Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің 2010.11.08 № 12 шешімімен.
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде 1993 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың «Ақмола облысы Жарқайың ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің «Тізімге алу уақытында жастары он жеті жасқа толатын ер азаматтарды шақыру учаскесі тізіміне алынуының жүргізілуі туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 14 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-12-99 тіркелген, 2009 жылдың 23 қаңтарында аудандық «Целинное знамя» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.
4. Осы шешім Жарқайың ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының
әкімі А.Қалжанов
КЕЛСІЛГЕН:
«Ақмола облысы Жарқайың
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі біріккен бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Б.Ділдебаев