Банктің меншікті облигацияларымен және міндеттемелеріне банк кепілдік берген осы банктің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелерді жасау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 234 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 09 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5537 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 62 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 8-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Банктің меншікті облигацияларымен және міндеттемелеріне банк кепілдік берген осы банктің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелерді жасау ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі ( А.Ә. Кенже ) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

  Төрайым                                             Е. Бахмутова 

                                          Қазақстан Республикасы
                                          Қаржы нарығын және қаржы
                                       ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                                           агенттігі Басқармасының
                                         2008 жылғы 29 желтоқсандағы
                                          N 234 қаулысымен бекітілді

Банкті ң меншікті облигацияларымен ж ә не міндеттемелеріне банк кепілдік берген осы банкті ң еншілес ұ йымдары шы ғ ар ғ ан облигациялармен м ә мілелерді жасау ережесі

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына , "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және
қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және банктің меншікті облигацияларымен және міндеттемелеріне банк кепілдік берген осы банктің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелерді жасау тәртібін айқындайды.
      1.Банктің меншікті облигацияларымен және міндеттемелеріне банк кепілдік берген осы банктің еншілес ұйымдары шығарған облигацияларымен мәмілелер жасау туралы шешімді банктің директорлар кеңесі қаржы құралдарын сатып алу/сату операцияларын және баға тәуекелін басқарудың ішкі саясатына сәйкес қабылдайды. Шешімде облигациялардың сатып алу бағасы мен көлемі көрсетіледі.
      Банктің директорлар кеңесінің шешіміне тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесінің облигацияларды сатып алғаннан кейінгі өтімділікті жоғалту тәуекелі мен пайыздық тәуекелі бойынша банк позициясын бағалауы, сондай-ақ директорлар кеңесімен бекітілген банктің ішкі саясаты мен рәсімдерінің басқа талаптарын сақтауы көрсетілетін қорытынды қоса беріледі.
      2. Облигацияларды сатып алу мәмілелері облигацияларды сатып алу күнінде қалыптасқан әділетті нарықтық бағамен жүзеге асады.
      3. Сатып алынған банктің меншікті облигациялары және міндеттемелеріне банк кепілдік берген осы банктің еншілес ұйымдары шығарған облигациялары туралы есеп (бұдан әрі – есеп), екі қағаз тасымалдағыштағы нұсқада банктің ішкі құжаттарында белгіленген үлгіде жасалады және банктің бірінші басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға, банктің бас бухгалтері қол қойып, мөрмен расталады.
      4. Банк жасалған есептің бір нұсқасын қағаз тасымалдағышта облигацияларды сатып алу жөніндегі мәмілені жасаған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға тапсырады. Есептің екінші нұсқасы осы есепті жасаған күннен бастап 5 жыл бойы банкте сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады