Қазақстан Республикасының балаларына аллергологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 532 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6411 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 шілдедегі № 619 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 15.07.2016 № 619 бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының балаларына аллергологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының балаларына аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Нұрғазиев Қ.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. «Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсанды № 702 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5505 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 49 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
      7. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          Б. Садықов

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2010 жылғы 23 шілдедегі  
№ 532 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже

      1. Осы Ереже «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының 0-18 жастағы балаларына (бұдан әрі – балаларға) аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің міндеттерін, функциялары мен ұйымдастыру негіздерін анықтайды.
      2. Балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар аллергопатологиямен ауыратын балаларға уақтылы анықтауға, тексеруге және емдеуге және аллергологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында ұйымдастырылады.
      3. Штаттан тыс бас балалар аллергологі (республиканың, облысының, қаланың) аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын үйлестіреді.
      4. Аллергологиялық көмек аллергопатологиямен ауыратын балаларды уақытылы ерте анықтау, диспансерлік бақылау және емдеуді қамтиды.
      5. Балаларға аллергологиялық көмек көп бағдарлы емдеу-профилактикалық ұйымының аллергологиялық бөлімшесінде, балалар аллергологиялық кабинеттерінде және күндізгі аллергологиялық стационарларда бастапқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық және стационарлық медициналық көмек түрінде көрсетіледі.
      6. Балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:
      1) аллергиялық аурулармен ауыратын балаларды тексеруге және емдеуге және аллергологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
      2) себепті-елеулі аллергендерді анықтау мақсатында арнайы аллергологиялық диагностика жүргізу;
      3) арнайы иммунотерапияны (аллерговакцинациялау) ұйымдастыру және жүргізу;
      4) аллергиялық ауруларды диагностикалаудың, емдеудің және алдын  алудың жаңа әдістерін меңгеру және енгізу.
      7. Стационарлардың аллергологиялық бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) көп бағдарлы емдеу-профилактикалық ұйымының құрамында ұйымдастырылады. Өз жұмысында осы Ережені басшылыққа алады.
      8. Бөлімшеге балаларды жоспарлы түрде стационарлық емдеуге жіберуді емхананың балалар аллергологтары мен педиатрлары жүзеге асырады.
      9. Бөлімшені меңгерушісі болып аллергология және иммунология мәселесі бойынша біліктілігін арттырған дәрігер педиатр немесе аллерголог-иммунолог дәрігер тағайындалады.
      10. Бөлімшеде «Аллергология және иммунология» мамандығы бойынша сертификаты/біліктілік санаты бар дәрігер жұмыс істейді.
      11. Бөлімше мынадай аурулармен ауыратын балаларға шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді:
      1) бронх демікпесі жеке түрде және атопиялық дерматитпен, аллергиялық ринитпен, аллергиялық конъюнктивитпен қосарланған;
      2) экзогенді аллергиялық альвеолитпен;
      3) аллергиялық бронхоөкпелік аспергиллезбен;
      4) атопиялық дерматитпен;
      5) Квинке ісігімен;
      6) есекжеммен;
      7) аллергиялық жанаспалы дерматитпен;
      8) аллергиялық ринитпен (ауыр ағымда);
      9) поллинозбен;
      10) тағамдық аллергиямен;
      11) дәрілік аллергиямен;
      12) жәндіктердің шағуына аллергиялық реакциямен;
      13) анафилактикалық шокпен;
      14) сарысу ауруымен;
      15) жедел уытты-аллергиялық жағдайлармен.
      12. Бөлімшеде мынадай емдеу және диагностика әдістерді жүргізу қамтамасыз етіледі:
      1) жалпы клиникалық және биохимиялық;
      2) иммунологиялық;
      3) функционалдық, рентгенологиялық, эндоскопиялық;
      4) арнайы аллергологиялық диагностика (аллергосынама, провокациялық аллергиялық тесттер);
      5) арнайы иммунотерапия (аллерговакцинациялау);
      6) қалпына келтіру емі.
      13. Балалар аллергологиялық кабинеті (бұдан әрі - кабинет) амбулаториялық-емханалық деңгейде аллергологиялық аурулармен ауыратын балаларға мамандандырылған емдеу - диагностикалық көмек көрсету үшін тағайындалған.
      14. Кабинет қосалқы диагностикалық қызметі бар консультациялық емханалардың құрамында ұйымдастырылады, балаларға мамандандырылған көмек көрсетеді.
      15. Кабинетте аллергология және иммунология мәселесі бойынша біліктілігін арттырған дәрігер педиатрлар, аллерголог-иммунолог дәрігерлер жұмыс істейді.
      16. Бөлімшелердің және кабинеттердің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулары әзірленеді және емдеу-профилактикалық ұйымның басшысы бекітеді.
      17. Кабинет мынадай аурулармен ауыратын балаларға жоспарлы көмек көрсетеді:
      1) бронх демікпесінің жеке түрімен және аллергиялық ринитпен, аллергиялық конъюнктивитпен қосарланған атопиялық дерматитпен;
      2) атопиялық дерматитпен;
      3) есекжеммен;
      4) аллергиялық жанаспалы дерматитпен;
      5) аллергиялық ринитпен (ауыр ағымда);
      6) поллинозбен;
      7) тағамдық аллергиямен;
      8) дәрілік аллергиямен;
      9) жәндіктердің шағуына аллергиялық реакциямен;
      10) сарысу ауруымен.
      18. Бронх демікпесімен ауыратын сырқаттар мен бронх демікпесінің өршу қаупі бар адамдарды уақтылы бақылау және емдеу мақсатында кабинетте «Демікпе - мектеп» ұйымдастырылады. «Демікпе – мектептің» жұмыстың негізгі мақсаты: демікпе ауруымен ауыратын сырқаттарды және олардың туыстарын өздік бақылау әдістеріне үйрету.
      19. Кабинеттің міндеттері:
      1) балалардың аллергологиялық ауруларын ерте анықтау және мамандандырылған көмек көрсету;
      2) емхана аумағындағы балалардың аллергиялық ауруларының таралуын талдау және осы негізде аллергопотологиямен ауыратын балаларға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жоспарды әзірлеу;
      3) себепті-елеулі аллергендерді анықтау мақсатында арнайы аллергодиагностика;
      4) арнайы иммунотерапияны (аллерговакцинациялау) ұйымдастыру және жүргізу;
      5) базистік және глюкокортикойдты терапияны түзету;
      6) аллергологиялық аурулары бар балаларға рецидивке қарсы емді ұйымдастыру және жүргізу;
      7) емхана мамандарының жолдамасымен консультация жүргізу және балаларды емдеуге стационардың аллергология бөлімшесіне жатқызу;
      8) аллергологиялық аурулармен ауыратын балаларды диспансерлік бақылау;
      9) аллергиялық аурулармен ауыратын балалардың сырқатының алдын алудың, диагностикасының, емінің, реабилитациясының жаңа әдістерін кабинет қызметінің тәжірибесіне енгізу;
      10) ингаляциялық терапияны қолдану ережелеріне үйрету;
      11) балаларды санаторийлік-курорттық емделуге жолдағанда санаторийлік-курорттық картаны толтыру;
      12) балаларға мүгедектік тағайындағанда медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу үшін жолдауға қатысу;
      13) емханада жұмыс істейтін дәрігерлерге иммунопатология аурулармен ауыратын сырқаттарды ерте анықтау, диагностика және емі туралы тақырыптық конференция, семинарлар өткізу;
      14) ата-аналар мен балалар-жасөспірімдер арасында аллергиялық аурулардың алдын алу, ерте анықтау жұмыстарын жүргізу.
      20. Балаларға арналған күндізгі стационар (бұдан әрі - стационар) аллергологиялық бөлімшесі қосымша диагностикалық қызметтері бар балалар консультациялық-диагностикалық орталықтарында және консультациялық емханалардың құрамында ұйымдастырылады. Өз жұмысында осы ережені басшылыққа алады.
      21. Бөлімшенің меңгерушісі болып аллергология және иммунология мәселесі бойынша біліктілігін арттырған дәрігер педиатр немесе аллерголог-иммунолог дәрігер тағайындалады.
      22. Стационар ауруханаға дейінгі кезеңде амбулаториялық жағдайда диагностика жүргізуді, стационар жағдайында тәулік бойы бақылауды қажет етпейтін аллергиялық аурулармен ауыратын балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады.
      23. Тізбе бойынша балалар аллергологиялық кабинеттерін жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру осы ережеге қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында
балаларға аллергологиялық
көмек көрсететін    
ұйымдар туралы ережеге
қосымша        

Балалар аллергологиялық кабинетіне арналған жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі 

Атауы

Саны

1.

Тыныс алу параметрлерін өлшеуге арналған аспаптар:


пневмотахометр

3

компьютерлік спирограф

1

пикфлоуметрлер

100-100

2.

Дәрілік заттарды жеткізуге арналған аппаратура:


спейсерлер

3

небулайзерлер

3

3.

Тері сынамаларын жүргізуге арналған аллергендер жинағы:


тағамдық (10-20 түрі)

2

тұрмыстық (7-10 түрі)

2

эпидермалдық (5-10 түрі)

2

уақ саңырауқұлақтық (5-7 түрі)

2

тозаңдық (20-30 түрі)

2

бактериялық (5-7 түрі)

2

инсектілік (3-5 түрі)

2

латекстік (3-5 түрі)

2

химиялық (3-5 түрі)

2

дәрілік (5-10 түрі)

2

4.

Жалпы және ерекше Ig E антиденесін айқындауға арналған жинақ:


балалар панелі

100

тозаңдық панель

100

тұрмыстық панель

100

уақ саңырауқұлақтық панелі

100

жұқпалы панель

100

химиялық панель

100

және аллергендердің барлық түрі жеке-жеке

100

5.

Аллергендердің барлық түрлері бар ерекше аллергиялық вакциналауға арналған жинақ және олардың кешендері

100

6.

Тері скарификаторлары

500

7.

Аллергоанализатор

1

8.

Аэрозольдық генератор

1

9.

Фонендоскопы бар артериялық қысымды өлшегіш

1

10.

Хирургиялық сорғыш

1

11.

Бактерицидтік сәулелеуіш

1

Медициналық аспаптар

12.

Түзу корнцанг

10

13.

Түзу қайшылар

2

14.

Анатомиялық пинцет (әртүрлі)

10

15.

Маңдай рефлекторы

1

16.

Ауызды кеңейткіш

5

17.

Медициналық скальпель

10

18.

Трахеотомиялық түтік (жиынтық)

1

19.

Медициналық шпатель

20

20.

Тіл ұстағыш

5

Арнайы мақсаттағы бұйымдар мен құралдар

21.

Зарарсыздандыру қорабы

3

22.

Бүйрек тәріздес науа

20

23.

Секундомер

1

24.

Медициналық термометр

10

Медициналық жиһаз және қосалқы жабдықтар

25.

Медициналық кушетка

1

26.

Медициналық үстел

1

27.

Медициналық орындық

3

28.

Аспаптық үстел

1

29.

Медициналық шымылдық

1

30.

Медициналық шкаф

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады