1992 жылы туған азаматтарды, сол сияқты алдында тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды "Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі учаскесінде тіркеу өткізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 21 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 8 қаңтарда № 1-13-84 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 шілдедегі № 08 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2009.07.10 № 08 шешімімен

       Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 08 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына және Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33, 7 баптарына сәйкес, 1992 жылы туған азаматтарды, сол сияқты алдында осы есепке тұрмаған жасы үлкен азаматтарды әскери есепке алу үшін, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен дене шынығуының дайындық деңгейін айқындау мақсатында, аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркеуді өткізу кезеңіне аудандық шақыру учаскесі «Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мына мекен жайда құрылсын: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Совет көшесі, 24.
      2. 2009 жылдың қантар-наурыз аралығында аудандық шақыру  учаскесіне жасы он жетіге толған 1992 жылы туған ер азаматтарды тіркеу өткізілсін.
      3. Ауыл және ауылдық округтердің әкімдеріне, ұйым басшыларына:
      1) «Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 1992 жылы туған 2009 жылы шақыру учаскесінде тіркеуден өткізілуге тиісті ер жігіттердің тізімін тапсырсын;
      2) әскерге шақыру учаскесіне тіркеу бойынша аудандық комиссияға 1992 жылы туған азаматтарды, сол сияқты алдында тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды жеке шақыру қағаздарында белгіленген мерзімінде келуін қамтамасыз етсін.
      4. Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаментінің жанындағы «Жақсы аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылықкәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды тіркеу бойынша аудандықкомиссияның қарамағына азаматтарды медициналық куәландырылуын өткізу үшін қажетті тәжірибелі дәрігерлерді, мамандарды және орта медициналық қызметшілерді бөлсін;
      5. Кәсіпорын, мекемелеріне және ұйым басшыларына меншік  нысанына қарамастан және ауданның оқу орындарына әскерге шақыру учаскесіне тіркелетін азаматтарды тіркеу бойынша аудандық комиссияда тіркеуден өту уақытында жұмыстан және оқудан босату ұсынылсын.
      6. «Ақмола облысы Жақсы ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісе отырып әскери есепке тұруға келмеген тұлғаларды уақытында іздестірсін.
      7. «Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуден өткізу барысы және қорытындысы туралы аудан әкімдігіне жүйелі түрде ақпарат беру ұсынылсын.
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Бралинаға жүктелсін.
      9. Осы шешім Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік  тіркеуден өткен күнінен және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудан әкімі                        И.Қабдуғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақмола облысы
      Жақсы ауданының
      Ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А.Жапаров

      «Ақмола облысы
      Жақсы ауданының
      Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Н.Мельников

      Ақмола облысы
      Денсаулық сақтау
      Департаментінің жанындағы
      «Жақсы аудандық емханасы»
      мемлекеттік коммуналдық
      қазынашылық кәсіпорнының
      бас дәрігері                               Н.Усина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады