау кезінде УТК бекіту туралы шешімде тұтынушы берген өтінімге, Ұлттық инфрақұрылым операторының және құзыретті органның қорытындысында көрсетілген ұстанымына байланысты маршруттар (жүктерді тасымалдау бағыттары) бөлінісінде жүктерді тасымалдау (жүк айналымы) көлемдері немесе жолаушылар вагондарын тасымалдау (вагон айналымы) көлемдері немесе жыл бойынша жолаушылар вагондарының (вагон айналымы) жол жүру көлемін көрсетіп кезеңдерге (ай, не тоқсан, не жартыжылдық, не жыл) бөлініп көрсетіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. УТК бекітуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы тиісті дәлелді қорытынды шығарады, оны бес жұмыс күні ішінде Ұлттық инфрақұрылым операторына, концессионерге, салалық мемлекеттік органға, құзыретті органға және тұтынушыға жолдайды.

      19. Жоспарланған уақыт кезеңінде жүк айналымын / вагон айналымы ұлғайту жағдайын қоспағанда, тұтынушы және (немесе) концессионер, сондай-ақ Ұлттық инфрақұрылым операторы бас тарту туралы тиісті дәлелді қорытынды алынған өтінім бойынша осындай өтінімде көрсетілген уақыт мерзімі өткенге дейін өлшемшарт бойынша қайта өтінім бере алмайды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Осы Қағидалардың 8 – 19-тармақтарының ережелері әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушы тасымалын жүзеге асыратын тұтынушыларға қолданылмайды.

      21. Осы Қағидалардың 7-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген өлшемшартқа сәйкес УТК бекіту үшін құзыретті орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидаларға 7-тармақшаға сәйкес нысан бойынша УТК бекітудің орындылығы туралы қорытындыны қоса бере отырып, УТК бекіту туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) жолдайды.

      Құзыретті органның немесе жергілікті атқарушы органның УТК бекітудің орындылығы туралы қорытындысына мынадай құжаттар мен ақпарат қоса беріледі:

      1) УТК деңгейі көрсетілген Республикалық бюджеттік комиссия (не жергілікті атқарушы орган өтініш берген жағдайда - облыстық бюджеттік комиссияның шешімінің көшірмесі) шешімінің көшірмесі;

      2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржолмен жолаушылар тасымалын субсидиялау туралы жасалған шарттардың көшірмелері, сондай-ақ негізгі шарттың (ұзартылған жағдайда), қолданысын ұзартуды көздейтін қосымша келісімдер.

      3) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы 2-тармағының 34-5) тармақшасына және 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қабылданған, құзыретті органның (жергілікті өкілетті органның шешімінің көшірмесі) әлеуметтік маңыз бар облысаралық (ауданаралық, қалааралық облыс ішіндегі және қала маңындағы) жолаушылар тізбесін айқындау (бекіту) туралы бұйрығының көшірмесі.

      4) Мәтін түріндегі түсіндірмені қоса бере отырып, әрбір маршрут бойынша оның сұратқан деңгейінің есебін қоса алғанда УТК бекітудің қажеттілігі туралы анықтама-негіздеме (жергілікті атқарушы органмен ұсынылады).

      5) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, жылдарға бөлінген, теміржол көлігімен жолаушылар вагондарының тасымалдау көрсеткіші.

      Қорытындыға қоса берілетін құжаттарды немесе ақпаратты толық көлемде ұсынбаған жағдайда, құзыретті орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілетті орган ведомствосының сұратуы бойынша жетіспейтін құжаттарды және (немесе) ақпаратты уәкілетті орган ведомствосының сұранысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жолдайды.

      Құзыретті орган немесе жергілікті атқарушы орган жетіспейтін құжаттарды уәкілетті органның ведомствосы сұратқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы құзыретті органмен жергілікті атқарушы органды жазбаша хабардар ете отырып өтінішті қабылдамайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21-1. Осы Қағидалардың 21 тармағында көрсетілген құжаттар мен ақпаратты қоса бере отырып, жергілікті атқарушы органның өтініші толық көлемде түскен жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, жергілікті атқарушы орган өтінішінің көшірмесін Ұлттық инфрақұрылым операторына жолдайды.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ведомствосына УТК бекітудің орындылығы не орынсыздығы туралы қорытындыны ұсынады.

      Ескерту. 2-тарау 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21-2. Уәкілетті органның ведомствосы Ұлттық инфрақұрылым операторы (жергілікті атқарушы орган өтініш берген жағдайда) ұсынған қорытындылардың негізінде, УТК бекіту туралы өтініш келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы осы Қағидалардың 21-1-тармағында көзделген мерзімде қорытындыларды ұсынбаған жағдайда, жергілікті атқарушы органның өтінішімен, УТК шарттарымен және деңгейімен келіскен деп саналады.

      Жергілікті атқарушы органның УТК бекіту туралы шешімі Ұлттық инфрақұрылым операторының оң қорытындысын алған жағдайда қабылданады.

      Ескерту. 2-тарау 21-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдарды жүзеге асыру кезінде УТК құзыретті орган (жергілікті атқарушы орган) осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген құжаттар мен ақпаратты ұсынған жағдайда Республикалық бюджеттік комиссия (не жергілікті атқарушы орган өтініш берген жағдайда облыстық бюджеттік комиссиясы) айқындаған мөлшерде бекітеді.

      УТК бекіту туралы шешім ол бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді және УТК бекітілген жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда күшінде болады.

      Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдау кезіндегі УТК бекіту туралы шешім Ұлттық инфрақұрылым операторына және құзыретті органға жолданады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Жүк және (немесе) жолаушы тасымалдарын жүзеге асыру кезінде УТК бекіту туралы шешім магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың қызметтерін тұтынушыда және Ұлттық инфрақұрылым операторының және концессионердің алдында берешегі болмаған жағдайда немесе оны өтеу кестесіне сәйкес өтеген жағдайда қабылданады.

      24. Ұлттық инфрақұрылым операторы, концессионер УТК магистралдық теміржол желісінің операторының және концессионердің және тұтынушының және арасында жасалған шарттың (бұдан әрі – шарт) негізінде қолданады. Осы шарт бекітілген УТК қолданыс кезеңін және тұтынушының осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген өлшемшарттарды орындамағаны үшін тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) УТК қолданбастан реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынудың нақты орындалған көлеміне қайта есептеу түрінде жауапкершілігін көздейді.

      25. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Ұлттық инфрақұрылым операторына, концессионерге уәкілетті органның ведомствосы бекіткен УТК қолдану туралы шарт жасасуға тұтынушы өтінім берген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жасалуға тиіс.

      Шартта уәкілетті органы ведомствосының бұйрығына сәйкес мәлімделген жүкайналымы көрсетіледі.

      25-1. Осы Қағидалардың 24-25-тармақтарының ережелері, осы Қағидалардың 7 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда Ұлттық инфрақұрылым операторы ұсынған өтінішке қолданылмайды.

      Ескерту. 2-тарау 25-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. УТК қолданысы бекітілген мерзім өткеннен кейін, сондай-ақ уәкілетті органның ведомствосы Ұлттық инфрақұрылым операторының, концессионердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіткен сәттен бастап тоқтатылады.

      27. Уәкілетті органның ведомствосы бекітілген УТК бекітілген мерзімі аяқталғанға дейін мынадай шарттардың бірі болған жағдайда алып тастауы мүмкін:

      1) УТК одан әрі қолданудың экономикалық тиімсіздігі;

      2) өтеу кестесін орындамау;

      3) уәкілетті органның ведомствосы УТК бекіту туралы шешім қабылдаған өлшемшартқа сәйкес келмеуі;

      4) шартта көзделген талаптарды орындамау.

      28. Тұтынушы, Ұлттық инфрақұрылым операторы, концессионер, салалық мемлекеттік орган, құзыретті орган уәкілетті органның ведомствосына УТК алып тастау қажеттігін негіздейтін құжаттар мен ақпаратты ұсынып, оны алып тастау туралы ұсыныс жасауға құқылы.

      Бекітілген УТК алып тастау туралы шешім қабылдау кезінде уәкілетті органның ведомствосы Ұлттық инфрақұрылым операторынан, концессионерден, салалық мемлекеттік органнан, құзыретті органнан, сондай-ақ тұтынушыдан ақпарат сұратады.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы, концессионер, салалық мемлекеттік орган, құзыретті орган сұраныс жолданған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қорытындыларды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы қолда бар материалдарды ескере отырып, бекітілген УТК алып тастау бойынша негіздеуші материалдарға сараптама жүргізеді.

      УТК қолданысы кезінде жүктерді тасымалдау көлемдерінің төмендеуі және өткізу нарықтары коньюнктурасының одан әрі нашарлауына байланысты Шарттың талаптарын орындамауға байланысты УТК алып тастаған жағдайда, осы Қағидалардың 7-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген өлшемшартқа сәйкес УТК бекітуге өтінім берген тұтынушылар УТК бекітуге жаңа өтінім беруге құқылы.

      29. Уәкілетті органның ведомствосы Ұлттық инфрақұрылым операторының, концессионердің, салалық мемлекеттік органның, құзыретті органның қорытындыларын ескере отырып, ұсынылған негіздеуші құжаттар мен ақпаратты жиырма бес жұмыс күні ішінде қарайды және сараптама жүргізеді.

      Осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларда, уәкілетті органның ведомствосы Ұлттық инфрақұрылым операторына, концессионерге, салалық мемлекеттік органға, құзыретті органға бес жұмыс күні ішінде хабарлап, бекітілген УТК алып тастау туралы шешімді бұйрық түрінде қабылдайды.

      30. Бекітілген УТК алып тастау туралы бұйрық Ұлттық инфрақұрылым операторына, концессионерге, салалық мемлекеттік органға, құзыретті органға, тұтынушыға уәкілетті орган ведомствосының бұйрығын қолданысқа енгізу күнге дейін он бес күннен кешіктірмей жолданады.

      УТК қолданыстан алып тастау туралы ұсыныс қабылданбаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы дәлелді қорытынды шығарады, ол осындай ұсыныс жасаған өтініш берушіге жіберіледі.

  Магистральдық теміржол
желісінің және концессия
шарттары бойынша теміржол
көлігінің объектілері бар
теміржолдардың реттеліп
көрсетілетін қызметтерінің
тарифтеріне (бағаларына, алымдар
мөлшерлемелеріне) уақытша
төмендету коэффициенттерін
бекіту қағидаларына
1-қосымша

Магистралдық теміржол желісі және концессия шарттары бойынша
теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың
реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне
(бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету
коэффициенттерін бекіту кезінде тұтынушы ұсынатын
материалдар

      1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге өтінім;

      2) экономикалық мақсаттылығының есебі мен оның сұратылған деңгейінің есебін қоса алғанда, уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қажеттілігінің анықтама-негіздемесі. Экономикалық мақсаттылығының және сұратылған коэффициент деңгейінің есептері мәтін түріндегі түсіндірмелермен болуы тиіс;

      3) өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда уақытша төмендету коэффициентін бекітуді ескеріп және ескерместен бюджет алдында салық міндеттемелерін арттыру (сақтау) есебі;

      4) өтінім берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы қаржылық есептілік (бухгалтерлік теңгерім, кірістер мен залалдар туралы есеп, ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп, түсіндірме жазба, еңбек бойынша есеп), сондай-ақ өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметті талдау (тоқсан, жартыжылдық, 9 ай не жыл – өтінімді беру күніне қарай ) – мәтін нысанында;

      5) жүкті тасымалдауға (сұратылатын маршрут бойынша) арналған теміржол тарифі (бағасы, алым мөлшерлемесі), оның ішінде магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифі (бағасы, алым мөлшерлемесі) жеке, тұтынушының және (немесе) концессионердің жалпы шығыстарындағы оның үлестік салмағы (өндірістік және толық өзіндік құны);

      6) нақты өндірістік және толық өзіндік құн (көліктік құрамдасты бөле отырып, 1 бірлік үшін шығын баптары бөлінісінде) және өткен және ағымдағы жылда келісімшарт бойынша жеткізу бағалары туралы ақпарат;

      7) жоспарланатын өндірістік және толық өзіндік құн туралы ақпарат (көліктік құрамдасты бөле отырып, 1 бірлік үшін шығын баптары бөлінісінде) және мәлімделген кезеңге жеткізудің болжамды бағалары айлар бөлінісінде (келісімшарттық – келісімшарт болған жағдайда);

      8) жолаушы тасымалының өзіндік құны туралы ақпарат айлар бөлінісінде (шығындарды магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне бөле отырып, шығын баптары бөлінісінде);

      9) Ұлттық инфрақұрылым операторының және магистралдық теміржол желісі және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар операторының алдындағы берешектің жай-күйі (ағымдағы айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуды салыстыру актісі және тұтынушының және (немесе) концессионердің және Ұлттық инфрақұрылым оператор және концессия шарттары бойынша темержол көлігі объектілері бар теміржолдар операторы, концессионер басшысының қолдарымен расталған, Ұлттық инфрақұрылым операторының және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар операторының алдындағы тұтынушының және (немесе) концессионердің берешегін өтеу кестесі.

      10) Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша айларға бөлінген алдыңғы жылы жүктерді (жолаушыларды) тасымалдау көрсеткіштері;

      11) Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша айлар бойынша ағымдағы жылы теміржол көлігімен жүктерді (жолаушыларды) тасымалдау көрсеткіштері1;

      12) Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес уақытша төмендету коэффициентін қолдануды ескерместен, айларға бөлінген теміржол көлігімен жүктерді (жолаушыларды) тасымалдау көрсеткіштері1;

      13) Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес уақытша төмендету коэффициентін қолдануды ескеріп, айларға бөлінген теміржолмен жүктерді (жолаушыларды) тасымалдау көрсеткіштері1;

      14) тұтынушының және (немесе) концессионердің реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылар, сатып алушы (алушы) – толық атауы2.

      ________________________________

      1жылжымалы құрамның пайдалану жай-күйі ескеріліп, тасымалдау маршруттары бойынша толтыралады;

      2егер жүктерді тасымалдаушы тұтынушы және (немесе) концессионер болған жағдайда толтырылады

  Магистральдық теміржол желісінің және
концессия шарттары бойынша теміржол
көлігінің объектілері бар теміржолдардың
реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне
(бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне)
уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау көрсеткіштері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/С №

Жүк атауы, код БТСЖН

Жөнелту станциясы (республикалық қатынас үшін)/ Өткізу станциясы (халықаралық қатынас үшін)

Межелі станция (республикалық қатынастар үшін)/ өткізу станциясы (халықаралық қатынас үшін)

Тасымалау қашықтығы (жөнелту станциясынан /өткізу станциясынан межелі/өткізу станцияға дейін, км

Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне арналған тариф, теңге

Жүктерді тасымалдау/ жүкайналымының көрсеткіштер

жүктерді тасымалдау көлемдері/ жүкайналымы айлар бөлінісінде және жыл ішінде барлығы*

қаңтар

ақпан

желтоқсан

Жыл ішіндегі жиыны

Республикалық қатынас







көлемі мың. т







жүкайналымы, мың тонна км







Халықаралық (экспорттық, импорттық) қатынас







көлемі мың. т







жүкайналымы, мың тонна км







  Магистральдық теміржол желісінің және
концессия шарттары бойынша теміржол
көлігінің объектілері бар теміржолдардың
реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне
(бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне)
уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту
қағидаларына 3-қосымша

      нысан

Жолаушылар вагондарын теміржол көлігімен тасымалдау
Көрсеткіштері

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/н №

Поезд нөмрі

Маршрут

Құрамдағы вагондардың орташа саны

Жол жүру кезеңділіг

Вагондар жүрісі, мың ваг-км

Жөнелту станциясы

Межелі станциясы

Тасымалдау қашықтығы (жөнелту станцясынан межелі станцияға дейін), км

Тасымалдауға тариф, теңге

Вагон түрі

Вагон айналымы бойынша

Жыл бойынша жиыны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













  Магистральдық теміржол
желісінің және концессия
шарттары бойынша теміржол
көлігінің объектілері бар
теміржолдардың реттеліп
көрсетілетін қызметтерінің
тарифтеріне (бағаларына, алымдар
мөлшерлемелеріне) уақытша
төмендету коэффициенттерін
бекіту қағидаларына
4-қосымша

      нысан

Магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары
бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың
көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету
коэффициентін бекітуге өтінім

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Тұтынушының және/немесе концессионердің (заңды тұлға) толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (жеке тұлға):

      _____________________________________________________________________ 2. Қағидалардың 7-тармағына сәйкес уақытша төмендету коэффициентін бекіту мәлімделетін өлшемшарттар

      _____________________________________________________________________ 3. Мәлімделетін уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі (жүк түрлері бойынша, тасымалдау бағыттары бөлінісінде)

      _____________________________________________________________________ 4. Мәлімделетін уақытша төмендету коэффициентін қолдану кезеңі

      _____________________________________________________________________ 5. Қатынас түрі

      _____________________________________________________________________ 6. Маршрут

      _____________________________________________________________________ 7. Тасымал түрі (жүк, жолаушы)

      _____________________________________________________________________ 8. Жүк түрі

      _____________________________________________________________________ 9. Уақытша төмендету коэффициентін қолданып, Бірыңғай тарифтік статистикалық жүктер номенклатурасы бойынша тарифтік топтың кодтары мен позицияларын көрсетіп тасымалдауға жоспарланатын жүктер номенклатурасы:

      (егер жүктерді тасымалдаушы тұтынушы және (немесе) концессионер болған жағдайда толтырылады)

      _____________________________________________________________________ 10. Уақытша төмендету коэффициентін қолдануды ескере отырып, мәлімделген жүк айналымын (вагон айналымын) орындаудың кезеңділігі:

      (айлар, не тоқсан, не жартыжылдық, не тұтас жыл бойынша тасымалдау кезеңділігін көрсетіп тұтынушы толтырады.)

      11. Жүктерді (жолаушыларды) тасымалдау жоспарланатын жылжымалы құрамның типі, тиесілілігі:

      _____________________________________________________________________

  Магистральдық теміржол
желісінің және концессия
шарттары бойынша теміржол
көлігінің объектілері бар
теміржолдардың реттеліп
көрсетілетін қызметтерінің
тарифтеріне (бағаларына, алымдар
мөлшерлемелеріне) уақытша
төмендету коэффициенттерін
бекіту қағидаларына
5-қосымша

      нысан

Магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары
бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың
көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету
коэффициентін бекітудің мақсаттылығы/мақсатсыздығы туралы
қорытынды

      1. Тұтынушы:________________________________________________

      2. Тұтынушы қызметін жүзеге асыратын сала:__________________

      3. Бекітуге ұсынылатын уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі: _____________

      4. Уақытша төмендету коэффициентін бекіту ұсынылатын тасымалдау бағыттары (маршруттары):___________________________________________

      5. Уақытша төмендету коэффициентін бекіту орындылығының негіздемесі (Бағада бұдан басқа Қағидалардың 7 және 13-тармақтарында көзделген негіздеме (растау) беріледі) ____________________________

      6. Өтінім берген тұтынушы үшін уақытша төмендету коэффициентін бекіту тиімділігін бағалау:

      (Бағалауды салалық орган жүргізеді)

      _____________________________________________________________________

      7. Тұтынушы қызметін жүзеге асыратын салаға уақытша төмендету коэффициентін бекітудің әсерін бағалау:

      (Бағалауды салалық орган жүргізеді)

      _____________________________________________________________________

      8. Мемлекет үшін уақытша төмендету коэффициентін бекітудің тиімділігін бағалау:

      (Бағалауды салалық орган жүргізеді)

      _____________________________________________________________________

      9. Уақытша төмендету коэффициентін бекітпеу жағдайындағы салдарды бағалау:

      (Бағалауды салалық орган жүргізеді)

      _____________________________________________________________________

      10. Ұлттық инфрақұрылым операторының қызметіне уақытша төмендету коэффициентін бекітудің әсерін бағалау:

      (Бағалауды құзыретті орган жүргізеді)

      _____________________________________________________________________ 12. Кезеңділігі _______________________________________________

      (тасымалдаудың айлар, не тоқсан, не жартыжылдық, не тұтастай жыл бойынша кезеңділігінің ықтималдылығы көрсетіле

  Магистральдық теміржол желісінің және
концессия шарттары бойынша теміржол
көлігінің объектілері бар теміржолдардың
реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне
(бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне)
уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту
қағидаларына 6-қосымша

      нысан

Магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары
бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың
көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету
коэффициентін бекітудің мақсаттылығы/мақсатсыздығы туралы
қорытынды

      Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Өтініш беруші: Ұлттық инфрақұрылым операторы

      2. бекітуге ұсынған, уақытша төмендету коэффициенттің деңгейі:

      _____________________________________________________________________

      3. уақытша төмендету коэффициентің белгіленуі ұсынылып отырған

      тасымалдау (маршруты) бағыты: _______________________________________

      4. Уақытша төмендету коэффициентін бекіту орындылығының негіздемесі

      (Бағада бұдан басқа Қағидалардың 7 және 13-тармақтарында көзделген

      негіздеме (растау) беріледі)_________________________________________

      5. Ұлттық инфрақұрылым операторы жүзеге асыратын салаға уақытша

      төмендету коэффициентін бекітудің әсерін бағалау:

      _____________________________________________________________________

      6. Мемлекет үшін уақытша төмендету коэффициентін бекітудің

      тиімділігін бағалау:

      _____________________________________________________________________

      7. Уақытша төмендету коэффициентін бекітпеу жағдайындағы салдарды

      бағалау: (бағалау құзыретті органмен жүргізіледі)

      _____________________________________________________________________

  Магистральдық теміржол желісінің және
концессия шарттары бойынша теміржол
көлігінің объектілері бар теміржолдардың
реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне
(бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне)
уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту
қағидаларына 7-қосымша

      нысан

Магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары
бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың
көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету
коэффициентін бекітудің орындылығы/орынсыздығы туралы құзыретті
органның (жергілікті атқарушы органның) қорытындысы

      Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Әлеуметтік маңызды маршруттар бойынша жолаушылар

      тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушының атауы __________________

      2. Поезд нөмірі көрсетілген маршрут ___________________________

      3. Бекітілуге ұсынылған, УТК деңгейі __________________________

      4. Мәлімделген УТК қолданылу кезеңі ___________________________

      5. Жолаушылар вагондарының (вагон айналымы) жол жүруі

      _____________________________________________________________________

      6. Әр тасымалдаушыға берілген субсидия сомасы _________________

      7. егер уақытша төмендету коэффициенті бекітпеген жағдайдағы

      салдарының бағалауы _________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 580 бұйрығымен
бекітілген
қосымша

Күші жойылған деп танылған табиғи монополияларды
реттеу жөніндегі бұйрықтардың тізбесі

      1. "Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 375-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3092 тіркелген);

      2. "Магистралдық темір жол желісі қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 375-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3520 тіркелген);

      3. "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 375-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 14 қазандағы № 315-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5384 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 197 (1597) жарияланған);

      4. "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 375-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2009 жылғы 13 ақпандағы № 41-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5597 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1650), "Ресми газетте" 2009 жылғы 25 сәуірдегі № 17 (435) жарияланған);

      5. "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 375-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 98-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6184 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2010 жылғы 14 тамыздағы № 215-216 (26276-26277), "Ресми газет" газетінде 2010 жылғы 27 тамызда № 35 (505) газеттерінде жарияланған, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілерінде 2010 жылғы 26 тамызда № 14 жарияланған);

      6. "Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 375-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі төрағасының 2014 жылғы 14 мамырдағы № 102-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9477 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2014 жылғы 3 маусымдағы № 79 (2647), "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйеде 2014 жылғы 27 маусымда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады