"Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 ақпандағы N 22-223қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 13 наурызда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 505 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 06-285қ қаулысымен

      Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.03.26 N 06-285қ қаулысымен

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған "Астана қаласының Білім департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) көрсететін "Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) ұсынылған стандарты бекітілсін.

      2. Департамент мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартын, оның ішінде жыл сайын бекітілетін көрсеткіштердің сапасы мен қол жетімділігін, қалалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
      есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына және әрбір есеп беру жылының 15 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне сапа көрсеткіштері мен қол жетімділігінің мақсатты мәндеріне қол жеткізу жөнінде тоқсан сайынғы және жылдық есеп беруді қамтамасыз етсін.

      3. Департамент осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                           А. Мамин

Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 18 ақпандағы
N 22-223қ қаулысымен  
бекітілген       

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

"Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген
отбасылардан өтініштер қабылдау"

1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік қызмет патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау тәртібін анықтайды.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 119 , 120 , 121 , 122 және 123 баптарына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі N 1346 "Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" қаулысы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы N 842 "Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызметті Департаменттің арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі көрсетеді.
      Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 723 кабинет, телефон 75-25-12.
      Ресми сайт: www.astana.kz.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны болып Білім департаменті мен патронаттық тәрбиеші арасындағы екі жақты патронаттың келісім-шарт беру болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

      7. Құжаттарды қарастыру мерзімі он бес жұмыс күні ішінде:
      1) ұсынылған құжаттарға сараптама өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі, екі жақтық патронат шартын жасау бес жұмыс күні ішінде рәсімделіп, одан кейін өтініш берушіге беріледі.
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезінде) кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минутқа дейін;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минуттан көп емес.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.

      9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы ақпарат ресми ақпараттық көздерінде, Департамент фойесіндегі қабырғаларда, сондай-ақ www.astana.kz. веб-сайтында орналасқан.

      10. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күнделікті сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу және қызмет көрсетуді жеделдету жүзеге асырылмайды.

      11. Мемлекеттік қызмет Департаменттің арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінде көрсетіледі, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 723 кабинет.
      Департамент ғимаратына кіре берісте жеке басын куәландыратын құжат бойынша өткізу пункті орналасқан.
      Фойеде және кабинетте толтырылған бланк үлгілері қойылған ақпараттық қабырға бар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Екі жақтық патронаттың келісім-шарт жасау және алу үшін ұсынылады:
      Департамент директорына атына патронаттық тәрбиеші болуға өзінің ниеті туралы жеке тұлғаның өтініші еркін түрде жазылады;
      патронаттық тәрбиеші болуға ниет білдірген тұлға некеде болған жағдайда жұбайының (зайыбының) нотариалдық расталған келісімі;
      патронаттық тәрбиеші болуға ниет білдірген тұлға некеде болған жағдайда өтініш берушінің жұбайының (зайыбының) жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
      осы стандарттың N 3-қосымшасына сәйкес патронаттық тәрбиеші болуға ниет білдірген тұлғаның денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;
      осы стандарттың N 3-қосымшасына сәйкес патронаттық тәрбиеші болуға ниет білдірген тұлға некеде болған жағдайда жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;
      өтініш беруші некеде болмаған жағдайда нотариалды расталған анықтама;
      өтініш берушінің өмірбаяны, еркін түрде жазылады;
      өтініш берушіге жұмыс орнынан берілген мінездеме;
      жұмыс орнынан анықтама;
      еңбек ақысы туралы анықтама;
      мекенжайынан анықтама (Тұрғын үй департаментінің ақпараттық анықтамасы);
      үй кітабының көшірмесі;
      неке қию туралы куәлік (көшірмесі);
      өтініш беруші мен оның жұбайының (зайыбының) сотталмағаны туралы анықтама.
      Сондай-ақ, заңнамаға сәйкес патронат тәрбиешілерге берілетін әр балаға балалар мекемесінің әкімшілігі немесе Білім департаменті мынадай құжаттарды тапсырады:
      баланы тәрбиелеуге талаптанатын тұлғаның тұрмыс жағдайларын тексеру акті;
      мектеп әкімшілігі растаған баланың келісімі (бала 10 жастан үлкен болған жағдайда), еркін түрде рәсімделеді;
      балалар мекемесі ұсынатын патронатқа берілетін баланың туу туралы куәлігі;
      балалар мекемесі ұсынатын патронатқа берілетін баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді көшірме;
      ата-анасы туралы құжаттар (қайтыс болуы туралы куәліктерінің көшірмесі, сот үкімі немесе шешімі, ата-анасының ауруы немесе іздестірілуі туралы анықтама, бала некеде тумаған жағдайда N 4 нысандағы анықтама және бала ата-ана қамқорын жоғалтқанын растайтын басқа да құжаттар);
      баланың білімі туралы құжаттар;
      зейнетақы алатын балаларға зейнетақы кітапшасы, алименттерді өндіріп алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
      аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұратын жерлері туралы анықтама.

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін осы стандарттың N 2 3 қосымшаларына сәйкес бланкілерді Департаменттің арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің мамандары береді.

      14. Мемлекеттік қызмет кабинеттерде Департаменттің арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі қызметкерлері тарапынан көрсетіледі.

      15. Құжатты қабылдаған уәкілетті қызметкер өтініш берушіге ауызша түрде барлық қажетті құжаттарды алғаны және олардың орындалған қызметті алатын күні туралы хабарлайды.

      16. Екі жақтық патронат шартын беруді Департаменттің арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің қызметкері қабылданған құжаттар негізінде күнделікті жүзеге асырады.
      Білім департаменті мен патронат тәрбиеші арасындағы екі жақтық патронат шартын беру электрондық почта, сайт арқылы жүзеге асырылмайды.
      Екі жақтық патронат шарт жеке барғанда беріледі.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Департамент берілетін екі жақтық патронат шарттар мен қаралған құжаттардың мерзімсіз сақталуын жүзеге асырады.

      17. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тұтынушы ұсынбаған жағдайда, Департамент мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін, сондай-ақ:
      1) патронат тәрбиешілердің еңбегін төлеу және тәрбиешілердің қамқоршылығындағы балаларды күту үшін ақшалай қаражаттар болмағанда;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі N 1346 қаулысымен бекітілген Патронат туралы ережеге сәйкес патронатты ресімдеуден бас тартылуы мүмкін:
      сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған тұлғаларды;
      сот бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары сотпен шектелген тұлғаларды;
      өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісті түрде орындамағаны үшін қорғаншы (қамқоршы) міндеттерінен шеттетілген тұлғаларды;
      бала асырап алу өз кінәлары бойынша сотпен тоқтатылған бұрынғы бала асырап алушыларды;
      3) денсаулық жағдайына байланысты (аурулар тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы N 842 қаулысында көрсетілген) бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыра алмайтын тұлғаларды қоспағанда тек кәмелет жастағы екі жыныстағы тұлғалар патронат тәрбиешілер бола алады.
      Департамент бас тарту себебін алған соң өтініш берушіге оларды алған соң бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді және бас тарту себептерінің жазбаша негіздері беріледі.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Департамент қызметі:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
      2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
      3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау;
      4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеу;
      6) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға жол бермеу;
      7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;
      8) құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету;
      9) белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      10) сыпайы және әдепті болу қағидаларына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың N 1 қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажеттілігі кезінде талап етуші Департамент басшысына шағымдана алады (телефон: 8 (7172) 75-26-33, электрондық почта: astana_do@mail.ru.)
      Талап етуші қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған органның қарауын қажет етсе Астана қаласы әкімінің орынбасарына жазбаша шағым хат жолдауына болады.

      22. Шағым жазбаша түрде поштамен немесе Департаменттің кеңсесі арқылы қолма-қол мына мекен-жай бойынша жұмыс күндері қабылданады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 718 кабинет.

      23. Тікелей жазбаша өтініш жасаған тұтынушыға тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген екінші данасы қайтарылады.
      Білім департаментіне келіп түскен шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіп пен мерзімде жүзеге асырылады.
      Берілген шағымға жауапты не шағымды қарастыру барысы туралы ақпаратты Департамент орналасқан мекен-жай бойынша 723-ші кабинеттен, не канцеляриядан алуға болады.
      Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген шағым міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.

6. Байланыс ақпараты

      24. Тұтынушыларды қабылдау Департамент жұмысының белгіленген тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
      1) Департамент директоры:
      Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 709 кабинет, телефон 8 (7172) 75-26-33;
      Электрондық почта мекен-жайы: astana_do@mail.ru.
      Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа, күнделікті сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
      Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелік күндерден басқа, дүйсенбі күні сағат 17.00-ден сағат 19.00-ге дейін.
      2) Департамент директорының орынбасары:
      Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 716 кабинет, телефон 8 (7172) 75-27-20;
      Электрондық почта мекен-жайы: astana_do@mail.ru.
      Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа, күнделікті сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
      Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелік күндерден басқа, сәрсенбі күні сағат 17.00-ден сағат 19.00-ге дейін.
      3) Астана қаласы әкімінің орынбасары:
      Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 225 кабинет, телефон 8 (7172) 75-21-47;
      Электрондық почта мекен-жайы: akimat225@mail.ru.
      Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелік күндерден басқа, дүйсенбі күні сағат 16.00-ден сағат 18.00-ге дейін.

      25. Қосымша қызметтер көрсетілмейді.

                                                Мемлекеттік қызмет
                                              көрсетудің стандартына
                                                   N 1 қосымша

      Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол
жетімділік
көрсеткіштері

Көрсеткіштің
нормативтік
мәні

Көрсеткіштің
келесі жыл-
дағы нысана-
лы мәні

Көрсеткіш-
тің есепті
жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды
тапсырған сәттен
бастап белгіленген
мерзімде қызметті
ұсыну жағдайларының
% (үлесі)

60

50

44

1.2. Қызмет алуды
кезекте 40 минуттан
аспайтын уақыт күткен
тұтынушылардың %
(үлесі)

80-85

55

47

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну
үдерісінің сапасына
қанағаттанған тұтыну-
шылардың % (үлесі)

85

55

47

2.2. Құжаттарды (жүр-
гізілген есептеулер,
есеп айырысулар және
т.б.) дұрыс ресімде-
ген жағдайдың %
(үлесі)

98

95

88

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет ұсыну
тәртібі туралы сапаға
және ақпаратқа қана-
ғаттанған тұтынушы-
лардың % (үлесі)

85

70

59

3.2. Құжаттар дұрыс
толтырылған және бірінші реттен тапсы-
рылған жағдайлардың
% (үлесі)

85

65

56

3.3. Интернет арқылы
қол жетімді қызметтер
туралы ақпараттың
толықтығы % (үлесі)

95

50

-

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы
түрі бойынша қызмет
көрсетілген тұтынушы-
лардың жалпы санынан
негізделген шағымдар-
дың % (үлесі)

2

7

12

4.2. Белгіленген
мерзімде қаралған
және қанағаттандырыл-
ған негізделген
шағымдардың % (үлесі)

100

100

25

4.3.  Шағымданудың
қазіргі тәртібі қана-
ғаттандырылған
тұтынушылар % (үлесі)

-

-

25

4.4. Шағымданудың
қазіргі мерзімі қана-
ғаттандырылған
тұтынушылар % (үлесі)

-

-

25

5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің
сыпайылығы қанағат-
тандырылған тұтынушы-
лар % (үлесі)

85

63

53

      Ескерту: Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі моделдік әдістемелік ұсыныстарға сәйкес есептеледі.

Мемлекеттік қызмет 
көрсетудің стандартына
N 2 қосымша    

Үлгі

Баланы (балаларды) патронатқа тәрбиелеуге берудің
тұрпатты шарты

Астана қаласы  N ______________

      1. "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабы негізінде, қорғаншы және қамқоршы органы атынан әрекет ететін Астана қаласы Білім департаменті директоры (Т.А.Ә) ________________мен азамат/ша (Т.А.Ә) ______________,____________берген жеке куәлігі N ________________,___________________ қаласында туып-өскен. __________________________________________________мекенжайында тұратын бұдан әрі - патронат тәрбиеші (патронат отбасы) деп аталады, төмендегілер туралы осы шартты жасасты:

Шарт мәні

      2. Қорғаншы және қамқоршы органы баланы (балаларды) кәмелет жасына толғанға дейін ______________________________________________
(Т.А.Ә., т.ж., туу туралы куәлігінің N және күні)
патронат тәрбиешіге (патронат отбасыға) ______________________ тәрбиелеуге береді, ал патронат тәрбиеші (патронат отбасы) патронатқа (патронат отбасына) тәрбиелеуге алады және оның тұруына, тәрбиеленуі мен оқуына, сондай-ақ дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасауға міндеттенеді.
      3. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешіге (патронат отбасына) беру қорғаншылық пен қамқоршылық органы шешімімен ресімделеді.
      10 жасқа толған бала патронат тәрбиешіге (патронат отбасына) патронатқа тәрбиелеуге оның жазбаша келісімімен беріледі, бұл осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Қорғаншы және қамқоршы органының құқықтары мен міндеттері:
      баланың күтілуі мен тәрбиеленуіне, денсаулық жағдайына, оның мүлкін басқаруға бақылауды жүзеге асырады;
      оқыту және тәрбиелеудің нысандары мен әдістерін ұсынады;
      патронат тәрбиешіге (патронат отбасына) мынадай құжаттарды табыс етеді:
      туу туралы куәлік;
      баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және ауруы тарихынан үзінді көшірме;
      білімі туралы құжат;
      ата-анасы туралы құжаттар (қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, соттың үкімі немесе шешімі, ауруы, ата-анасының іздестірілуі немесе ата-ана қамқорлығы болмаған өзге жағдайлар туралы анықтама);
      аға-інілері немесе апа-қарындастарының болуы және олардың тұратын орны туралы анықтама;
      балаға тиесілі мүліктің тізімдемесі және оның сақталуы үшін жауапты тұлғалар туралы мәліметтер;
      кәмелетке толмаған балаға бұрын тұрған тұрғын үй ауданын бекіту туралы құжаттар;
      алименттерді өндіріп алу туралы сот шешімінің көшірмесі, сондай-ақ жәрдемақыға, зейнетақыға және басқа әлеуметтік төлемдер құқығын растайтын құжаттар;
      банк мекемесінде баланың (балалардың) атына ашылған шоттың болуы туралы құжат;
      өзге де құжаттар.
      5. Қорғаншы және қамқоршы органы білім департаменттері (басқармалары) және бөлімдері арқылы ай сайын алдыңғы айдың 15 кешіктірілмей, патронат тәрбиешінің (патронат отбасының) банк шотына ережеге сәйкес бекітілген материалдық қамтамасыз ету нормаларынан шығатын ақшалай қаражаттарды аударуға міндеттенеді.
      6. Патронат тәрбиешінің (патронат отбасының) құқықтары мен міндеттері:
      Баланы (балаларды) оның (олардың) пікірі мен қорғаншы және қамқоршы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, тәрбиелеу тәсілдерін анықтайды;
      Білім беру мекемесін және оқыту нысандарын таңдайды;
      Баланың (балалардың) тиісті білім алуы үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
      Патронат тәрбиешіге (патронат отбасыға) берілген баланың (балалардың) құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес баланы (балаларды) оның денсаулығын, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық жасайды;
      Баланы (балаларды) күтуге, тәрбиелеу мен білім алуына қолайсыз жағдайлардың пайда болуы туралы қорғаншы және қамқоршы органына хабарлайды.
      7. Осы шарт ______________ жылға дейін мерзімге жасалған және қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.
      8. Осы шарттың қолданылу мерзімі тараптардың өзара келісімі бойынша оның аяқталуына дейін бір айға ұзартылуы мүмкін.
      9. Осы шарт талаптарын орындау барысында тараптар арасында туындаған дауларды тараптар келісілген шешімге келу мақсатында олар пайда болғаннан кейін 10 күн мерзімде қарайды, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда шешілуге сотқа жіберіледі.

Шарттың мерзімінен бұрын бұзылуы

      10. Осы шарт:
      негізгі себептер (ауру, баламен (балалармен) өзара түсініспеушілік отбасы немесе мүліктік жағдайының өзгеруі) болған жағдайда патронат тәрбиешінің (патронат отбасының) бастамасы бойынша;
      патронат тәрбиешіде (патронат отбасыда) баланы (балаларды) күтуде, тәрбиелеу мен білім алуға қолайсыз жағдайлар туған жағдайда немесе баланы (балаларды) ата-анасына қайтарған жағдайда немесе баланы (балаларды) асырап алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
      11. Шарт әрқайсысының бірдей заңды күші бар екі данада жасалған.
      12. Осы шарттың талаптары орындалмаған жағдайда тараптар оны бұзуға құқылы (шартты бұзу жағдайлары көрсетілсін).

Қорғаншы және қамқоршы органы    Патронат тәрбиеші (патронат отбасы)
Астана қаласы Білім департаменті Т.А.Ә.____________________________
__________көшесі,__, тел._______ Тұратын мекенжайы_________________
СТН_____________________________ СТН_______________________________
ЖИК_____________________________ ж/шоты____________________________
ББК_____________________________
___________________________қолы  ______________________________қолы

Мемлекеттік қызмет 
көрсетудің стандартына
N 3 қосымша    

Жеке тұлға үшін үлгі

      Астана қаласы Білім департаментінің
      арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі

Жолдама

     Қамқоршының (асырап алушының) денсаулығы туралы қорытынды

Т.А.Ә.______________________________________________________________
Туған жылы__________________________________________________________
Мекен-жайы__________________________________________________________
Психиатр____________________________________________________________
Нарколог____________________________________________________________
Тері-жыныс аурулары дәрігері________________________________________
Көкірек қуысының рентгеноскопиясы___________________________________
Терапевт____________________________________________________________
Қорытынды___________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады