Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2008 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 наурыздағы N а-3/48 қаулысы. Ақмола облысы Бұланды ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 17 сәуірде N 1-7-65 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № а-02/257 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы  әкімдігінің 2010.02.19 № а-02/257 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13-тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-2 тармақшасына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындық көретін мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектерге жалпы жұмыс орындарынан үшпайыздық жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
      2. Бұланды ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ұсынылып отырған ұйымдар мен жұмыс орындарының тізбесі бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2008 жылғы 3 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарда қолданылады.
      5. Осы қаулы Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және аудандық газетте ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының әкімі                    Е.Б. Нұғыманов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Бұланды аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері             Ғ.Қ.Сәдуақасов

      "Бұланды аудандық білім бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі меңгерушісінің
      міндетін атқарушы                                С.Т.Азнабаева

      "Бұланды аудандық емханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазынашылық
      кәсіпорнының бас дәрігері                        О.Г.Букарь

      Бұланды дәрігерлік-әлеуметтік
      мекемесінің директоры                            В.П.Нечитайло

      "Бұланды аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        К.Н.Есмағамбетова

      Қазақ зағиптар қоғамы Ақмола филиалы
      Бұланды аудандық бастауыш ұйымының
      төрағасы                                         С.Қ.Әкімбаев

      "Бұландынский каменный
      карьер" жауапкершілігі шектеулі
      серіктестігінің директоры                        Т.Е.Шоланов

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 9 наурыздағы № а-3/48
қаулысымен бекітілген

Бұланды ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ұсынылып отырған ұйымдар мен жұмыс орындарының тізбесі

№ р/с

Ұйымдар атауы

жұмыс орындары саны

1.

«Бұланды аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесі

2

2.

«Бұланды аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

6

3.

«Бұланды аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорыны

1

4.

Бұланды дәрігерлік-әлеуметтік мекемесі

1

5.

Қазақ зағиптар қоғамы Ақмола филиалы Бұланды аудандық бастауыш ұйымы

4

6.

«Бұландынский каменный карьер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады