"Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы N А-6/339 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 12 қыркүйекте N 3275 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № а-2/68 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.03.10 № а-2/68 қаулысымен

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына, "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М. Бекмағамбетовке жүктелсін.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                            А. Рау

Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 11 тамыздағы
N а-6/339 қаулысымен
бекітілді     

"Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну, оларды протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету және оны пайдалануға үйретуді қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды.
      2. Көрсетілетін қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңындағы 22-банының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" N 754 қаулысымен бекітілген (Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету Ережесінің) негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет "Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлімдер) өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі. Бөлімдердің толық атаулары, қызметті көрсету орны, электрондық мекен-жайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген.
      5. Протездік-ортопедиялық көмек ұсынуға жолдама беру мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет келесі жеке тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш берушілер) көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге;
      3) ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдарға;
      4) жалпы аурудан мүгедек болғандарға;
      5) бала жасынан мүгедектерге;
      6) мүгедек балаларға.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      мемлекеттік қызмет өтініш берушімен құжаттарды тапсыру сәтінен 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде көрсетіледі;
      өтініш берушімен тапсырылған қажетті құжаттарды тіркеуде және электрондық сауал қалыптастыруда кезекте күтуге рұқсат етілетін уақыт 40 минуттан аспайды;
      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алу кезінде кезекте күтуге рұқсат етілетін уақыт 40 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бөлімдердің ақпараттық стендтерінде және веб-сайттарда орналастырылған. Бөлімдердің мекен-жайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты ақпарат көзі ретінде облыстық "Арқа ажары", "Акмолинская правда" газеттерде жарияланады.
      10. Мемлекеттік қызмет 09.00-ден 18.00-ге дейін күн сайын көрсетіледі, демалыс күндері - сенбі, жексенбі және мереке күндері, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Бөлімдердің ғимараттарында көрсетіледі. Бөлімдердің үй-жайларында күту залдары бар, құжаттарды дайындау орындары қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері берілген стендтермен жабдықталған, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар жасалып, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      өтініш;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін - туу туралы куәліктің көшірмесі;
      мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін - мүгедекті жеке оңалту бағдарламасы (үзіндінің көшірмесі);
      мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Бөлімдермен берілетін нысан бойынша өтінішті толтыру қажет. Бөлімдердің мекен-жайлары осы Стандартың 1 қосымшасында көрсетілген.
      14. Толтырылған өтініш және қажетті құжаттар мекен-жайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Бөлімге тапсырылады.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берушімен қажетті құжаттар тапсырылғандығын тіркеу күні мен уақыты, құжаттарды қабылдап алған маманның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон растайды.
      16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі - өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Бөлімге жеке баруы немесе пошталық байланыс арқылы. Бөлімдердің мекен-жайлары осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген.
      17. Осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің жоғы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға негіз болады.
       Ескерту. 12 тармаққа өзгертулер енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2008.12.26 № А-9/571 қаулысымен  

  3. Жұмыс принциптері

      18. Басқарма қызметі келесі қағидаларға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтік парызын атқарудағы заңдылық;
      3) сыпайылық;
      4) толық және түпкілікті ақпарат беру;
      5) ақпараттың қорғалуы және құпиялығы;
      6) өтініш беруші белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету. 

4. Жұмыс қорытындылары

      19. Өтініш берушілерге көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін Бөлімдердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдау тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі бойынша түсініктемені және шағым дайындауға жәрдемді Бөлімдердің бастықтарынан немесе олардың орынбасарларынан алуға болады. Электрондық поштаның мекен-жайлары, телефон нөмірлері осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген.
      22. Шағымдар байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Бөлімдерге, "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі- Басқарма) беріледі. Мемлекеттік органдардың атаулары, электрондық поштаның мекен-жайлары, атына шағым берілетін лауазымды тұлғалар осы Стандарттың 24-тарауында көрсетілген.
      23. Өтініш берушіге берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны және оның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайды. 

6. Байланыс ақпараты

      24. Бөлімдер мен Басқарма бастықтарының және олардың орынбасарларының, жоғары тұрған ұйымдардың байланыс деректері:
      1) веб-сайт, электрондық поштаның мекен-жайы, заңды мекен-жайы, телефоны, Бөлім бастықтарымен және олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесі осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      2) «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, А.С.Пушкин атындағы көше, 23, 301-кабинет, веб-сайты www.akmo.kz, электрондық поштаның мекен-жайы akmout@mail.online.kz , телефон 8(7162)7636 90.
      Қабылдау кестесі:
      басқарма бастығы - дүйсенбі, бейсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін;
      басқарма бастығының орынбасары - сәрсенбі, бейсенбі, сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін;
      басқарма бастығының орынбасары - бейсенбі, сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.
      3) Ақмола облысының әкімдігі, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83, веб-сайты www.akmo.kz.
      25. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу мәселесі бойынша қосымша ақпаратты "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінде ала алады.

"Мүгедектерді протездік-ортопедиялық
көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік қызмет көрсетудің  
стандартына 1 қосымша        

Ақмола облысының аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің байланыс деректері

N
р/с

Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің атаулары

Заңды  мекен-жайы, қабылдау уақыты Бөлімдердің бастықтары мен олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері

Байланыстелефоны

Электрондық мекен-жайы, веб-сайты

1

"Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақкөл ауданы,
Ақкөл қаласы,  Нyрмағамбетов көшесі, 81 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71638)-2-10-48

Sobes_akkol@gcvp.kz,www.akmol.kz

2

"Аршалы ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі

Аршалы ауданы, Аршалы селосы,
Ташенов көшесі, 47 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71644)-2-13-76

Arshaly_rotz@rjrshetau.online.kz, www.akmol.kz

3

"Астрахан ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Астрахан ауданы,
Астраханка селосы, Әл-Фараби көшесі,50  азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71641)-2-25-34

Astr_socz@kokshetau.online.rz, www.akmol.kz

4

"Атбасар ауданының  жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы,
Уәлиханов көшесі, 9  азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8(71643)-4-28-07

Atb_rotzisn@kokshetau.online/kz, www.online.kz

5

"Бyланды ауданының  жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Бyланды ауданы, Макинск қаласы,
Некрасов көшесі, 19 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8(71646) -2-21-38

Bulandy_rozsp 15k@mail.kz, www.akmol.kz

6

"Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл селосы, Жеңіс көшесі, 6 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71642)-2-15-44

Egindykol_ozsp@mail.ru,egindyk.akmol.kz

7

"Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 64 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71639)-2-21-29

enbekrotz@mail.kz,www.akmol.kz

8

"Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесі

Ерейментау ауданы,
Ерейментау қаласы,
Кенесары көшесі, 87  азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71633)-2-11-73

eremzsp@kokshetau.online.kz,http://www.ereymen.kz/

9

"Есіл ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Есіл ауданы, Есіл қаласы,
Қонаев көшесі, 5
азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71647)-2-16-57

sobes@kokshetau.online.kz, www.akmol.kz

10

"Жақсы ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Жақсы ауданы,
Жақсы селосы,
Дружба көшесі, 3
азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71635)-2-13-00

soc_zanita_21@kokshetau.online.kwww.jaksy.kz

11

"Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Жарқайың ауданы,  Державинск қаласы, Ленин көшесі,32 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71648)-9-17-02

Sobes_derzhavinsk@gcvp.kz,www.akmol.kz

12

"Зеренді ауданының  жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Зеренді ауданы, Зеренді селосы,
Бейбітшілік көшесі, 64 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71632)-2-11-68

zer_cz@kokshetau.online.kz,byx@kokshetay.online.kzwww.akmol.kz

13

"Қорғалжын ауданының  жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын селосы,
Балғамбаев көшесі, 9
азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71637)-2-11-83

kszn@kokshetau.online.kz,http://akmol.kz/admin.html

14

"Сандықтау ауданының  жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Сандықтау ауданы,
Балкашино селосы, Ленин көшесі, 117 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71640)-9-17-43

Sondyktau_OZSP@kokshetau.online.kz,www.sand.akmol.kz

15

"Целиноград ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Целиноград ауданы, Ақмол селосы, Гагарин көшесі, 15 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71651)-3-11-10

Otdel_zan@mail.kz,www.akmol.kz

16

"Шортанды ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шортанды ауданы, Шортанды кенті,
Абылайхан көшесі, 22 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71631)-2-19-75

shortsobez@mail.ru,www.akmol.kz

17

"Щучье ауданының  жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Щучье ауданы, Щучинск қаласы,
8 март көшесі, 24 азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(716-36)-4-27-68

depart@koksetau.online.kz,www.burabau-akimat.kz

18

"Степногорск
қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Степногорск қаласы, 4 ықшам ауданы  азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(71645)6-26-336-20-30

soc-progr@yandex.ru,www.akmol.kz

19

"Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Көкшетау қаласы,
Локомотивная көшесі, 9а. азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

8-(7162) -31-92-76
31-92-81

Sobes_kokshe@kokshetau.online.kz,http://www.zakupki.
akmol.kz

"Мүгедектерді протездік-ортопедиялық
көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік қызметті көрсетудің 
стандартына қосымша        

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есеп беру жылындағы ағымдағы мәні

1.Мерзімділігі

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100

96,6

93,6

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

95

93,6

91,9

2. Сапа

2.1. Қызметті
ұсыну үдерісінің
сапасына қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

95

92,4

89,4

2.2. Құжаттарды
лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100

97

94

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті
ұсыну тәртібі
туралы сапаға
және ақпаратқа
қанағаттанған
тұтынушылардың %(үлесі)

95

92,3

89,4

3.2. Тұтынушы
құжаттарды дұрыс
толтырған және
бірінші реттен
тапсырған
оқиғалардың %
(үлесі)

85

82,4

79,7

3.3. Интернет
арқылы қол
жетімді қызметтерінің ақпарат %
(үлесі)

50

37,2

31,4

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің
осы түрі бойынша қызмет
көрсетілген
тұтынушылардың
жалпы санына
негізделген
шағымдардың %
(үлесі)

0,1

0,1

0,1

4.2. белгіленген
мерзімде қаралған және қанағаттандырылған
негізделген
шағымдардың %
(үлесі)

100

92,9

90,6

4.3. шағымданудың
қолданыстағы
тәртібіне
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90

88,8

86,5

4.4. шағымдану
мерзіміне
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90

88,8

86,5

5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

100

98,7

96,7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады