Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.03.26 N 06-285қ қаулысымен
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін
5-тармақтан
қараңыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған»"Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) көрсететін "Мүгедектерді сурдо-, тифлоқұралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) стандарты бекітілсін.
2. Департамент мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартын, оның ішінде жыл сайын бекітілген көрсеткіштердің сапасы мен қол жетімділігін, қалалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына және әрбір есеп беру жылының 15 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне сапа көрсеткіштері мен қол жетімділігінің мақсатты мәндеріне қол жеткізу жөнінде тоқсан сайынғы және жылдық есеп беруді қамтамасыз етсін.
3. Департамент осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Әкiм А. Мамин
Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 13 наурыздағы
N 23-303қ қаулысымен
бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Мүгедектерді сурдо-, тифлоқұралдармен және мiндеттi
гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттарды
ресімдеу"
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт Мүгедектерді сурдо-, тифлоқұралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектер мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін сурдо-, тифлоқұралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі.
Сурдотехникалық құралдар - есту кемiстіктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның iшiнде байланыс пен ақпарат берудi күшейтетін құралдар.
Тифлотехникалық құралдар - мүгедектердiң көру кемiстiгi нәтижесiнде жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар.
Мiндеттi гигиеналық құралдар - табиғи физиологиялық қажеттiлiктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған құралдар.
Мүгедектерді қажетті көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар орнын толтырушы құралдар қажеттілігіне уақытылы талдау және оларды сатып алу бойынша жұмыс жүргізуге міндетті.
2. Мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 маусымдағы "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" N 754 қаулысымен бекітілген мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтыру) құралдарымен қамтамасыз ету Ережесінің 3, 4, 5-тарауларына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Департамент) ардагерлер мен мүгедектермен жұмыс жөніндегі бөлімі, Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 4-кабинетінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны:
1) мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету не болмаса одан бас тарту туралы шешімі;
2) тұтынушыны міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;
3) тұтынушының өтініші бойынша сурдотехникалық, тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету.
6. Мемлекеттік қызметтің тұтынушылары болып табылатын:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктері бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар, 1, 2, 3-топ мүгедектері, мүгедек балалар сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етіледі;
1, 2-топ мүгедектері, мүгедек балалар тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етіледі;
1, 2, 3-топ мүгедектері, мүгедек балалар мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету немесе одан бас тарту туралы шешімі - хабарласқан күннен бастап бір күн ішінде;
2) мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуде қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 20 минут;
3) мiндеттi гигиеналық құралдарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт мөлшері - 20 минут;
4) сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарды алуға қажетті құжаттарды тапсырғанда және алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 20 минут;
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат ресми ақпараттық көздерінде, Департамент фойесіндегі қабырғаларда, сондай-ақ Астана қаласы Әкімінің: www.аstana.кz. сайтында орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету жүзеге асырылмайды.
11. Мемлекеттік қызмет Департаменттің 4-кабинетіне жүргізіледі, тұтынушыларды қабылдау үшін терезелермен, өтініш толтыру үлгілері мен қажетті құжаттардың тізбесі, кезек күту үшін орындықтар мен үстелдермен жабдықталған, ғимарат мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін осы стандарттың
1,
2-қосымшасына
сәйкес орнын толтырушы құралдардың түріне байланысты өтінішке мына құжаттар қоса беріледі:
1) жеке куәліктің көшірмесі (паспорт, балалардың туу туралы куәлігі);
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Астана қаласы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік комиссиясымен берілген (бұдан әрі - МӘС) мүгедекті оңалту бағдарламасының көшірмесі (мекен-жайы: Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, телефоны: 21-93-66);
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Астана қаласы бойынша Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" (бұдан әрі - МЗТО) берген зейнетақы куәлігінің көшірмесі (мекен-жайы: Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, жұмыс кестесі: жұмыс күндері қабылдау сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, телефондары: 21-58-10, 21-65-04);
4) МӘС берген мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі (мекен-жайы: Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, телефоны: 21-93-66.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштер нысанын беру орны - Департамент ғимараты, Иманбаева көшесі 68а, 4-кабинет.
14. Құжаттар Департаменттің ардагерлер мен мүгедектермен жұмыс жөніндегі бөліміне мына мекен-жай бойынша: Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 4-кабинетке тапсырылады.
15. Мүгедек немесе оның сенімді тұлғасы сурдотехникалық, тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдарды алған кезде мерзімі, тұтынушының тегі мен қолы көрсетілген ведомость толтырылады.
16. Сурдотехникалық, тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдарды алу Департаментте, Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 4-кабинетке ардагерлер мен мүгедектермен жұмыс жөніндегі бөлімге өзінің баруымен жүргізіледі.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мүгедек қайтыс болғанда немесе Астана қаласының тіркелімінен шығарылғанда тоқтатылады.
Осы стандарттың
3-қосымшасына
сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден мына жағдайларда:
1. еңбектік мертігудің салдарынан;
2. егер сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарды пайдаланудың белгіленген мерзімінен бұрын өтініш берілсе;
3. егер мiндеттi гигиеналық құралдарды пайдаланудың белгіленген мерзімінен бұрын өтініш берілсе бас тартылады.
18. Департамент қызметі:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеу;
6) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға жол бермеу;
7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;
8) құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету;
9) белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
10) сыпайы және әдепті болу қағидаларына негізделеді.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажеттілігі кезінде тұтынушы Департаментке, Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 4-кабинетке, ардагерлер мен мүгедектермен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы, телефоны: 21-09-48, электрондық мекен-жайы: deptrud@at.kz. хабарласуына болады.
22. Шағым жазбаша түрде поштамен немесе қолма қол Департаменттің кеңсесі арқылы мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 12-кабинет.
Бөлім бастығы, телефоны: 21-09-48, 4-кабинет.
Электрондық мекен-жайы: deptrud@at. kz.
Директордың орынбасары 23-кабинет, телефоны: 21-54-97
Тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған органның қарауын қажет етсе, ол Астана қаласы әкімінің орынбасарына жазбаша шағым жолдауына болады.
23. Департаментке келіп түскен шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған тәртібі мен мерзімінде жүзеге асырылады.
Шағым жазған кезде тұтынушыға қабылдау туралы белгісі қойылған екінші данасы беріледі.
Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс. Кеңсе телефоны: 21-22-61.
24. Тұтынушыларды қабылдау Департамент жұмысының белгіленген кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Департамент директоры, 23-кабинет, телефоны: 21-04-92, факс: 21-28-39.
Азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі, сәрсенбі сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін.
Директордың орынбасары, 23-кабинет, телефоны: 21-54-97.
Азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Бөлім бастығы, 4-кабинет, телефоны: 21-09-48.
Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Бөлімнің жұмыс кестесі: азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Астана қаласы әкімінің орынбасары, мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 233-кабинет. Азаматтарды қабылдау кестесі Астана қаласы әкімдігінің жұмыс регламентіне сәйкес. Телефон: 75-21-68.
Астана қаласы әкімінің аппараты. мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, қала Әкімінің сайты www. Astana. kz. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана қаласы, Министрлік үйі, 35-көше, 2-үй, 6-кіре беріс, сайты www. Enbek. kz.
25. Тұтынушылар үшін басқа да пайдалы ақпарат.
Астана қаласы Әкімінің сайты www. аstana. kz.
Мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
1-қосымша
Астана қаласының Жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар департаментінің
директоры
мекен-жайы ________________
___________________________
________________ топ мүгедегі
телефон ___________________
ӨТІНІШ
Сізден міндетті гигиеналық құралдарды-памперстерді, үлкен
дәрет, кіші дәрет қабылдағыштарды (керегін сызу қажет) ___ топ
мүгедегі _______________________________
(мүгедектің тегі, аты-жөні)
мүгедекті оңалту бағдарламасына сәйкес ұсынуды сұраймын.
ҚР ҚК 177-бабының 1, 2, 3-тармақтарымен және 325-бабының
1, 2, 3-тармақтарымен таныстым, жалған және дұрыс емес (жасанды)
ақпараттар мен құжаттарды ұсынуға жауапкершілік жөнінде ескертілді.
Қолы _____________ Мерзімі
_____________
_______________________________ ______________________
құжатты қабылдаған адамның лауазымы қолы
тегі, аты-жөні
Мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
2-қосымша
Астана қаласының Жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар департаментінің
директоры
мекен-жайы ________________
___________________________
________________ топ мүгедегі
телефон ___________________
ӨТІНІШ
Сізден маған ұсынылған мүгедекті оңалту бағдарламасының жеке
картасына сәйкес тифло-техникалық құралдарды (керегін сызу қажет)
беруіңізді сұраймын._______________________________________________
(орнын толтыру құралдарының атауы)
Қолы _____________ Мерзімі _____________
Құжаттарды қабылдаған маманның тегі, аты-жөні________________
Өтініш азамат ______________________________қоса берілген
_________дана құжаттарымен "__" ________200 ___ жылы қабылданды.
__________________________________ ______________________
құжатты қабылдаған адамның лауазымы қолы
тегі, аты-жөні
Мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
3-қосымша
__________________
(кімге жолданады)
___________________________________________________________________
(бас тарту себебін көрсету)
байланысты __________________шешімімен_____________________________
(шешім кіммен шығарылды) (медициналық-әлеуметтік мекеменің
түрін көрсету)
________________________________ресімдеуден бас тартылғандығы
жөнінде хабардар етеміз.
Департамент директорының орынбасары
Мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
4-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік
|
Көрсеткіш-
|
Көрсеткіш-
|
Көрсет-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. құжаттарды тапсырған
|
90 |
90 |
88 |
1.2. қызмет алуды кезекте 40
|
100 |
100 |
100 |
2. Сапасы |
|||
2.1. қызметті ұсыну үдерісі-
|
90 |
85 |
80 |
2.2. құжаттарды лауазымды
|
100 |
100 |
100 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну тәртібі
|
90 |
80 |
76 |
3.2. тұтынушы құжаттарды
|
90 |
85 |
80 |
3.3. интернет арқылы қол
|
90 |
85 |
83 |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі
|
0,5 |
0,2 |
0,03 |
4.2. белгіленген мерзімде
|
90 |
85 |
82 |
4.3. шағымданудың қолданыс-
|
90 |
80 |
74 |
4.4. шағымдану мерзіміне қа-
|
90 |
80 |
68 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. қызметкерлердің сыпайы-
|
100 |
90 |
86 |