Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 15 шілдедегі N А-5/295 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 8 тамызда N 3260 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № А-9/396 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № А-9/396 қаулысымен

      Ескерту. Атауы өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2008.10.28 № А-7/453 қаулысымен

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-4 бабына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелері бекітілсін.

       Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2008.10.28 № А-7/453 қаулысымен
      2. Аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізуге арналған арнайы стационарлық үй-жайларды белгілесін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.С. Әбдірайымовқа жүктелсін.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.01.26 № А-1/18 қаулысымен (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      4. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

       Ақмола облысы әкімдігінің
        2008 жылғы 15 шілдедегі
  № а-5/295 қаулысымен
        бекітілген 

       Ескерту. Атауы өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2008.10.28 № А-7/453 қаулысымен   

Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелері

1. Жалпы ережелері

      1. Осы Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-4 бабына сәйкес әзірленді және Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларда орналастыру тәртібі мен оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерін белгілейді.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2008.10.28 № А-7/453 қаулысымен
      2. Осы Ережелер эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының барлығына, соның ішінде алыс және жақын шетелден әкелінетіндеріне де қатысты.
      3. Осы Ережелерде төмендегі ұғымдар пайдаланылады:
      1) эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімі - тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қозғайтын баспасөз басылымы;
      2) арнайы стационарлық үй-жай - эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімі өткізілетін іргетасы мен қабырғаларына нұқсан келтірместен бұзуға келмейтін ғимарат, құрылыс немесе оның бір бөлігі.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.01.26 № А-1/18 қаулысымен (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

2.  Арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасу тәртібі

      4. Арнайы белгіленген стационарлық үй-жайлар:
      балаларға арналған және оқу орындарының, мемлекеттік мекемелердің, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің ғимараттарының, діни ғұрыптар орындалатын ғимараттар қоршауынан, қоршауы болмаған жағдайда ғимараттардан;
      сәулет және тарихи ескерткіштерден радиусы 100 метрден астам аумақта орналастырылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.01.26 № А-1/18 қаулысымен (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

3. Арнайы стационарлық үй-жайларда эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізудің тәртібі

      5. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары арнайы стационарлық үй-жайларда мөлдір ораммен буылып-түйілген күйінде ғана сатылады.
      6. Алынып тасталды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.01.26 № А-1/18 қаулысымен (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      7. Алынып тасталды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.01.26 № А-1/18 қаулысымен (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)

4. Жауапкершілік

      8. Осы мақсатқа арнайы бөлінбеген орындарда эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сатуды және таратуды жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады