"Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын-жайларды жалға беру және оны пайдалану үшін төлемақы алу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 28 наурыздағы N 3-1-516қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 7 қарашадағы N 17-1277қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 3 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 552 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы N 06-178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.02.2012 N 06-178 қаулысымен (қаулының мемлекеттік тілдегі мәтіні РҚАО-ға  түспеген).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы негізінде, "Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 711 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жалға беру және пайдаланғаны үшін өтемақы алу" Астана қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 28 наурыздағы N 3-1-516қ (Астана қаласының Әділет департаментінде 2002 жылғы 11 сәуірде N 186 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тараудың 5-тармағы және 6-тараудың 19-тармағы алынып тасталсын;
      6-тараудың 17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану үшін ақыға уәкілетті орган белгілеген жалға беру ақысы, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының шығындары кіреді.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Әкім                                       И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады