"Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы № а-6/339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № А-9/571 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 21 қаңтарда № 3301 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № А-6/358 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.03.10 № А-6/358 қаулысымен
      Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы №а-6/339 қаулысына (нормативтік құқықтық актiлерiнiң Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 3275 болып тіркелген, «Акмолинская правда» газетінде 2008 жылғы 4 қазанда, «Арқа ажары» газетінде 2008 жылғы 4 қазанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартында:
      12-тармағында «туу туралы куәлігі» деген сөздер «туу туралы куәліктің көшірмесі» сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі                      А. Рау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады