Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.03.10 № А-6/358 қаулысымен
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы №а-6/336 қаулысына (нормативтік құқықтық актiлерiнiң Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 3266 болып тіркелген, «Акмолинская правда» газетінде 2008 жылғы 9 қыркүйекте, «Арқа ажары» газетінде 2008 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартында:
«Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 2-қосымшасында:
«Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні» кестесінде:
3.2. жолы мынадай редакцияда берілсін:
«
3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) |
85 |
80,4 |
75,9 |
».
2. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Облыс әкімі А. Рау