Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департментінде 2009 жылғы 24 маусымда № 3323 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № А-10/545 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 18.11.2014 № А-10/545 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 02.10.2014 № А-9/484 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18238-баптарына сәйкес, «Облыстық бюджеттің қаражатынан лауазымдық жалақыларына және тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы № 4С-12-11 шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 02.10.2014 № А-9/484 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
      4. "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 наурызда № А-2/95 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3247 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда "Арқа ажары", "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланған) күші жойыған деп танылсын.
      5. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
      әкімі                                      А.Рау

Ақмола облысы әкімдігінің   
2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244
қаулысына қосымша       

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымшаның атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 02.10.2014 № А-9/484 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
      2) барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдеу бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, психолог, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, фармацевт, фельдшер (зертханашы), провизор.
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме басшысы және басшының орынбасары;
      2) барлық мамандықтағы дәрігерлер, медициналық бике, емдәм бикесі, фармацевт, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, нұсқаушы, психолог, тіс дәрігері, әдістемеші.
      3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, интернат пен шеберхананың меңгерушісі;
      2) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдардың лауазымдары: барлық мамандықтардың мұғалімдері, тәрбиешi, шебер, оқытушы, әдістемеші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, әлеуметтік оқытушы, оқытушы-психолог, оқытушы-ұйымдастырушы, мұғалім-логопед, мұғалім-дефектолог;
      3) кітапханашы, жетекші.
      4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      2) мұражайлардағы қорларды сақтаушы, экскурсовод, ғылыми қызметкер, мұрағатшы.
      5. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
      2) нұсқаушы, әдістемеші, психолог, жаттықтырушы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады