Тізімге алу уақытында жастары он жеті жасқа толатын ер азаматтарды шақыру учаскесі тізіміне алынуының жүргізілуі туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жаркайың ауданы әкімінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 14. Ақмола облысы Жарқайың ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 21 қаңтарда № 1-12-99 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің 2010 жылғы 6 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайын ауданы әкімінің 2010 жылғы 6 қаңтардағы № 2 шешімімен.
      «Әскері міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі заңының 17-бабына сәйкес, азаматтардың есепке алынуының ұйымшыл және сапалы қамтамасыз етілуі мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2009 жылғы қаңтар-наурыз айларында Жарқайың ауданының аумағындағы есепке алу Державин қаласы Социалистік көшесі, 37 мекен жайымен орналасқан «Ақмола облысы Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөнінде біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тізімге алу уақытында жастары он жеті жасқа толатын ер азаматтарды шақыру учаскесі тізіміне алуының жүргізілсін.
      2. «Ақмола облысы Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) Жарқайың ауданының әкімдігіне тіркеу жөнінде комиссия құрамының тізімін бекіту үшін тапсыру ұсынылсын.
      3. Ауылдық округтер, Державин қаласының әкімдері, ұйымдардың басшылары азаматтарға жергілікті әскери басқарма органдарына олардың тізімге алынуы және шақырылуы жөнінде міндетті түрде хабарласын.
      4. Жарқайың ауданының «Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қажеттілік жағдайында азаматтардың тізіге алынуын жүргізу үшін қызмет көрсететін персоналдың, техникалық жұмыкерлердің бөлінуін қамтамасыз етсін.
      5. «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Ақмола облысы ішкі істер Департаментінің Жарқайың ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндетін орындаудан бас тартып жүрген тұлғалардың іздестірілуін және асыру ұсынылсын.
      6. «Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармсының жанындағы Жарқайың аудандық емханасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесіне (келісім бойынша) тізімге алынған азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандардың іріктелуін жүргізу ұсынылсын.
      7. «Ақмола облысы Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) әскерге шақырушылардың әскери есепке алу күй жайы туралы аудан әкіміне мәлімет ұсыну ұсынылсын.
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.
      9. Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 4 «Тізімге алу уақытында жастары он жеті жасқа толатын ер азаматарды шақыру учаскесіне тізіміне алынуының жүргізілуін ұйымдастыру және қамтамсыз ету туралы» шешімі күші жоғалған болып танылсын (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеуі Аумақтық Тізімінде №  1-12-81 тіркелген, 2008 жылдың наурызында № 12 «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған).
      10. Осы шешім Жарқайың ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының
      әкімі                                      А. Қалжанов

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      «Қазақстан Республикасы
      ішкі істер Министірлігі
      Ақмола облысы ішкі істер
      Департаментінің Жарқайың
      ауданының ішкі Істер
      бөлімі»                                    А.Ш.Сұрағанов

      «Ақмола облысы Жарқайың
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі Біріккен бөлімі»
      Мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Д.Б.Ділдебаев

      «Ақмола облысы денсаулық
      сақтау басқармасының жанындағы
      Жарқайың аудандық емханасы»
      Мемлекеттік комуналдық
      қазыналық мекемесінің
      бас дәрігері                               Ж.Қ.Сейдахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады