Степногорск қаласы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 4 маусымдағы N а-6/214 қаулысы. Ақмола облысы Степногорск қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 30 маусымда N 1-2-90 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск каласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № а-10/539 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Акмола облысы Степногорск каласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № а-10/539 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына, Қазақтан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабына сәйкес әлеуметтік көмекке мұқтаж тұлғаларға жәрдем көрсету мақсатында, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын ұйымдар мен кәсіпорындар тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      3. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелеген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының қолдануы 2008 жылдың 1 қаңтарында пайда болған құқық қатынастарына таралады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.Ә.Сәдуақасоваға жүктелсін.

      Степногорск қаласының
      әкімі                                      А.Никишов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақмола облысының
      Денсаулық сақтау
      басқармасының
      «Степногорск қалалық
      орталық ауруханасы»
      мемлекеттік мекемесінің
      бас дәрігері                               Ж.Мусин

Степногорск қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 4 маусымдағы № а-6/214
қаулысына
қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын
құратын ұйымдар мен кәсіпорындардың тізбесі

Ұйымдар мен кәсіпорындардың аталуы

Орындар
саны

1.

«Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концерні» акционерлік қоғамы

2

2

«Степногорск тау-кен химиялық комбинаты» жауакершілігі шектеулі серіктестігі

2

3

«Степногорск подшипник зауыты» акционерлік қоғамы

2

4

«Целингормаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1

5

«Джет-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3

6

«МашзаводМұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1

7

«Степногорск көлік басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1

8

«Степногорск қалалық орталық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

1

9

«Степногорск қалалық емхана» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

1

10

«Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2

11

«Степногорск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2

12

Балалар музыка мектебі

1

13

«Степногорск аймақтық туберкулезге қарсы диспансері» мемлекеттік мекемесі

1

14

«ЕЦ-166/18 мекемесі» мемлекеттік мекемесі

1

15

«Руслан и Жанна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2

16

Матюшенко жеке кәсіпкері

1

17

«Рассвет» пәтерлер иелері копперативі

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады