"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 тамыздағы N А-6/357 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 4 қыркүйекте N 3269 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № а-2/68 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.03.10 № а-2/68 қаулысымен
      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына, "Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М. Бекмағамбетовке жүктелсін.

      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

      Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 21 тамыздағы
N А-6/357 қаулысымен
бекітілген     

"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт тұрғын үй көмегін тағайындау (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді. Мемлекеттік қызмет тұрғын үйді (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстауға, жеке меншік тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органымен жалданған тұрғын жайды пайдалану үшін жалгерлік төлемге, коммуналдық қызметтерді пайдалануға және қалалық телекоммуникация желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақы көтерілу бөлігінде байланыс қызметтеріне төлеуге аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады.
      2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағы, тұрғын үй көмегін беру тәртібі мен көлемін анықтайтын аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілетті органдардың шешімдері (бұдан әрі - аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарының шешімдері) негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет "Аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде" мемлекеттік мекемелерімен (бұдан әрі мәтін бойынша - Бөлім) өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі. Бөлімдердің толық атауы, қызметті көрсету орны, электрондық мекен-жайы және веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет тұрғын үйді (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстауға, коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтерге төлеу шығындары аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарының шешімдерімен анықталатын отбасының жиынтық табысының рұқсат етілген шекті үлесінен артық келетін аз қамтамасыз етілген отбасыларға(азаматтарға) (бұдан әрі  - өтініш берушілер) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) өтініш берушілермен қажетті құжаттарды тапсыру сәтінен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 күннен аспауы тиіс;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт 40 минуттан аспауы тиіс;
      3) құжаттарды алу кезінде кезек күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт 40 минуттан аспауы тиіс.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бөлімдердің ақпараттық стендтерінде және веб-сайттарда орналастырылған. Бөлімдердің мекен-жайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты ақпарат көзі ретінде облыстық "Арқа ажары", "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланады.
      10. Мемлекеттік қызмет сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін күн сайын көрсетіледі, демалыс күндері - сенбі, жексенбі және мереке күндері, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Бөлімдердің ғимараттарында көрсетіледі. Бөлімдердің үй-жайларында күту залдары бар, құжаттарды дайындау орындары қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері берілген стендтермен жабдықталған, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар жасалып, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарының шешімдерімен белгіленеді.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші белгіленген үлгідегі өтініш толтырады. Бөлімдердің мекен-жайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      14. Өтініш берушілер қажетті құжаттарымен тұрғылықты жері бойынша Бөлімдерге өтініш жасайды. Бөлімдердің мекен-жайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берушімен қажетті құжаттар тапсырылғандығын тіркеу күні мен уақыты, құжаттарды қабылдап алған маманның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон растайды.
      16. Мемлекеттік қызмет нәтижесін жеткізу тәсілі - өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Бөлімге жеке баруы немесе пошталық байланыс арқылы. Бөлімдердің мекен-жайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      17. Өтініш берушінің құжаттарды берген кезде толық емес мәліметтерді және (немесе) дәйексіз мағлұмат беру мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Бөлімдердің қызметі келесі қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтік парызын орындау кезіндегі заңдылық;
      3) сыпайылық;
      4) толық және барынша толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және құпиялылық;
      6) өтініш беруші белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыстың нәтижелері

      19. Бөлімдердің жұмыс нәтижелері осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін Бөлімдердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекітіледі.  

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі бойынша түсініктемені және шағым дайындауға жәрдемді Бөлімдердің бастықтарынан немесе олардың орынбасарларынан алуға болады. Электрондық поштаның мекен-жайлары, телефон нөмірлері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      22. Шағымдар байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Бөлімдерге, "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесіне беріледі. Мемлекеттік бөлімдері атаулары, электрондық поштаның мекен-жайлары, атына шағым берілетін лауазымды тұлғалар осы Стандарттың 24-тарауында көрсетілген.
      23. Өтініш берушіге берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны және оның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайды.

6. Байланыс ақпараты

      24. Бөлімдер мен Басқарма бастықтарының және олардың орынбасарларының, жоғары тұрған ұйымдардың байланыс деректері:
      1) веб-сайт, электрондық поштаның мекен-жайы, заңды мекен-жайы, телефоны, Бөлім бастықтарымен және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесі осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      2) "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі, 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, А.С. Пушкин атындағы көше, 23, 301-кабинет, веб-сайты www.akmo.kz, электрондық поштаның мекен-жайы akmout@mail.online.kz , телефон 8(7162)7636 90.
      Қабылдау кестесі:
      басқарма бастығы - дүйсенбі, бейсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін;
      басқарма бастығының орынбасары - сәрсенбі, бейсенбі, сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін;
      басқарма бастығының орынбасары - бейсенбі, сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.
      3) Ақмола облысының әкімдігі, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83, веб-сайты www.akmo.kz.
      25. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу мәселесі бойынша қосымша ақпаратты "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінде ала алады. 

"Тұрғын үй көмегін тағайындау"
мемлекеттік қызмет  
көрсетудің стандартына 
1 қосымша      

Ақмола облысының аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің байланыс деректері

N
р/с

Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің атаулары

Заңды  мекен-жайы, қабылдау уақыты Бөлімдердің бастықтары мен олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері

Байланыстелефоны

Электрондық мекен-жайы, веб-сайты

1

"Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақкөл ауданы,
Ақкөл қаласы,  Нyрмағамбетов көшесі, 81 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71638)-2-10-48

Sobes_akkol@gcvp.kz,www.akmol.kz

2

"Аршалы ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі

Аршалы ауданы, Аршалы селосы,
Ташенов көшесі, 47 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71644)-2-13-76

Arshaly_rotz@rjrshetau.online.kz, www.akmol.kz

3

"Астрахан ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Астрахан ауданы,
Астраханка селосы, Әл-Фараби көшесі,50  азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71641)-2-25-34

Astr_socz@kokshetau.online.rz, www.akmol.kz

4

"Атбасар ауданының  жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы,
Уәлиханов көшесі, 9  азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8(71643)-4-28-07

Atb_rotzisn@kokshetau.online/kz, www.online.kz

5

"Бyланды ауданының  жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Бyланды ауданы, Макинск қаласы,
Некрасов көшесі, 19 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8(71646) -2-21-38

Bulandy_rozsp 15k@mail.kz, www.akmol.kz

6

"Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл селосы, Жеңіс көшесі, 6 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71642)-2-15-44

Egindykol_ozsp@mail.ru,
egindyk.akmol.kz

7

"Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 64 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71639)-2-21-29

enbekrotz@mail.kz,
www.akmol.kz

8

"Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесі

Ерейментау ауданы,
Ерейментау қаласы,
Кенесары көшесі, 87  азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71633)-2-11-73

eremzsp@kokshetau.online.kz,http://www.ereymen.kz/

9

"Есіл ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Есіл ауданы, Есіл қаласы,
Қонаев көшесі, 5
азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71647)-2-16-57

sobes@kokshetau.online.kz, www.akmol.kz

10

"Жақсы ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Жақсы ауданы,
Жақсы селосы,
Дружба көшесі, 3
азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71635)-2-13-00

soc_zanita_21@kokshetau.online.kwww.jaksy.kz

11

"Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Жарқайың ауданы,  Державинск қаласы, Ленин көшесі,32 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71648)-9-17-02

Sobes_derzhavinsk@gcvp.kz,www.akmol.kz

12

"Зеренді ауданының  жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Зеренді ауданы, Зеренді селосы,
Бейбітшілік көшесі, 64 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71632)-2-11-68

zer_cz@kokshetau.online.kz,byx@kokshetay.online.kzwww.akmol.kz

13

"Қорғалжын ауданының  жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын селосы,
Балғамбаев көшесі, 9
азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71637)-2-11-83

kszn@kokshetau.online.kz,http://akmol.kz/admin.html

14

"Сандықтау ауданының  жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Сандықтау ауданы,
Балкашино селосы, Ленин көшесі, 117 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71640)-9-17-43

Sondyktau_OZSP@kokshetau.online.kz,www.sand.akmol.kz

15

"Целиноград ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Целиноград ауданы, Ақмол селосы, Гагарин көшесі, 15 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71651)-3-11-10

Otdel_zan@mail.kz,
www.akmol.kz

16

"Шортанды ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шортанды ауданы, Шортанды кенті,
Абылайхан көшесі, 22 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71631)-2-19-75

shortsobez@mail.ru,
www.akmol.kz

17

"Щучье ауданының  жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Щучье ауданы, Щучинск қаласы,
8 март көшесі, 24 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(716-36)-4-27-68

depart@koksetau.online.kz,www.burabau-akimat.kz

18

"Степногорск
қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Степногорск қаласы, 4 ықшам ауданы  азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71645)6-26-336-20-30

soc-progr@yandex.ru,www.akmol.kz

19

"Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Көкшетау қаласы,
Локомотивная көшесі, 9а. азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(7162) -31-92-76
31-92-81

Sobes_kokshe@kokshetau.online.kz,http://www.zakupki.
akmol.kz

"Тұрғын үй көмегін тағайындау"
мемлекеттік қызметті   
көрсетудің стандартына   
2-қосымша         

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есеп  беру жылындағы ағымдағы мәні

1. Мерзімділігі

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100

98

97

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

95

92

91

2. Сапа

2.1. Қызметті
ұсыну үдерісінің
сапасына қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

95

91

88

2.2. Құжаттарды
лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100

98

97

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті
ұсыну тәртібі
туралы сапаға
және ақпаратқа
қанағаттанған
тұтынушылардың %(үлесі)

95

90

86

3.2. Тұтынушы
құжаттарды дұрыс
толтырған және
бірінші реттен
тапсырған
оқиғалардың %
(үлесі)

85

78

75

3.3. Интернет
арқылы қол
жетімді қызметтерінің ақпарат %
(үлесі)

50

35

19

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің
осы түрі бойынша қызмет
көрсетілген
тұтынушылардың
жалпы санына
негізделген
шағымдардың %
(үлесі)

0,1

0,009

0,2

4.2. белгіленген
мерзімде қаралған және қанағаттандырылған
негізделген
шағымдардың %
(үлесі)

100

97

94

4.3. шағымданудың
қолданыстағы
тәртібіне
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90

87

82

4.4. шағымдану
мерзіміне
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90

86

81

5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

100

96

93

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады