Зеренді ауданының аумағында карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақты белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 сәуірдегі N А-3/122 қаулысы. Ақмола облысының әділет басқармасында 2008 жылғы 15 мамырда N 3249 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 28.05.2021 № А-5/270 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның 2008 жылғы 25 ақпандағы N 05-06-236 ұсынысы негізінде, Зеренді ауданының аумағында орманның қауіпті карантиндік зиянкесі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын оқшаулап шектеу және жою мақсатында Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орман шаруашылығының залалданған алқаптары көлемінде Зеренді ауданының аумағында қосымшаға сәйкес карантиндік режим енгізе отырып карантиндік аймақ белгіленсін.

      2. Зеренді ауданының аумағында орманның карантиндік зиянкесі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын оқшаулап шектеу және жою бойынша карантиндік режим енгізу жөніндегі қоса берілген іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемелері және Зеренді ауданының әкімі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын толық жойғанша жылсайын 15 қарашаға қарай облыс әкімдігіне осы қаулының орындалуы туралы ақпарат тапсырып отырсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

  Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 11 сәуірдегі
N а-3/122 қаулысына қосымша

Зеренді ауданның орман шаруашылығында
залалданған аудан

р/с N

Орман шаруашылығы атауы

Залалдану көлемі, гектар

1

2

3

1

Бұқпа

5039,7

2

Куйбышевское

10453,4

3

Кіші-Түкті

2739,7

Барлығы:

18232,8

  Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 11 сәуірдегі
N а-3/122 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ

Зеренді ауданының аумағында орманның карантиндік зиянкесі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын оқшаулап шектеу және жою бойынша карантиндік режим енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

N

Шаралардың атауы

Орындау мерзімі

Орындалуына жауаптылар

1

Орман пайдаланушылары арасында карантиндік режим мәселелері, жібек көбелегінің (бұдан әрі - карантиндік объект) ошақтарын анықтау, оқшаулап шектеу және жою бойынша талаптардың мүлтіксіз орындалуы жөнінде ұйымдастыру - түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету

карантиндік объектілердің ошақтарын толық жойғанша

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемелері және Зеренді ауданының әкімі

2

Карантиндік шараларды насихаттау: семинар-кеңестерге қатысу; халыққа кеңес беру және әңгімелесу өткізу; теледидарда және бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат жүргізу

карантиндік объектілердің ошақтарын толық жойғанша

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемелері және Зеренді ауданының әкімі

3

Зеренді ауданының елді мекендері мен орман алқаптарында карантиндік объекті ошақтарын анықтауға мониторингтік іс-шараларды жүргізу

вегетациялық кезең бойы

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемелері және Зеренді ауданының әкімі

4

Карантиндік объектіге қарсы химиялық өңдеу

5

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес карантинге жататын тиісті өнімді облыс аумағынан тыс шығару кезінде бақылауды қамтамасыз ету

карантиндік объектілердің ошақтарын толық жойғанша

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемелері және Зеренді ауданының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады