Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережені бекіту

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 702 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5505 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 532 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.07.23 № 532 Бұйрығымен.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын іске асыру және Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмекті ұйымдастыруды одан әрі дамыту және жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже бекітілсін.
      2. Облыстардың және Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті (Исмаилов Ж.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Молдағасымова А.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                          Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы 
N 702 бұйрығымен      
бекітілген         

Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық
көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже

      Осы Ереже "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің міндеттерін, функциялары мен ұйымдастыру негіздерін анықтайды. K090193

1. Жалпы ережелер

      1. 0-18 жасқа дейінгі балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар аллергопатологиямен ауыратын балаларға уақытылы анықтауға, тексеруге және емдеуге бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында ұйымдастырылады.
      Балаларға аллергологиялық көмек көп бағдарлы емдеу-профилактикалық ұйымының аллергологиялық бөлімшесінде, балалар аллергологиялық кабинеттерінде және күндізгі аллергологиялық стационарларда көрсетіледі.
      2. Аллергологиялық көмек аллергопатологиямен ауыратын балаларды уақытылы ерте анықтау, диспансерлік бақылау және емдеуді қамтиды.
      3. Балаларға аллергологиялық көмек көп бағдарлы денсаулық сақтау ұйымдары бастапқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық және стационарлық медициналық көмек түрінде көрсетіледі.
      4. Штаттан тыс бас балалар аллергологі (республиканың, облысының, қаланың) аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын үйлестіреді.

2. Балаларға аллергологиялық көмек көрсететін
ұйымдардың негізгі міндеттері

      5. Балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:
      1) аллергиялық аурулармен ауыратын балаларды тексеруге және емдеуге жіберілген балаларға іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
      2) себепті-елеулі аллергендерді анықтау мақсатында арнайы аллергологиялық диагностика жүргізу;
      3) арнайы иммунотерапияны (аллерговакцинациялау) ұйымдастыру және жүргізу;
      4) аллергиялық ауруларды диагностикалаудың, емдеудің және алдын алудың жаңа әдістерін меңгеру және енгізу.

3. Балаларға аллергологиялық көмек көрсететін
ұйымдардың қызметін ұйымдастыру

      6. 0 жастан 18 жасқа дейін балаларға арналған стационарлардың аллергологиялық бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) көп бағдарлы емдеу-профилактикалық ұйымының құрамында ұйымдастырылады. Өз жұмысында осы Ережені басшылыққа алады.
      7. Бөлімшеге сырқаттарды жоспарлы түрде стационарлық емдеуге жіберуді емхананың балалар аллергологтары, педиатрлары және басқа да мамандары жүзеге асырады.
      8. Бөлімшенің меңгерушісі болып "Аллергология – иммунология" мамандығы бойынша қосымша кәсіптік білімі бар дәрігер педиатр тағайындалады. Бөлімше меңгерушісі тағайындалған кезде "Аллергология – иммунология" мамандығы бойынша сертификаты және біліктілік санатының болуы ескеріледі.
      9. Бөлімшеде "Аллергология - иммунология" мамандығы бойынша сертификаты/біліктілік санаты бар дәрігер жұмыс істейді.
      10. Бөлімше мынадай аурулармен ауыратын балаларға шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді:
      1) бронх демікпесі жеке түрде және атопиялық дерматитпен, аллергиялық ринитпен, аллергиялық конъюнктивитпен қосарланған;
      2) экзогенді аллергиялық альвеолитпен;
      3) аллергиялық бронхоөкпелік аспергиллезбен;
      4) атопиялық дерматитпен;
      5) Квинке ісігімен;
      6) есекжеммен;
      7) аллергиялық жанаспалы дерматитпен;
      8) аллергиялық ринитпен (ауыр ағымда);
      9) поллинозбен;
      10) тағамдық аллергиямен;
      11) дәрілік аллергиямен;
      12) жәндіктердің шағуына аллергиялық реакциямен;
      13) анафилактикалық шокпен;
      14) сарысу ауруымен;
      15) жедел уытты-аллергиялық жағдайлармен.
      11. Бөлімшеде мынадай емдеу және диагностика әдістерді жүргізу қамтамасыз етіледі:
      1) жалпы клиникалық;
      2) иммунологиялық;
      3) функционалдық, рентгенологиялық, эндоскопиялық;
      4) арнайы аллергологиялық диагностика (аллергосынама, провокациялық аллергиялық тесттер);
      5) арнайы иммунотерапия (аллерговакцинациялау);
      6) қалпына келтіру емі.
      12. Бөлімшенің дәрігер - аллергологтар лауазымы 10-12 төсекке 1 лауазым есебінде тағайындалады.
      13. Балалар аллергологиялық кабинеті (бұдан әрі - кабинет) амбулаториялық-емханалық дәрежеде аллергологиялық аурулармен ауыратын 0-18 жасқа дейінгі балаларға мамандандырылған емдеу-диагностикалық көмек көрсету үшін тағайындалған.
      14. Кабинет балалар емханасының мамандандырылған көмек беру бөлімшесінің құрамында ұйымдастырылады және мамандандырылған көмек көрсетеді.
      15. Кабинеттегі аллерголог - дәрігер қызметі 20 мың балалар саны есебінде тағайындалады. Өз жұмысында осы Ережені басшылыққа алады.
      16. Кабинетті меңгеруші басқарады. Меңгеруші қызметіне біліктілік талаптарына сәйкес даярлық бағдарламасымен көзделген "Аллергология - иммунология" мамандығы бойынша сертификаты бар жоғарғы медициналық білімі "педиатрия" мамандығы бойынша түрлі диагностикалық және иммунопрофилактикалық (аллергологиялық, аутоиммундық, иммуннотапшылық) емдеу әдістерін меңгерген иммунология және иммунопатология саласында теориялық және тәжірибелік білімі бар маман тағайындалады.
      17. Кабинетте "Аллергология - иммунология" мамандығы бойынша қосымша кәсіптік білімі бар педиатр - дәрігер жұмыс істейді.
      18. Емдеу–профилактикалық ұйымының Бөлімшелердің және кабинеттердің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулары әзірленеді және емдеу-профилактикалық ұйымның басшысы бекітеді.
      19. Кабинет мынадай аурулармен ауыратын балаларға жоспарлы көмек көрсетеді:
      1) бронх демікпесінің жеке түрімен және аллергиялық ринитпен, аллергиялық конъюнктивитпен қосарланған атопиялық дерматитпен;
      2) атопиялық дерматитпен;
      3) есекжеммен;
      4) аллергиялық жанаспалы дерматитпен;
      5) аллергиялық ринитпен (ауыр ағымда);
      6) поллинозбен;
      7) тағамдық аллергиямен;
      8) дәрілік аллергиямен;
      9) жәндіктердің шағуына аллергиялық реакциямен;
      10) сарысу ауруымен.
      20. Бронх демікпесімен ауыратын сырқаттар мен бронх демікпесінің өршу қаупі бар адамдарды уақтылы бақылау және емдеу мақсатында кабинетте "Демікпе - мектеп" ұйымдастырылады. "Демікпе – мектептің" жұмысының негізгі мақсаты: демікпе ауруымен ауыратын сырқаттарды және олардың туыстарын өздік бақылау әдістеріне үйрету.
      21. Кабинеттің міндеттері:
      1) 18-жасарға дейін балаларға және жасөспірімдерге аллергологиялық ауруларды ерте анықтау және білікті көмек көрсету;
      2) себепті-елеулі аллергендерді анықтау мақсатында арнайы аллергодиагностика;
      3) арнайы иммунотерапияны (аллерговакцинациялау) ұйымдастыру және жүргізу;
      4) базистік және глюкокортикойдты терапияны түзету;
      5) аллергологиялық аурулары бар сырқаттарға рецидивке қарсы емді ұйымдастыру және жүргізу;
      6) емхана мамандарының жолдамасымен консультация жүргізу және сырқаттарды аурухананың аллергология бөлімшесіне жатқызу;
      7) аллергологиялық аурулармен ауыратын балаларды диспансерлік бақылау;
      8) аллергиялық аурулармен ауыратын балалардың сырқатының алдын алудың, диагностикасының, емінің, реабилитациясының жаңа әдістерін кабинет қызметінің тәжірибесіне енгізу;
      9) ингаляциялық терапияны қолдану ережелеріне үйрету;
      10) балаларды санаторийлік-курорттық емделуге жолдағанда санаторийлік-курорттық картаны толтыру;
      11) 18 жасқа дейінгі балаларға мүгедектік тағайындағанда медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу үшін жолдауға қатысу;
      12) емхана аумағындағы балалардың аллергиялық ауруларының таралуын талдау және осы негізде аллергопотологиямен /аллергиялық ауруларға және иммунотапшылыққа/ ауыратын сырқаттарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту шараларын жоспарлау;
      13) емханада жұмыс істейтін дәрігерлерге иммунопатология аурулармен ауыратын сырқаттарды ерте анықтау, диагностика және емі туралы тақырыптық конференция, семинарлар өткізу;
      14) ата-аналар мен балалар–жасөспірімдер арасында аллергиялық аурулардың алдын алу, ерте анықтау жұмыстарын жүргізу.
      22. Кабинетте осы Ережеге қосымшаға сәйкес мамандандырылған жабдықтардың ең аз тізбесі болуы тиіс.
      23. 0 жастан 18 жасқа дейін күндізгі балаларға арналған аллергологиялық стационар (бұдан әрі - стационар) қосымша диагностикалық қызметтері бар балалар консультациялық-диагностикалық орталықтарда және консультациялық емханалардың құрамында ұйымдастырылады. Өз жұмысында осы ережені басшылыққа алады.
      24. Стационарды меңгеруші басқарады. Меңгеруші қызметіне "Аллергология – иммунология" мамандығы бар педиатр дәрігер тағайындалады. Меңгеруші қызметіне тағайындалғанда "Аллергология – иммунология" мамандығы бойынша біліктілік санаты және сертификатының болуы ескеріледі.
      25. Стационар ауруханаға дейінгі кезеңде амбулаториялық жағдайда диагностика жүргізіледі. Ауруханалық жағдайда тәулік бойы бақылауды қажет етпейтін аллергиялық аурулармен ауыратын балаларға өз уақытында білікті көмек көрсетіледі.

                                      Қазақстан Республикасында
                                    балаларға аллергологиялық көмек
                                   көрсететін ұйымдар туралы ережеге
                                                қосымша

      Балалар аллергологиялық кабинетіне арналған
              жабдықтардың ең аз тізбесі

N

Атауы

Саны

1.

Тыныс алу параметрлерін өлшеуге арналған аспаптар:
пневмотахометр
компьютерлік спирограф
пикфлоуметрлер


 
3
1
100-1000

2.

Дәрілік заттарды жеткізуге арналған аппаратура:
спейсерлер
небулайзерлер


 
3
3

3.

Тері сынамаларын жүргізуге арналған аллергендер жинағы:
тағамдық (10-20 түрі)
тұрмыстық (7-10 түрі)
эпидермалдық (5-10 түрі)
уақ саңырауқұлақтық (5-7 түрі)
тозаңдық (20-30 түрі)
бактериялық (5-7 түрі)
инсектілік (3-5 түрі)
латекстік (3-5 түрі)
химиялық (3-5 түрі)
дәрілік (5-10 түрі)


 
2
2
2
2
2
2
2
2
2
2

4.

Жалпы және ерекше Ig E антиденесін айқындауға арналған жинақ:
балалар панелі
тозаңдық панель
тұрмыстық панель
уақ саңырауқұлақтық панелі
жұқпалы панель
химиялық панель
және аллергендердің барлық түрі жеке-жеке


 
100
100
100
100
100
100
100

5.

Аллергендердің барлық түрлері бар ерекше аллергиялық вакциналауға арналған жинақ және олардың кешендері

100

6.

Тері скарификаторлары

500

7.

Аллергоанализатор

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады