Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға аяң рұқсат беру ережесiн бекiту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 50 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 186 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5468 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға аяң рұқсат беру ережесiн бекiту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 50 қаулысына
( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4171 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 79 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 05 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5141 тіркелген) енгізілген толықтырулар мен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
       "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ, еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу ережесiн бекiту туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса берілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ, еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу ережесi бекітілсін.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға аяң рұқсат беру ережесiнде:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
       "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ, еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу ережесi";
      кіріспесі "рұқсат беру" деген сөздерден кейін ", еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ "берілген" деген сөзден кейін "және одан кері қайтарып алынған" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "10-1. Еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Заңның 32-бабының 8-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне байланысты емес себептермен еншілес ұйымына бақылауды иеленсе, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымын иеленуге уәкілетті органның рұқсатын алу үшін осы фактіні анықтаған сәттен бастап бір ай мерзімде Заңның 32-бабының 4-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
      10-2. Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Заңның 32-бабының 9-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тарауымен толықтырылсын:
       "2-1-тарау. Еншілес ұйымын құруға немесе иеленуге, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі
      10-3. Уәкілетті орган еншілес ұйымын құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты Заңның 32-бабының 12-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша кері қайтарып алады.
      10-4. Еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты қайтарған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Заңның 32-бабының 12-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады, және оған тиесілі акцияларды (қатысу үлестерді) иеліктен шығаруды іске асырған күннен бастап үш күндік мерзімде уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, хабарламаны ұсынады.";
      1-қосымшада:
      оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

                                   "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                    ұйымына еншiлес ұйымды құруға
                                  немесе иеленуге, заңды тұлғалардың
                                     жарғылық капиталына қомақты
                                   қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ,
                                     еншiлес ұйымды құруға немесе
                                      иеленуге, заңды тұлғалардың
                                      жарғылық капиталына қомақты
                                    қатысуға берілген рұқсатты кері
                                        қайтарып алу ережесiне
                                               1-қосымша";

      атауы "берілген" деген сөзден кейін "және кері қайтарып алынған" деген сөздермен толықтырылсын;
      кесте
"

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншiлес ұйым құруына және ие болуына берiлген рұқсаттың күнi және нөмiрi


                        "
      деген бағаннан кейін мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:
"

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншiлес ұйым құруына және ие болуына берiлген рұқсатты кері қайтарып алу күні және нөмірі


                        ";
      2-қосымшада:
      оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

                                    "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                    ұйымына еншiлес ұйымды құруға
                                  немесе иеленуге, заңды тұлғалардың
                                     жарғылық капиталына қомақты
                                   қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ,
                                     еншiлес ұйымды құруға немесе
                                      иеленуге, заңды тұлғалардың
                                      жарғылық капиталына қомақты
                                    қатысуға берілген рұқсатты кері
                                        қайтарып алу ережесiне
                                               2-қосымша";

      атауы "берілген" деген сөзден кейін "және кері қайтарып алынған" деген сөздермен толықтырылсын;
      кесте
"

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсаттың күні және нөмірі


                        "
      деген баған мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:
"

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу күні және нөмірі


                        ";
      3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

                                   "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                    ұйымына еншiлес ұйымды құруға
                                  немесе иеленуге, заңды тұлғалардың
                                     жарғылық капиталына қомақты
                                   қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ,
                                     еншiлес ұйымды құруға немесе
                                      иеленуге, заңды тұлғалардың
                                      жарғылық капиталына қомақты
                                    қатысуға берілген рұқсатты кері
                                        қайтарып алу ережесiне
                                               3-қосымша";

      4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

                                   "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                    ұйымына еншiлес ұйымды құруға
                                  немесе иеленуге, заңды тұлғалардың
                                     жарғылық капиталына қомақты
                                   қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ,
                                     еншiлес ұйымды құруға немесе
                                      иеленуге, заңды тұлғалардың
                                      жарғылық капиталына қомақты
                                    қатысуға берілген рұқсатты кері
                                        қайтарып алу ережесiне
                                               4-қосымша";

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                       Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады