Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 13 желтоқсандағы N A-9/561 қаулысы және Ақмола облысының мәслихаты 2008 жылғы 13 желтоқсандағы N 4С-11-16 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 19 қаңтарда N 3297 тіркелді

      1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3 , 11 баптарына сәйкес, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы № а-3/44 қаулысы мен Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2008 жылғы 17 наурыздағы № С-6/7 «Кейбір елді мекендерді тарату және Еңбекшілдер ауданының есепті мәліметтерінен шығару туралы» шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының кейбір елді мекендері  тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты таратылсын:
      Кеңащы селолық округінің Қарасор селосы;
      Бірсуат селолық округінің Тассу селосы;
      Мамай селолық округінің Итемген селосы.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
       Ақмола облысының әкімі            А. Рау

      Ақмола облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы              Б. Оспанов

      Ақмола облыстық
      мәслихаты хатшысының м.а.         Г. Марченкова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады