"Қазақстан Республикасы әділет органдарының түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторында ұсталатын адамдарды емдеу-алдын алу және санитарлық-эпидемиялогиялық саулығын қамтамасыз етуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 145, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 405 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 338, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 651 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5506 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы N 157, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 18 мамырдағы N 350 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы N 272 Бірлескен бұйрығымен.

      Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2010.05.06 N 157, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.05.18 N 350 және ҚР Ішкі істер министрінің 2010.06.14 N 272 (ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабына , Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау және санитариялық саулығы саласындағы заңнамаға сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. "Қазақстан Республикасы әділет органдарының түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторында ұсталатын адамдарды емдеу-алдын алу және санитарлық-эпидемиялогиялық саулығын қамтамасыз етуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 145, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 405 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әділет органдарының түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторында ұсталатын адамдарды емдеу-алдын алу және санитарлық-эпидемиялогиялық саулығын қамтамасыз етудің ережесінде:
      42-тармақтың үшінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Түзеу мекемесіне келгендердің барлығы 6 айға дейін медициналық қарауға жатады.".
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет және Денсаулық сақтау вице-министрлеріне жүктелсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                Денсаулық сақтау министрі
      ______________________         ____________________
      З. Балиева                     Ж. Досқалиев

      "Келісілді"                    "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры                  Еңбек және халықты
                                     әлеуметтік қорғау министрі
      Р. Түсіпбеков                  Б. Сапарбаев
      23 желтоқсан 2008 жыл          24 желтоқсан 2008 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады