Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 647 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5480 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 26.02.2014 № 77 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.02.22 № 105 (ресми жариялаған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) Бұйрығымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
14-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасы бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.02.22 № 105 (ресми жариялаған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) Бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Тәшенев Б.Х.) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е.Дәленовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                          Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
N 647 бұйрығымен    
бекітілген       

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.02.22 № 105 (ресми жариялаған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) Бұйрығымен.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу
кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты
ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы заңының 14-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Қағида мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындайды.
      3. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) жергілікті мазмұн – мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін тартылған Қазақстан Республикасының азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндіру критерийлеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығарылым үлесі (үлестері) құнының мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;
      2) мемлекеттік сатып алу веб-порталы - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін мемлекеттік ақпараттық жүйе;
      3) мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган - мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      4) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері - мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      5) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.

2. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша
есептілікті жинау ережесі

      4. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ есеп, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат, орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті мазмұн көлемдері туралы есеп осы Қағидаға тиісінше 122-13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты режимде күн сайын қалыптастырылады.
      5. Жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпарат өспелі қорытындысыз мемлекеттік сатып алу туралы атқарушы шарттар бойынша беріледі.
      Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған, сондай-ақ Заңның 37-бабының 6 және 7-тармақтарында тиісті жылы жүргізілетін төлеу бөлігінде көзделген жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпарат әрбір жылдың қорытындысы бойынша беріледі.
      6. Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпарат, сондай-ақ Заңның 4-бабының 1-тармағының 3)23) және 32) тармақшаларында көзделген ақпарат веб-порталға ұсынылмайды.

3. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша
есептілікті қорыту

      7. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастырылатын есептілікті қорытындылауды жүзеге асырады.
      8. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері ұсынған есептік деректер автоматты режимде қорытындыланады және мемлекеттік сатып алудың веб-порталында осы Қағидаға 122-1 және 3-қосымшаларға сәйкес жиынтық есеп түрінде қалыптастырылады.
      9. Техникалық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуді веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асырады және 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 281 Қазақстан Республикасы қаулысымен бекітілген электрондық мемлекеттік сатып алу қағидасымен анықтайды.

4. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша
есептілікті талдау

      10. Есептілікті талдауды мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады және:
      ұсынылған есептік деректерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көрсетілген жоспарланып отырған мемлекеттік сатып алумен салыстыруды;
      мемлекеттік сатып алудың веб-порталында есептік деректерді мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдермен салыстыруды;
      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті мазмұн көлемі туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарда қамтылған мәліметтермен салыстыруды қамтиды.
      11. Уәкілетті орган жинау, қорыту және талдау жолымен мүдделі органдарға одан әрі ұсыну және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетенінде жариялау мақсатында 1-ГЗ есептің, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы ақпараттың, орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің және жергілікті мазмұн көлемдері туралы ақпараттың жиынтық деректерін қалыптастырады.

Тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу кезінде жергілікті
мазмұнның көлемі туралы
ақпаратты ескере отырып,
есептілікті жинау, қорыту
және талдау қағидасына
1-қосымша      
нысаны 

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.02.2013 № 71 бұйрығымен (бірінші ресми жариялаған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).

________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы)

_____ жылғы ___ тоқсандағы жүргізілген тауарларды, жұмыстарды
және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ есеп

Сатып алу тәсілі

Жол коды

Саны

Сатып алуға бөлінген сома
(теңге)

Сатып алудың жалпы көлемі
(теңге)

оның ішінде шетелдік өнім берушіде

Жүргізілген сатып алудан шартты өнемдеу
(теңге)

оның ішінде шетелдік өнім берушілер

жеңімпаз өнім берушілер

оның ішінде шетелдік өнім берушілер

Конкурс тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу.
Барлығы









оның ішінде екі сатылы рәсімдерді пайдалана отырып









аукцион тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу









Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу









Бір көзден алу тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу









Оның ішінде дәрменсіз деп танылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша









Оның ішінде дәрменсіз деп танылған аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша









Оның ішінде дәрменсіз деп танылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша









Заң нормаларын қолданбай жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу









Тауар биржасы арқылы өткізілген мемлекеттік сатып алу









Жүргізілген сатып алулардың жиыны









Тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу кезінде жергілікті
мазмұнның көлемі туралы
ақпаратты ескере отырып,
есептілікті жинау, қорыту
және талдау қағидасына
2-қосымша      
нысаны        

_____________________________________________________________________
                    (тапсырыс берушінің атауы)

___ жылғы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік
сатып алу туралы есеп

N
р/с


Барлығы
(теңге)

оның ішінде

Тауарлар, барлығы

оның ішінде импорт бойынша тауарлар

Жұмыстар, барлығы

оның ішінде резидент еместер орындаған жұмыс

Қызметтер, барлығы

оның ішінде ҚР резидент еместері көрсеткен қызметтер


1

2

3

4

5

6

7

8

01

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі








02

оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен








Тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу кезінде жергілікті
мазмұнның көлемі туралы
ақпаратты ескере отырып,
есептілікті жинау, қорыту
және талдау қағидасына
2-1-қосымша     
нысаны         

____ жылғы _____ жарты жылдықта орташа кәсіпкерлік
субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп

_______________________________________________________________
                       (тапсырыс берушінің атауы)

N
р/с


Барлығы
(теңге)

оның ішінде

Тауарлар, барлығы

оның ішінде импорт бойынша

Жұмыстар, барлығы

оның ішінде резидент еместер орындайтын жұмыс

Қызметтер, барлығы

оның ішінде ҚР резидент еместер көрсететін қызметтер


1

2

3

4

5

6

7

8

01

Тауарларды, жұмыстарды көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі








02

оның ішінде орта кәсіпкерлік субъектілерінен








Тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу кезінде жергілікті
мазмұнның көлемі туралы
ақпаратты ескере отырып,
есептілікті жинау, қорыту
және талдау қағидасына
3-қосымша     
нысаны         

_______________________________________________________________
                       (тапсырыс берушінің атауы)

_____ жылғы ___ айында тауарларды, жұмыстарды
және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу
кезіндегі жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпарат


р/р

Тапсырыс берушінің атауы

Сатып алу тәсілі

Шарт

Шарт тізіліміндегі жазбаның нөмірі

шарттың мәні

күні

нөмірі

Тауардың атауы

жұмыстың атауы

жұмыстың атауы

тауардың атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Жиыны:

















      кестенің жалғасы

шарттың мәні

көрсетілетін қызметтің атауы

бірлік үшін бағасы, теңге

саны

сома, теңге

тауар сомасы, теңге

жұмыс сомасы, теңге

көрсетілетін қызметтің сомасы, теңге

жалпы сома, теңге

10

11

12

13

14

15

16















      кестенің жалғасы

жергілікті мазмұн

СТ-KZ сертификаты

Тауар (лар) дағы жергілікті мазмұн үлес (тер)інің жалпы құны, теңге

өнім берушінің еңбекақысын төлеу құны

Қосалқы мердігердің, бірлесіп атқарушының еңбекақысын төлеу құны

Еңбектің жалпы құны, теңге

Мемлекеттік сатып алу кезіндегі жергілікті мазмұн, теңге

Мемлекеттік сатып алу кезіндегі жергілікті мазмұн, %

СТ-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы жергілікті мазмұнның үлесі

жергілікті мазмұн, теңге

серия

берілген күні

17

17-1

17-2

17-3

17-4

18

19

20

21

22

23

      кестенің жалғасы

Шарт бойынша өнім беруші (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат

Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)

СТН

БСН, ЖСН

Мәртебесі

Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)

СТН

БСН, ЖСН

Мәртебесі

24

25

26

27

28

29

30

31

        кестенің жалғасы

Тауар өндірушілер туралы ақпарат

Импорт бойынша тауардың құны, теңге

Импорт бойынша тауардың жалпы құны, теңге

Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)

СТН

БСН, ЖСН

Орналасқан елі

Мәртебесі

32

33

34

35

36

37

38

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі
туралы ақпараттың электрондық нысанын тапсырыс берушінің
толтыруы бойынша нұсқамалар

      Оператор веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне ақпараттық жүйеде ол арқылы мемлекеттік сатып алу туралы электрондық есептілікке қол жеткізу жүзеге асырылатын автоматтандырылған жұмыс орнын ұсынады.
      Электрондық нысанда тапсырыс беруші мәліметті былайша енгізеді:
      2 «Тапсырыс берушінің атауы» бағанында тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі.
      3 «Сатып алу тәсілі» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәніне сүйене отырып, толтырылады:
      конкурс - 1;
      баға ұсыныстарын сұрату - 2;
      бір көз – 3;
      ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықтарда - 4;
      ашық тауар биржалары арқылы - 5;
      ерекше тәртіп – 6;
      арнайы тәртіп – 7;
      Заңның нормаларын қолданбай – 9.
      4 - 5 «Шарт» бағандарында «күні, айы, жылы» форматында шарт жасасу күні (00.00.0000) және шартқа берілген нөмір көрсетіледі.
      6 «Шарт тізілімінде жазба нөмірі» бағанында мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміндегі жазба нөмірі көрсетіледі.
      7 «Тауардың атауы» бағынында шартқа сәйкес тапсырыс беруші сатып алатын тауардың толық атауы көрсетіледі.
      8 - 9 «Жұмыстың атауы» бағандарында жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес тапсырыс беруші сатып алатын жұмыстардың және тауардың атауы көрсетіледі.
      10 «Көрсетілетін қызметтердің атауы» бағанында тапсырыс беруші шартқа сәйкес сатып алатын көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі.
      11 «Бірлік үшін бағасы» бағанында тауарларды сатып алған кезде де, жұмыстарды сатып алған кезде де тауардың бірлігі үшін бағасы теңгемен көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он сандық белгі дәлдігімен).
      12 «Саны» бағанында 11-бағанда аты берілген тауарлардың өлшем бірлігіне сәйкес тауарлардың саны көрсетіледі.
      13, 14, 15, 16 «Сомасы, теңге» бағандарында шартқа сәйкес теңгемен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сомасы көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он сандық белгі дәлдігімен).
      Жұмыстарды сатып алған кезде жұмыстың (14-баған), тауардың (13-баған) сомасы және жалпы сома көрсетіледі.
      17 «СТ-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы жергілікті мазмұнның үлесі» бағанында көрсетілген тауардағы жергілікті мазмұнның үлесі көрсетіледі.
      17-1 «Жергілікті мазмұн, теңге» бағанында теңгемен сатып алынатын тауардың жергілікті мазмұны, тауардың, СТ-KZ сертификатында (17-баған) көрсетілген, тауардағы қазақстандық мазмұнның үлесіне бөлінген сомасы (13-баған).
      17-2, 17-3, 17-4 «СТ-KZ сертификаты» бағандарында СТ-KZ сертификатының нөмірі, сериясы, күні көрсетіледі. Күні «күн, ай, жыл» (00.00.0000) пішімінде көрсетіледі.
      18 «Отандық тауардың жалпы құны» бағанында мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың жиынтық мәні көрсетіледі.
      19 «Өнім берушінің еңбекақысын төлеу құны» бағанында өнім беруші жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы шартты орындау үшін жалдаған жеке тұлғалардың - Қазақстан Республикасының резиденттерінің еңбектеріне ақы төлеу құны көрсетіледі.
      20 «Қосалқы мердігердің, бірлесіп атқарушының еңбекақысын төлеу құны» бағанында қосалқы мердігер жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін жалдаған жеке тұлғалардың – Қазақстан Республикасы резиденттерінің еңбектеріне ақы төлеу құны көрсетіледі.
      21 «Еңбектің жалпы құны» бағанында еңбекақының жалпы сомасы көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он мәндік белгіге дейінгі дәлдікпен).
      22 «Мемлекеттік сатып алу кезіндегі жергілікті мазмұн» бағанында тауардың және еңбекке ақы төлеу құнын анықтайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі жергілікті мазмұн көрсетіледі.
      23 «Мемлекеттік сатып алу кезіндегі жергілікті мазмұн» бағанында жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы құнынан тауар мен еңбекақы құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталатын жергілікті мазмұн көрсетіледі. Тауарларды мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті мазмұн мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін шарттың жалпы құнынан өнім беруші отандық тауар өндірушілерден сатып алатын тауар құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.
      24 «Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)» бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өнім берушінің аты-жөні көрсетіледі.
      25 «СТН» бағанында салық төлеушінің – өнім берушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
      26 «БСН, ЖСН» бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке тұлғалар үшін көрсетіледі.
      27 «Мәртебе» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады:
      Отандық тауар өндірушілер – 1;
      отандық өнім беруші – 2;
      резидент емес – 3.
      28 «Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)» бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің аты-жөні көрсетіледі.
      29 «СТН» бағанында салық төлеушінің – қосалқы мердігердің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
      30 «БСН, ЖСН» бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі.
      31 «Мәртебе» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәніне сүйене отырып, толтырылады:
      отандық тауар өндірушілер – 1;
      отандық өнім беруші – 2;
      резидент емес – 3.
      32 «Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)» бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауар өндірушінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
      33 «СТН» бағанында салық төлеушінің – тауар өндірушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
      34 «БСН, ЖСН» бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі.
      35 «Орналасқан елі» бағанында тауар өндірушінің орналасқан елі көрсетіледі.
      36 «Мәртебе» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәніне сүйене отырып, толтырылады;
      отандық тауар өндірушілер – 1;
      резидент емес - 2.
      37 «Импорт бойынша тауар құны» бағанында шартты орындау үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін теңгемен тауарлардың құны көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он мәндік белгіге дейінгі дәлдікпен).
      38 «Импорт бойынша тауар құны» бағанында шартты орындау үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарлардың жалпы құны көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он мәндік белгіге дейінгі дәлдікпен).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады