Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.04.02 № а-4/103 қаулысымен
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына, "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса берілген "Жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Рау
Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 5 желтоқсанда
N а-9/534 қаулысымен
бекітілген
"Жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу"
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет). Жерді тұрақты пайдалану құқығының актісі (бұдан әрі – акт) жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрын жүргізу мақсатында жер телімінің сәйкестендіру сипаты бар сәйкестендіру құжаты.
2. Көрсетілетін қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-бабы 9-тармағы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма), "Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының жер қатынастары бөлімдерімен" (бұдан әрі – Бөлімдер) көрсетіледі. Бөлімдердің толық атаулары, қызмет көрсететін орындары, электрондық мекен-жайы мен веб-сайты осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы мемлекеттік мекеменің пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сатпаев көшесі 1, корпус "Б", 245 кабинет, электрондық мекенжайы: uzo_akm@mail.ru.
5. Жерді тұрақты пайдалану құқығына берілген акті көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш берушілер) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттармен өтінішті тапсырған сәттен бастап - 15 күнтізбелік күн ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте күту уақытының ұзақтығы шамамен 40 минут;
3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең шектеулі уақыты, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде сияқты шамамен 40 минут.
8. Мемлекеттік қзымет ақалы түрде көрсетіледі. Ақы "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі" мемлекеттік мекемесімен бекіткен бағаларға сәйкес төленеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Басқарманың және Бөлімдердің ақпарат стендтерінде және www.akmo.kz ресми сайтында орналастырылған. Бөлімдердің мекен-жайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты ақпарат көзі ретінде облыстық "Арқа ажары", "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланады.
10. Мемлекеттік қызмет сағат 13.00-ден бастап сағат 14.00-ге дейінгі түскі үзілісі мен сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын-ала жазусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты орны бойынша Басқарманың және Бөлімдердің жайларында көрсетіледі. Бөлімдердің жайларында күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар бар, қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгісі келтірілген стендтермен жарақтандырылған, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін лайықты жағдайлар жасалып, қауіпсіздіктері қамтамасыз етілген.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
12. Өтініш берушіге мемлекеттік қызмет алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш (сәйкестендіру құжатын дайындауға);
2) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы облыстық, аудандық (облыстық маңызды қалалық) жергілікті атқарушы органның қаулысы;
3) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі (СТН);
4) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
5) жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді дайындаған үшін төлем төленгенігі туралы түбіртек.
13. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтінімдер еркін үлгіде толтырылады.
14. Өтініш және қажетті құжаттар осы Стандарттың 1-қосымшасында мекен-жайлары көрсетілген Басқармаға және Бөлімге тапсырылады.
Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы мемлекеттік мекеменің пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сатпаев көшесі 1, корпус "Б", 251 кабинет.
15. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берушімен қажетті құжаттар тапсырылғандығын тіркеу күні мен уақыты, құжаттарды қабылдап алған маманның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон растайды.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жеткізу тәсілі - тұрғылықты орны бойынша Басқармаға және Бөлімге өтініш берушінің жеке келуі. Бөлімдердің мекен-жайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы мемлекеттік мекеменің пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сатпаев көшесі 1, корпус "Б", 245 кабинет.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту немесе тоқтата тұру үшін осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбағаны негізі деп табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Басқарманың және Бөлімдердің қызметі келесі қағидаларға негізделеді:
1) адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;
2) заңдылық;
3) сыпайылық;
4) толық және дәйекті ақпарат ұсыну;
5) құпиялық пен ақпараттың сақталуы;
6) өтініш берушінің белгіленген мерзім ішінде ала алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
4.Жұмыстың нәтижелері
19. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін Басқарманың және Бөлімдердің қызметі бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні арнайы құрылған жұмыс тобымен жыл сайын бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі бойынша түсініктемені және шағым дайындауға жәрдемді Басқарманың және Бөлімдердің бастықтарынан алуға болады. Электрондық поштаның мекен-жайлары, телефон нөмірлері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
22. Шағымдар байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Бөлімдерге, "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне беріледі. Мемлекеттік органдардың атаулары, электрондық поштаның мекен-жайлары, атына шағым берілетін лауазымды тұлғалар осы Стандарттың 24-тарауында көрсетілген.
23. Өтініш берушіге берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны және оның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайды.
6. Байланыс ақпараты
24. Бөлімдер мен Басқарма бастықтарының, жоғары тұрған ұйымдардың байланыс деректері:
1) веб-сайт, электрондық поштаның мекен-жайы, заңды мекен-жайы, телефон, Бөлім бастықтарымен азаматтарды қабылдау кестесі осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген;
2) "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі: 020000, Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы, Сатпаев көшесі 1, "Б" корпусы, 245 іс бөлімі, электрондық поштаның мекен-жайы: uzo_ akm@mail.ru, телефон 8 (7162) 253471.
Басқарма бастығының қабылдау кестесі: бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін;
3) Ақмола облысының әкімдігі: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83, веб-сайты www.akmo.kz.
24. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу мәселесі бойынша қосымша ақпаратты "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінен қосымша ақпарат алуына болады.
"Жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу"
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
Ақмола облысының аудандық (қалалық)
жер қатынастары бөлімдерінің байланыс деректері
№ |
Аудандық |
Заңды мекен-жайы, |
Байланыс телефоны |
Электрондық мекен-жайы,веб-сайт |
1. |
"Ақкөл ауданының жер қатынастары |
Ақкөл ауданы, |
8(71638)-2-25-48 |
AAB 2006@ mail.ru, |
2. |
"Аршалы ауданының жер қатынастары |
Аршалы ауданы, |
8(71644) -2-13-568(71644) -2-29-98 |
Arshaly_org83@mail.ru, www.akmol. |
3. |
"Астрахан ауданының бөлімі жер қатынастары |
Астрахан ауданы, |
8(71641) -2-37-198-71641) -2-38-65 |
Astr_ZM@mail. |
4. |
"Атбасар |
Атбасар ауданы, |
8(71643)-2-43-71 |
Atbasar _oko@ mail.ru. www.akmol. |
5. |
"Буланды |
Бұланды ауданы, |
8(71646) -2-38-15 |
Guzob@ rambler. ru. www.akmol. |
6. |
"Егіндікөл ауданының жер |
Егіндікөл ауданы, |
8(71642) -2-15-10 |
Egindykol_ozsp@mail.ru www.akmol. |
7. |
"Енбекшілдер ауданының жер |
Енбекшілдер ауданы, |
8(71639)-2-14-73 |
Ozo enbek@mail.ru www.akmol. |
8. |
"Ерейментау ауданының жер |
Ерейментау ауданы, |
8(71633) -2-12-74 |
eremen_zem@mail.ru www.akmol. |
9. |
"Есіл ауданының жер қатынастары |
Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев қөшесі, 5. Азаматтарды қабылдау кестесі:күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін |
8(71647) -2-16-47 |
esilirina@mail.ru www.akmol. |
10. |
"Жақсы ауданының жер қатынастары |
Жақсы ауданы, Жақсы селосы, Дружба қөшесі, 3. Азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі - сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, сәрсенбі – сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін |
8(71635) -2-20-11 |
Jaks_zem@mail.kz www.akmol. |
11. |
"Жарқайың ауданының жер |
Жарқайын ауданы, Державинск қаласы, Захаров қөшесі, 16. Азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі, бейсембі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін |
8(71648) -9-23-87 |
Jaks_zem@mail.kz www.akmol. |
12. |
"Зеренді |
Зеренді ауданы, Зеренді селосы, Мира қөшесі, 81. Азаматтарды қабылдау кестесі:күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін |
8(71632) -2-11-878(71632) -2-19-91 |
akim_zer @kokshetau.online.kz, www.akmol. |
13. |
"Қорғалжын ауданының жер |
Қорғалжын ауданы, Қорғалжын селосы, Балғамбаев қөшесі, 9. Азаматтарды қабылдау кестесі:күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін |
8(71637) -2-16-21 |
korgakim@mail. kz www.akmol. |
14. |
"Сандықтау ауданының жер |
Сандықтау ауданы, |
8(71640) -9-13-56 |
Sond_ akimat@mail.kz www.akmol. |
15. |
"Целиноград ауданының жер |
Целиноград ауданы, |
8(71651) -3-11-24 |
apparat@mail.kz,www. |
16. |
"Шортанды ауданының жер |
Шортанды ауданы, |
8(71631) -2-26-40 8(71631) -2-18-80 |
shortandyzem@mail.ru, |
17. |
"Щучье ауданының жер қатынастары |
Щучье ауданы, Щучинск қаласы, Аблайхан қөшесі, 34. Азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін |
8(71636) -4-22-89 8(71636) -4-31-99 |
Zem_com@mail .kz, www.burabau-akimat.kz |
18. |
"Cтепногорск қаласының жер |
Степногорск қаласы, 4-ықшам ауданы, №1 ғимарат. Азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін |
8(71645) -6-17-968(71645) -6-25-12 |
Zem.step@ma il.ru www.akmol.kz |
19. |
"Көкшетау қаласының жер |
Көкшетау қаласы, Абай қөшесі, 89. Азаматтарды қабылдау кестесі:күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін |
8-(7162) -5-18-808-(7162) -5-46-798-(7162) -5-35-56 |
Akimat_kokshetau@mail. ru , http://www.zakupki.akmol.kz |
"Жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу"
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
2-қосымша
Сапа және қол жететімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жеттімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі |
Көрсеткіштің есеп беру жылындағы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Мерзімділігі |
|||
1.1. құжатты тапсырған |
100 |
98 |
97 |
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын |
100 |
99 |
98 |
2. Сапа |
|||
2.1. қызметті ұсыну |
95 |
95 |
91 |
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген |
100 |
99 |
98 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну |
95 |
94 |
92 |
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) |
85 |
80.4 |
75.9 |
3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің |
50 |
23 |
|
4.Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет |
0,1 |
0,008 |
0,02 |
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және |
100 |
99 |
98 |
4.3. шағымданудың |
95 |
94 |
92 |
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған, |
95 |
94 |
92 |
5.Сыпайлық |
|||
5.1. қызметкерлердің сыпайылығына |
99 |
98 |
97 |