Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N А-2/95 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 25 сәуірде N 3247 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18-бабына сәйкес, "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының  2008 жылға жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын арттыруға құқығы бар мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2008 жылғы 5 наурыздағы N 4С-5-8 шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары О.В.Наймушинға жүктелсін.
      3. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан кейін пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
      4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

       Ақмола облысы әкімдігінің
      2008 жылғы 21 наурыздағы
             N а-2/95 қаулысына 
      қосымша        

Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
      мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдәм бикесі, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, психолог, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, фармацевт, фельдшер, (-зертханашы), провизор.
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшының орынбасары;
      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, медициналық бике, емдәм бикесі, фармацевт, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, нұсқаушы, психолог, тіс дәрігері, әдістемеші.
      3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшының орынбасары, әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің, оның ішінде: жатақхана басшысы, кітапхана, интернат, шеберхана меңгерушісі;
      2) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары: барлық мамандықтар мұғалімдері, тәрбиеші, шебер, оқытушы, әдістемеші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, әлеуметтік оқытушы, оқытушы-психолог, оқытушы-ұйымдастырушы, мұғалім-логопед, мұғалім-дефектолог;
      3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: кітапханашы, жетекші.
      4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшының орынбасары, бөлімше басшысы;
      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: мұражайлардағы қорларды сақтаушы, экскурсовод, ғылыми қызметкер.
      5. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшының орынбасары;
      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: нұсқаушы, әдістемеші, психолог, жаттықтырушы.     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады