Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 22.04.2013 № А-3/161 қаулысымен.
" Өсімдіктер карантині туралы " Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның 2008 жылғы 25 ақпандағы N 05-06-236 ұсынысы негізінде, Еңбекшілдер ауданының аумағында орманның қауіпті карантиндік зиянкесі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын оқшаулап шектеу және жою мақсатында Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орман шаруашылығының залалданған алқаптары көлемінде Еңбекшілдер ауданының аумағында қосымшаға сәйкес карантиндік режим енгізе отырып карантиндік аймақ белгіленсін.
2. Еңбекшілдер ауданының аумағында орманның карантиндік зиянкесі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын оқшаулап шектеу және жою бойынша карантиндік режим енгізу жөніндегі қоса берілген іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемелері және Еңбекшілдер ауданының әкімі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын толық жойғанша жыл сайын 15 қарашаға қарай облыс әкімдігіне осы қаулының орындалуы туралы ақпарат тапсырып отырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
5. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
N а-3/119 қаулысына қосымша
Еңбекшілдер ауданның орман шаруашылығында залалданған аудан
р/с N |
Орман шаруашылығы атауы |
Залалдану көлемі, гектар |
1 |
2 |
3 |
1 |
Бұланды |
4217,5 |
Барлығы: |
4217,5 |
Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
N а-3/119 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Еңбекшілдер ауданының аумағында орманның карантиндік зиянкесі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын оқшаулап шектеу және жою бойынша карантиндік режим енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
N |
Шаралардың атауы |
Орындау мерзімі |
Орындалуына жауаптылар |
1 |
Орман пайдаланушылары арасында карантиндік режим мәселелері, жібек көбелегінің (бұдан әрі - карантиндік объект) ошақтарын анықтау, оқшаулап шектеу және жою бойынша талаптардың мүлтіксіз орындалуы жөнінде ұйымдастыру - түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету |
карантиндік объектілердің ошақтарын |
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемелері |
2 |
Карантиндік шараларды насихаттау: |
карантиндік объектілердің ошақтарын толық жойғанша |
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемелері және Еңбекшілдер ауданының әкімі |
3 |
Еңбекшілдер ауданының елді мекендері мен орман алқаптарында карантиндік объекті ошақтарын анықтауға мониторингтік іс-шараларды жүргізу |
вегетациялық кезең |
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемелері және Еңбекшілдер ауданының әкімі |
4 |
Карантиндік объектіге қарсы химиялық өңдеу |

5 |
Қазақстан Республикасының қолданыстағы |